ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 каз

Өңір өндірісі өркендеу үстінде

 

4 Прямая связь

 

Халық қалаулылары алдымен «Қазфосфат» ЖШС Тараз филиалы Минералды тыңайтқыштар зауытына бас сұқты. Депутаттарды зауыт жұмысымен кәсіпорын директоры Төлепбек Исаев таныстырды. Ол еліміздегі Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2013 жылы Минералды тыңайтқыштар зауыты моногидрадты қайта өңдеу бойынша күкірт қышқылы цехының құрылысын бастағанын жеткізді. Бүгінде аммофос, трикальцийфосфаты, күкірт қышқылын өндіруде. Зауыттың жылдық қуаттылығы 600 мың тонна болса, жобаның құны 14,4 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның іске қосылуы нәтижесінде 138 жаңа жұмыс орны ашылған. Олардың орташа жалақысы – 84 мың теңге. Сондай-ақ 2016 жылы қосымша «ЭФҚ-1 технологиялық жүйесін қайта құру, жылына 220 мың тонна экстрациондық фосфор қышқылын өндіру» жобасын іске қосты. Жобаның құны 8,2 млрд теңгені құраған.

 


– Өткен жылы 300 мың тонна минералды аммофос өндірдік. Оның 45 пайызы еліміздің әр өңіріне жіберілсе, қалғанын Ресейге өткіздік. Сондай-ақ 17 мың тонна жемдік фосфат өндірдік. Оны Ресей, Өзбекстан және Украина елдеріне жөнелтіп отырмыз. Күкірт қышқылының да өндірісі өркендеп келеді. Мәселен, өткен жылы 600 мың тонна қышқыл шығардық. Бұдан өзге, біз өзімізде электр энергиясын да өндіруді қолға алдық. Оны өзіміз өндірісте пайдаланудамыз. Мұның өзі бізге біраз қаржыны үнемдеуге себеп болып отыр, – дейді Төлепбек Әділбекұлы.

 

4 Прямая связь2

 

Депутаттар мұндағы күкірт қышқылы цехында, экологиялық және техникалық бақылау зертханаларында болып, экстракторлық фосфор қышқылы бөлімшесінің жұмысымен танысты. Халық қалаулылары ондағы жұмысқа оң бағасын берді. Алайда экологиялық жағдайға барынша мән беруді, маңайдағы қала, ауыл тұрғындарының денсаулығына залал келтірмеуді ескертті. Сонымен қатар экологиялық қадағалауды автоматтандыру жүйесіне қосу қажеттігі туралы ұсыныстарын білдірді.

 


Одан кейін мәжілісмендер «Таразкожобувь» серіктестігіне ат басын тіреді. Мұнда 365 адам жаңа жұмыспен қамтылған. 2002 жылы құрылған мекемеде жылына 157 мың жұп былғары аяқ киім шығарылады. Жамбыл облысын және тапсырыс бойынша әскерилерді де етікпен қамтып отыр. Жаңа қондырғылармен жабдықталған серіктестік қазіргі таңда Қырғыз Республикасына да өз өнімдерін жөнелтуде. Себебі мұнда таза былғарыдан жасалған аяқ киімнің ең қымбаты – 18 мың теңге. Бүгінде балалар аяқ киімдерін тіге бастаған кәсіпорын алдағы уақытта әйелдер аяқ киімін шығаруды жоспарлап отыр екен.

 


Мұнан соң депутаттар қала іргесіндегі «Рола-7» ЖШС жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорын 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Тәулігіне 5 тонна макарон, кеспе, жайма өнімдерін шығарады. 165 адам еңбек етеді. Олардың орташа жалақысы – 65-70 мың теңге көлемінде. Депутаттарды компания басшысы Тұрсынбек Нұрбаев жұмыс жағдайымен таныстырды. Бұл кәсіпорын кеспенің 15 түрін шығарады. Жылына мемлекетке 40 миллион теңге салық төлейді екен. Мұнда қытайлық инвестормен келісім негізінде «Рола-Ян» біріккен компаниясы да 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Ол кәсіпорында кеспенің 5 түрі шығарылады. Олар Молдавия, Ресей, Украина, Тәжікстан және Қытай елдеріне жөнелтіледі.

 


Сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Омархан Өксікбаев пен Құдайберген Ержан БАҚ өкілдерінің сұрақтарына да жауап беруге уақыт тапты. Олар Елбасының жаңа Жолдауында 10 бағытта нақты міндеттер жүктелгенін, «Цифрлық Қазақстан», сапалы өмір сүру деңгейі, жұмыспен қамтуды дамыту, еңбек нарығын реттеу мәселелеріне баса көңіл бөлгенін, осы 10 бағытты жүзеге асырсақ, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына жақындай түсетінімізді айтты. Сонымен қатар облысымызда экологиялық тазалықты жақсарту, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану секілді мәселелер бар екенін, оларды шешуге болатынын айтып өтті.

 


– Жамбыл облысы – өндіріс жағынан дамыған өңірлердің бірі. Бүгінде облыста бұрынғы тұралап қалған өндіріс ошақтарының жұмысы жандандырылып, жұмыстарын қайта бастаған. Оның ішінде атап өтерлігі, тері өңдеу мен тыңайтқыштар шығару. Мұндай өндірістердің алға басуы үшін электр энергиясынан ешқандай тапшылық болмауы керек. Осыны түсінген кәсіпорындар оны өздері өндіруде. Сондай-ақ тері өңдеу ісі ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Осы арқылы олар ол саланың да ісін жандандырып отыр. Бір айта кетерлігі, аяқ киімдердің бағасы мен сапасының көңіл қуантатындығы. Сапасы кейбір көрші елдердің өндіретін өнімдерінен әлдеқайда жоғары. Ендігі осы аяқ киімдерді біз өзіміз алуымыз қажет. Ол дегеніміз елімізге құйған инвестициямыз болып табылады, – дейді Құдайберген Төлепұлы.

 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің одан әрі жаңғыруының жалғасы... Елбасы Жолдауының түсінікті он міндеті жаңа технологиялық қалыптың барлық артықшылықтарын пайдаланатын қағидатты түрде жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша...
Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Жамбыл облыстық коалициясының отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына... Жиында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аймақтық коалицияның төрағасы Мұратхан Шүкеев Елбасы Жолдауы Төртінші индустриалды...
Наша область – одна из активных и сильнейших в этом виде боевого искусства. Было время, когда каратэ находилось под запретом, им занимались подпольно. Естественно, об этом виде боевого искусства ходило немало...
Они будут продолжать упорно работать, чтобы вновь выйти в премьер-лигу. Прошедший год для футбольного клуба «Тараз» стал достаточно эмоциональным. Да только вот эмоции, к сожалению, далеко не положительные. Для начала...
Поставщики природного газа инвестируют дополнительные средства на содержание сетей и оборудования. Департамент Комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики РК по Жамбылской области...
Новые шкафные пункты не содержат цветных и ценных металлов. C 2011 года в Таразе продолжается модернизация газовых сетей, проводимая Жамбылским производственным филиалом АО «КазТрансГаз Аймак» (КТГА). Вместо...
Январь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00