рухани жангыру и пром революция каз

Пошташылар мерекесін тойлады

41 Почтовый пир на весь мир

 



Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов, қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, «Қазпошта» аумақтық филиалының директоры Болысбек Пірәлі және баспасөз өкілдері мен сала қызметкерлері қатысты.

 


–Құрметті қауым, пошта қызметкерлері! Бүгін біз, дүниежүзілік пошта одағы мерекесінің қарсаңында «Қазпошта» АҚ Тараз қаласындағы сәлемдемелер супермаркеті орталығының ашылуына жиналдық. Қазіргі кезде, облыс бойынша пошта қызметтері арқылы күніне 3 мыңға жуық сәлемдемелер жөнелтіліп қабылданады, яғни күніне 3 мың азамат кезекте тұрып өз уақыттарын жұмсайды деген сөз. Мемлекет тарапынан, азаматтарымызға пошта саласының сапасын арттыру арқылы оңтайлы қызмет атқару мақсатында «Самұрық Қазына» АҚ есебінен 216,0 млн.теңге бөлініп, мұндай орталық Талас ауданында 2018 жылы, ал қалған аудандардың барлығында үстіміздегі жылдың желтоқсан айына дейін өз есіктерін ашады, оның ішінде Қордай, Байзақ және Жамбыл аудандарында жұмыс басталып та кетті. Сәлемдемелер супермаркетінің ерекшелігі азаматтар толығымен электронды түрде өзіне өзі қызмет жасау форматына ауысып, кезекте тұру немесе тиісті қағаз толтыру деген түсініктерден арылады. Сәлемдеме жөнелтіп-қабылдау мәселесі «Азамат-Терминал-Ұяшық» арасында жүрсе, ал сәлемдеменің жөнелтілгені немесе келгені туралы хабарлама әр азаматтың ұялы телефонына келеді, бұл дегеніміз Елбасы тапсырған «Цифрлі Қазақстан» бағдарламасын орындау барысындағы еліміздегі пошта саласының атқарып жатқан жұмыстарының бірі деуге болады, – деген Ғалымжан Райылұлы сәлемдемелер супермаркетін ашық деп жариялады. Айта кетейік, бүгінге дейін облыстық пошталық жөнелтілімдерді жіберу мен қабылдау бойынша 5 сәлемдеме супермаркеті ашылып, жыл соңына дейін тағы 6 сәлемдеме супермаркеті жұмысын бастайтын болады.

 


Ал сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған «Қазпошта» аумақтық филиалының басшысы Болысбек Бөрібекұлы: «Өңірдің пошта байланыс торабы облыс аумағында 26 облыстық және 9 аудандық мерзімді баспа басылымдарына жазылу мен таратуды қамтамасыз етіп отыр», – дей келе, аумақтық филиалмен ұдайы жұмыс атқарып жүрген тұрақты жазылушы мекемелердің басшыларын марапаттады. Сондай-ақ, төл мерекелері қарсаңында қызметтерін мүлтіксіз орындаған Абзал Егізбайұлы, Қарлығаш Мелдебекова, Алтынай Ақшалова, Айсұлу Умирзакова, Эльмира Сыздықова, Құралай Жаңабаева, Жазира Іңкәрбекова, Камила Әбжаппарова, Қаршыға Артықбаева, Айзада Ералиева, Қаламқас Айтжанова және бірқатар сала мамандары Құрмет грамотасына ие болды. Концерттік бағдарламамен өрілген мерекелік шарада жергілікті баспасөз құралдарының өкілдеріде қызметтік әріптестіктері үшін «Қазпошта» АҚ аумақтық ұжымына алғысын білдіріп, бірлікте жұмыс жасайтындығын жеткізді. Шара соңында жергілікті баспасөз құралдары туралы жазылушылармен сұрақ-жауап сайысы дайындалып, жеңімпаздар түрлі сыйлықтарға қол жеткізді.

 

Толғанай АТАБАЙ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Өңірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымен Бақытжан Әбдірұлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2007 жылы құрылып, содан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып...
2011 жылдың 12 қарашасында тараздықтардың төбесінен жай түсірген қанды оқиға орын алды. Қаныпезер лаңкес Қариев дүйім жұртты дүр сілкіндіріп,... Тәулік ішінде қылмыскер 7 адамның, соның ішінде 5 құқық қорғау органдарының қызметкерінің өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстар жасады. 3...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00