ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 каз

«Халықтық заңгер» қызметін алыңыз!

 


Республиканың барлық аймағында өтіп жатқан акция облыстық прокуратура жанындағы құқық қорғау қызметтері орталығында өтті. Айта кетерлігі, мұндай шара еліміз бойынша өткізіліп, республика деңгейінде танымал болған. Оның ұйымдастырушылары – «Параграф» ақпараттық жүйесі мен zakon.kz желілік басылымы. Азаматтардың қабылдауын 31 тәжірибелі заңгер жүргізді. Ал өткен жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылған Құқық қорғау қызметтері орталығына қайырылған 400-ден астам тұрғынның сұрақтары бір сарынды болған. Қарапайым халықтың әр сұрақ бойынша заң қызметкерлеріне жүгінуі кем дегенде 5 мың теңгеден басталады екен. Мұнда құқық саласы бойынша кез кезген сауалға тегін қызмет көрсетіледі.

 


Жоғарыдағы акцияға Еңбек кодексі бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мұрагерлікті қабылдау, зейнетке шығу, автокөлікті есепке тұрғызу, ішкі істер органдарының қылмыстық істерді қарау мерзімдері, жоғалған құжаттарды қалпына келтіру, салықты төлеу тәртібі туралы және көптеген сұрақтар бойынша жүгінгендердің қатары қалың болды. Сондай жанның бірі – қала тұрғыны Светлана Волошина. Ол пәтер мәселесі бойынша заңгердің көмегіне жүгінді. Оның айтуынша, заңгер қажетті мәліметті толық беріп, бағыт-бағдар көрсетіпті. Ал «Азаматтық құқықтарды қорғау жөніндегі комитет» ҚБ медиаторы Талғат Жанүсенов әріптестерімен күнделікті кезекшілікке тұрып, орталыққа қайырылған тұрғындарға тегін көмек көрсететіндіктерін және мұнда түрлі мәселелер оң шешімін тауып жатқандығын жеткізді.

 


– Қайырылушылардың басым бөлігі отбасылық кикілжің, несие, банк мәселелері бойынша жүгінеді. Мәселен, күні кеше орталыққа жұбайлар ортақ мүліктерін бөлісу және арадағы балаларына қатысты сауалдармен келді. Жеке меншік мекемелерден мардымды жауап ала алмаған олар осында қайырылыпты. Екі сағаттан астам уақыт жұбайлардың мәселелерін қарап, жан-жақты шешімнің бар екендігін, оның бағыт-бағдарын көрсетіп, заң жүзінде кеңес бердік. Сөйтіп, тағы бір отбасының бұзылуының алдын алдық. Мұндай жағдайлар бізде көптеп кездеседі, – дейді медиатор.
Аталмыш мекемеде тек бір күн ғана тегін қызмет көрсетілмейді. Мұны көптеген тұрғын біле бермейді дейді сала мамандары.

 


– Біздің орталықтың есігі әрдайым қызмет алушыларға ашық. Барлық қызмет түрі тегін көрсетіледі. Үстіміздегі жылдың 15 желтоқсанында жұмысын бастаған орталыққа бүгінде 480-нен астам адам жүгінген. Сол сұрақтарды сараптап, бүгінгі акцияға 31 сала маманын жинадық. Олар тұрғындарды мазалаған кез келген сұрақтың жауабын береді. Кейбір мәселелер осы жерде шешілсе, енді бірі нұсқау бойынша қажетті мекемеге жіберіледі. Ал акция халықтың сұранысы бойынша алдағы уақытта да өз жалғасын табуы ықтимал, – дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Ғани Абдрахманов.

 

Арайлым Шабденова 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні. Айтулы күн қарсаңында аймақта жемқорлықпен күрес жүргізіп келе жатқан Мемлекеттік қызмет істері... – Мақсұт Ыбрайханұлы, ертеңгі мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймыз! Алғашқы сұрағымызды департамент жұмысының негізгі бағыттарынан бастасақ. Аймақтағы мемлекеттік қызметті...
Государственные служащие блистали талантами, состязаясь в креативе и интеллекте. В преддверии профессионального праздника на базе КГУ «Қоғамдық келісім» состоялся конкурс «Кәсіби кызметкер – кәсіби мемлекет», посвященный 20-летию...
«Тараз-Арена» спорт сарайында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында дәстүрлі облыстық спартакиада өтті. Биылғы шараны облыс әкімдігінің баспасөз қызметі, облыстық дене шынықтыру және спорт және облыстық ішкі саясат басқармалары бірлесіп ұйымдастырыпты.
Участники не пожалели средств на помощь детям. В Казахстане среди госслужащих состоялся общереспубликанский благотворительный забег «Алға басу - движение вперед». Основная цель мероприятия - оказание...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
АО «КазТрансГаз» провело первый этап конкурса «Yздiк маман-2018». В группе компаний АО «КазТранс Газ» дан старт традиционному конкурсу профессионального мастерства рабочих «Лучший по профессии». В этом...
Июнь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00