рухани жангыру и пром революция каз

Қала өміріне қатысты сауалдар

 

4 Ознакомились и рекомендовали

 


Кеңес төрағасы Қаржаубай Бекболатов ашып, жүргізген жиынның күн тәртібіне 3 мәселе шығарылды. «Тараз қаласы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылдың ақпанындағы №51-4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» бірінші мәселе бойынша қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Дидар Нұрбеков баяндады. Дидар Ғалымжанұлының айтуынша, аталған шешімде Тараз қаласы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер өткізу алаңдары көрсетілген. Атап айтқанда, жиналыстар мен митингілер өткізу алаңына Балуан Шолақ көшесі, №50 «Б» мекенжайында орналасқан «Мамыр» саябағының іргелес алаңы мен Рахимов көшесі, №55 мекенжайындағы қалалық мәдениет үйінің алдындағы алаң белгіленсе, шерулер мен демонстрациялар өткізуге арнайы орын ретінде бірінші маршрут Төле би даңғылынан бастап «Мамыр» саябағына дейін, Балуан Шолақ көшесі, ал екіншісі «Баласағұн» орталық концерт залынан бастап ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін, Төле би даңғылы. Сондай-ақ Жамбыл облысы прокуратурасының 2017 жылғы 9 желтоқсандағы хатына сәйкес қалалық мәслихаттың жоғарыда аталған шешіміне толықтырулар енгізу қажеттігі туындаған.

 


– Бұл хатта жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізуге байланысты шығындар мен іс-шараны өткізу барысында туындаған материалдық шығындар ұйымдастырушылармен өтелетіндігі көрсетілген. Осыған байланысты облыстық прокуратураның және арнайы қызметтер өкілдерінің (өрт сөндіру, жедел жәрдем, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету) қатысуымен өткізілген жиналыс барысында қолданыстағы заң талаптарына және облыстық прокуратурамен ұсынылған әдістемелік ұсынымға сәйкес төлемақының көлемін есептеу бойынша тапсырмалар берілді. Оның нәтижесінде бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Тараз қаласының алаңдарында және көшелерінде өткізілген кезде төленетін қосымша өтемақының есептік мәліметтері әзірленді. Жалпы негізгі мақсат көпшілік жиындар өткізу барысында ұйымдастырушылардың тарапынан туындаған барлық қосымша шығындардың өтелуін реттеу болып табылады, – деді Дидар Нұрбеков.

 


Сонымен қатар Дидар Ғалымжанұлы күн тәртібіндегі екінші мәселе – 2018 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында жоспарланған лот тақырыптарының тізімімен де таныстырды. Осы тұста жобаның жоспарланған қаржысына байланысты Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан түрлі сауалдар туындап, ұсыныстар да айтылды.

 


Ал үшінші мәселе бойынша қала әкімінің бас инспекторы Бақытжан Саданов сөз алып, шаһардағы төтенше жағдайлар, өрт қауіпсіздігі, азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттарды алдын ала хабарлау жүйесінің пәрмендігі және өткен жылы осы тұрғыда өткізілген шаралар туралы мәліметтер берді.

 


– Өткен жылдың 12 айында қала аумағында 281 өрт оқиғасы тіркеліп, материалдық шығын 41 млн 759 мың теңгені құрады. Өрт салдарынан 5 адам қаза болып, 6 адам әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Ал улы газбен улану бойынша 4 факт тіркелсе, шомылу маусымында қала аумағындағы су айдындарында 2 адам суға кетіп, қаза болды. 2016 жылмен салыстырғанда суға кетіп қаза болғандардың саны 4,5 есеге кеміді, – деген бас инспектор төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.

 

Айдана НҰРМАН

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында іскер әйелдер қауымдастығының кезекті басқосуы өтті. Қауымдастықтың өңір бойынша төрайымы Гүлдара Алданышқызының басшылығымен өткен жиын Президенттің халыққа арнаған биылғы Жолдауын насихаттауға арналды. Алғашқы...
Нынешней осенью Тараз не испытывает дефицита одного из самых нужных фруктов. Одна из приятных новостей нынешней осени – высокий урожай яблок, отчего и на рынке их полно, и цены,...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
Жуырда ғана Кенен Әзірбаев есімін алған Жамбыл облыстық филармониясы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Жарты ғасырды алқымдаған өнер... «Тараз Арена» спорт кешенінің алаңында өткен спорттық бәсекеге «Жамбыл» арнасы мен асабалар құрамасы және мәдениет мекемелерінен барлығы 8 команда...
Горожане, задолжавшие за потребленные коммунальные услуги, встретят Новый год в холодных жилищах. Приближается – и весьма уже ощутимо – новый отопительный сезон. Увы, к встрече зимы не все горожане готовы...
Наш город постоянно растет, строятся новые жилые массивы и целые микрорайоны, а в свете реализации программ «Нурлы жер» и... Вопросом качества нового жилья заинтересовались в областном филиале партии «Нур Отан». Была созвана инициативная группа из числа представителей...
Октябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00