рухани жангыру и пром революция каз

Еңбек ұжымымен кездесті

 

 

Жамбыл-жылу


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ел дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарды насихаттау, ынталандыру мақсатында ұсынылған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» тізіміне енген жерлесіміз Сембек Сейдәзімов онлайн дауыс беруде 26 352 дауыспен республика бойынша екінші орын алған болатын. «Кирпичник» ЖШС директоры, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты», «Парасат» орденінің иегері өзінің қайырымдылық істерімен, адалдығымен және әділдігімен ел арасында танымал. Жиынды ұйымдастырған «Жамбыл-Жылу» КММ-нің қоғамдық кеңесі мен аталмыш мекемеге қарасты №7 бастауыш партия ұйымы. Шараны ашып, жүргізген №7 БПҰ төрағасы Ерғали Асанқұлов алдымен жиынның мақсат-міндетіне тоқталды. Ал мекеме басшысының орынбасары Берікхан Ниязқұлов мекеменің жетістіктері мен атқарылған жұмыстарын тілге тиек етті. Кеш қонағы Сембек Әбітайұлы шара барысында қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, жоба туралы айтып берді.

 


– Бағдарлама аясында жеңімпаз болып, жүздіктің қатарына еніп, елінің қошеметіне бөленген түрлі сала үздіктерін Мемлекет басшысы қабылдап, еңбегі ерен, ойы терең азаматтарға алғысын білдіріп, емен-жарқын әңгімелесіп, еліміздің өркендеуі жолында еңбек ете берулеріне тілектестігін білдірген болатын. Аталмыш жобаға Жамбыл жерінен сегіз азамат қосылған-ды. Соның бірі болуым – маған артылған сенімнің жүгі деп білемін, – деді Сембек Сейдәзімов.

 


Еркін форматта өткен кездесуде жоба жеңімпазы ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, жастар арасындағы бірқатар өзекті мәселе тұрғысында да өз ойын ортаға салды. Жиын аяқталғаннан кейін мекеме қызметкерлері мен жоба жеңімпазы жөндеу механикаландырылған шеберхананың жұмысымен танысты.

 


Арайлым Шабденова

 

 

Ақпараттар ағыны

Қазақстан, Қытай мен Ресейдің ірі энергетикалық компанияларының өкілдері қатысқан табиғи газбен жүретін көліктердің халықаралық автошеруі Тараз қаласына табан тіреді. Қытай Халық Республикасының шығысында орналасқан Жудун қаласынан Қазақстан арқылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласына бағыт алған автошеру ұзындығы 9881...
Қала күні қарсаңында «Jambyl -Taraz» газетінің редакциясы қалалық әкімдіктің қолдауымен үш түрлі байқау жариялайды. Тарихтың айнасына айналған Тараздың қасиет... 1. «Менің киелі Таразым» жас суретшілер байқауына қылқаламды жанына серік еткен бүлдіршіндер қатыса алады. Бұл кезеңде балғындар екі мыңжылдық...
Кім болмасын, ұрпағының салиқалы, білімге құштар, толыққанды азамат болып қалыптасқанын қалайды. Сол себепті кейбір отбасылар перзентінің тілі шыққан... «Бұрын ләңгі теуіп, доп қуып асыр салып ойнаушы едік» деген аға буынның бүгінгі уайымы – компьютерге телмірген балалардың...
ҚР Конституциясы күніне орай, облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Жамбыл облысы әкімінің кубогы... «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен дүбірлі доп додасына республика көлеміндегі телеарналар мен басылымдардан құралған 11 команда қатысып, өзара кім...
Тараз готов к зиме – утверждают коммунальные службы. Прошлая зима деликатно напомнила всем нам, что полагаться на теорию глобального потепления пока рановато. Температуры января-февраля побили все...
Оңтүстік өңірде Тараз, Шымкент қаласынан кейінгі газбен жабдықтау желілері жаңғыртылып, ауыстырылып жатқан екінші қала. Ал көне шаһарда газ тарату... ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен...
Сентябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00