рухани жангыру и пром революция каз

Мүмкіндіктер межесі

 

7 От идей к созиданию

 Шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат, партия қалалық филиалы төрағасы, қала әкімі Рүстем Дәулет, қалалық филиалдың БПҰ мүшелері, делегаттар, партия ардагерлері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Жиында күн тәртібіне Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттер мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХІ конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер шығарылды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша партия қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Рүстем Дәулет хабарлама жасап, Елбасының биылғы Жолдауында айқындалған ең басты он бағыт еліміздің өркендеуі мен мемлекетіміздің дамуына және ұлтымыздың болашағына жол ашатындығын тілге тиек етті. Бас құжатта Елбасы жаңа әлемге жету жолын табу үшін 10 негізгі міндеттермен қатар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына бастайтын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындап, дамудың жаңа белесін бағындыруды көздеп отырғанын айтып, негізгі басымдықтар мемлекеттің болашағы үшін жасалған қадам екенін елге жеткізу қалалық партия ұйымына, партия активі мен партияның жергілікті мәслихаттардағы депутаттық фракциясы және бастауыш партия ұйымдарына жүктелетін үлкен міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ филиал төрағасы «Нұр Отан» партиясының ХVІІ съезінде қабылданған партияның Сайлауалды бағдарламасында баршаға арналған инновациялар – жаңа технологиялық сын-қатерлерге үлкен мән беріле отырып, дүние жүзінде «жаңа технологиялар пакетінің» жинақталғаны және осыған байланысты «Нұр Отан» партиясына жоғары технологияларды дамыту міндеті қойылғанын жеткізді.

 

7 От идей к созиданию7

 

– Жолдаудың екінші басымдығы ресурстық әлеуетті одан әрі дамытуды көздеп отыр. Бұл тармақта Президент табиғи байлықты тиімді пайдалану керектігін жеткізіп, сол мақсатта кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізуге тапсырма берді. Жолдауда «жасыл технологияларға» инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру маңыздылығы айтылып, өңір әкімдеріне шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау тапсырылды. Тараз қаласында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында қала көшелерін жарықтандыру мәселесі – жел мен күн сәулесі энергиясын пайдалануға арналған жоба арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жобаның мақсаты энергия қорын үнемдеп, қауіпсіз әрі тиімді, арзан энергия көзін пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау болып табылады. Бүгінгі таңда эксперимент ретінде Төле би даңғылы мен Әл-Фараби көшесі қиылысындағы бағаналардағы шамдарға 2 түрлі тестілеу жүргізілуде, – деді Рүстем Рысбайұлы.

 

7 От идей к созиданию8

 

Сонымен қатар қала әкімі стратегиялық құжаттың әр бағытына кеңінен тоқталып, ол бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды мәлім етті. Атап айтқанда, жылдың бас құжатының төртінші бағытында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін ары қарай арттыру міндеттелген. Бұл бағытты барша қоғам мен мемлекеттік органдар алдына қойылып отырған аса жауапты міндеттер деп қарау керек. Мәселен, өткен жылы облыс орталығында жалпы ұзындығы 55,475 шақырым жолға жөндеу жұмыстары атқарылып, 35 118 шаршы метр жол шұқырлары ағымды жөнделіп, 476 қала көшелерінің көлік жүретін бөлігіндегі жер асты инженерлік желілерінің құдықтары жөнделген. Сонымен қатар Жолдауда көзделген «Smart city» жобасы аясында қаламызда алғашқы болып, экологиялық қауіпсіз электр-транспорттық паркін құру мақсатында «Higer Quazar» серіктестігі батыл қимылдар жасауда. Яғни биылғы жылы қоршаған ортаға зиянсыз заманауи 20 электроавтобус іске қосылып, қала аумағындағы 2 бағыт бойынша қатынайтын болады. Шаһарда бұдан өзге де атқарылып жатқан ілкімді істер аз емес.

 

7 От идей к созиданию5

 

Шарада «Казфосфат» ЖШС ЖЖФЗ директоры, партия қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Леонид Франкулиди, «Өрлеу» бастауыш партия ұйымы төрайымының орынбасары Гауһар Тәжібаева, «Тараз-Су» мекемесінің директоры, қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшесі Марат Смаилов биылғы жылдың бас құжаты туралы ойларын ортаға салып, өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.

 

7 От идей к созиданию4

 

– Бүгінгі таңда «Тараз-Су» мекемесі халықаралық қаржы ұйымдарынан инвестициясын тарту бағытында Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесе отырып «Тараз қаласының су беру жүйелерін жаңғырту» жобасын іске асыруда. Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесе асыратын жобаның жалпы құны 2673 млн теңгені құрайды, оның ішінде жобаны қолдау мақсатында ҚР Үкіметі тарапынан 945,0 млн теңге, Жамбыл облысы әкімдігінен 400,463 млн теңге қаржы бөлінді. Бұдан өзге, техникалық қолдау мақсатында Техникалық қолдау қорынан 277,7 млн теңге тағы қарастырылып отыр, – дейді Марат Райымбекұлы.

 

7 От идей к созиданию6

 

Сонымен қатар қалалық мәслихат депутаты Бағдат Майлыбаева шаһарда атқарылуы тиіс жұмыстарды айтып, өз ұсынысын жеткізді. Ал партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат биылғы Жолдау «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған құжат екенін және ұзақ мерзімді бағдарламалар өзгеріссіз қала беретіндігін атап өтті.
Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХІ конференциясына делегаттар сайланды.

 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ, Суреттерді түсірген Ю.Ким

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Қазақстан, Қытай мен Ресейдің ірі энергетикалық компанияларының өкілдері қатысқан табиғи газбен жүретін көліктердің халықаралық автошеруі Тараз қаласына табан тіреді. Қытай Халық Республикасының шығысында орналасқан Жудун қаласынан Қазақстан арқылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласына бағыт алған автошеру ұзындығы 9881...
Қала күні қарсаңында «Jambyl -Taraz» газетінің редакциясы қалалық әкімдіктің қолдауымен үш түрлі байқау жариялайды. Тарихтың айнасына айналған Тараздың қасиет... 1. «Менің киелі Таразым» жас суретшілер байқауына қылқаламды жанына серік еткен бүлдіршіндер қатыса алады. Бұл кезеңде балғындар екі мыңжылдық...
Кім болмасын, ұрпағының салиқалы, білімге құштар, толыққанды азамат болып қалыптасқанын қалайды. Сол себепті кейбір отбасылар перзентінің тілі шыққан... «Бұрын ләңгі теуіп, доп қуып асыр салып ойнаушы едік» деген аға буынның бүгінгі уайымы – компьютерге телмірген балалардың...
ҚР Конституциясы күніне орай, облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Жамбыл облысы әкімінің кубогы... «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен дүбірлі доп додасына республика көлеміндегі телеарналар мен басылымдардан құралған 11 команда қатысып, өзара кім...
Тараз готов к зиме – утверждают коммунальные службы. Прошлая зима деликатно напомнила всем нам, что полагаться на теорию глобального потепления пока рановато. Температуры января-февраля побили все...
Оңтүстік өңірде Тараз, Шымкент қаласынан кейінгі газбен жабдықтау желілері жаңғыртылып, ауыстырылып жатқан екінші қала. Ал көне шаһарда газ тарату... ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен...
Сентябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00