рухани жангыру и пром революция каз

Серғали Айдапкелов:«Еңбек адамына құрмет жоғары»

 

 

2 еңбек адамына құрмет жоғары


- Жаңа Еңбек Кодексі қандай мақсатта қабылданды ?

 


- Елімізде экономиканың қарқынды дамуына байланысты қолданыстағы Еңбек Кодексін ҚР Конституциясында белгіленген принциптермен қатар, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынымдары мен конвенцияларына, халықаралық еңбек стандарттарының талаптарына сәйкестендіру қажет болды. Кодексте жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынасы саласына мемлекеттің араласу шеңберлері нақты анықталған және тараптардың тең болуын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, еңбек қатынастары субъектілерінің рөлі мен жауапкершілігін бөлген. Мемлекет өз тарапынан қызметкерлерге базалық кепілдіктер мен өтемақыларды төменгі еңбек стандарттарын, негізгі құқықтары мен міндеттерін белгілеп, олардың жұмыс берушілер тарапынан орындалуына қатаң бақылау жүргізеді. Жұмыс беруші мен қызметкерлердің ара қатынастары ұжымдық келіссөздер және олардың арасындағы келісімдер мен шарттар арқылы жасалатын болады. Яғни, еңбек ұжымдарында еңбек қатынастары саласында өзін- өзі басқару жүйесі қалыптасатын болады.

 



- Жаңа Еңбек Кодексінде жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзудың негіздері ұлғайтылған, соған тоқтала кетсеңіз?

 



- Қолданыстағы Еңбек Кодексінде жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзудың 19 негізі қарастырылған болса, енді ол 25-ке дейін ұлғайтылды.
Еңбек Кодексінде жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзудың қосымша негіздері мынадай жағдайларда қарастырылған:
- кәсіпорынның экономикалық жағдайын әлсіретуге алып келген өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің азаюы.
Бүгінгі күннің болмысын ескере отырып, экономикалық дағдарыс жағдайында жұмыс беруші еңбек шартын бұзуда осы негізді қолдануға құқығы бар.
Бірақ мынадай шарттарды сақтауы керек:
-құрылымдық бөлімшенің жабылуы (цех, учаске);
-қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігі болмаған жағдайда;
-қызметкерлер өкілдерін еңбек шартын бұзу үшін негіз болған себептерді көрсете отырып кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерту (жұмыс берушінің экономикалық тұрғыдан өзгеруі мен еңбек шартын бұзу қажеттілігінің арасында тікелей байланыс болғанда).

 


Аталған жағдайда еңбек шартын бұзу кезінде, жұмыстан айрылуына байланысты екі айға орташа еңбекақы мөлшерінде өтемақы төлеу қарастырылған. Ал бұрынғы Еңбек Кодексінде жалпы негізде қысқарту жағдайында тек бір айға өтемақы төлеу қарастырылған.

 


Сондай-ақ, жаңа Еңбек Кодексінде Қазақстан Республикасы заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлермен еңбек шартын тоқтатуға жұмыс берушінің құқығы қарастырылып, еңбек шартын тоқтату тәртібі нақты реттелген. Яғни, зейнеткерлік жасқа жету, азаматтық қызметшілермен қатар, мемлекеттік және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерімен еңбек қатынастарын тоқтату үшін негіз болып табылады. Жұмыс беруші аталған негізді қолдану барысында, қызметкерге бір ай бұрын хабарлама беріп, еңбек және ұжымдық шартпен және (немесе) жұмыс беруші актісімен анықталған мөлшерде оған өтемақы төлей отырып, еңбек шартын бұзу тәртібін сақтауға міндетті. Сонымен бірге, зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкермен еңбек шартын жыл сайын ұзарту мүмкіндігі бекітілген.
Кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету аса өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымда еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауап беретін қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімдерін тексеруден қайтадан өтпеуі еңбек шартын бұзуға негіз болады.



- Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 25 тармақшасында көзделген негіз- қызметкердің жұмыс берушіге белгісіз себептермен жұмыста бір айдан астам уақыт болмауы.
- Жаңа негіз қызметкердің жұмыс берушіге белгісіз себептермен бір айдан астам уақыт жұмыста болмауы себепті еңбек шартын бұзуға негіз болады.
- Осы негіз бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыс беруші қызметкердің жұмыста болмағаны туралы актіні хабарламасы бар хатпен жұмыскерге жіберген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жұмыскер болмау себептері туралы ақпаратты ұсынбаған кезде жол беріледі.

 



- Жұмысшыларға еңбекақы төлеуге қатысты мәселеге тоқталсаңыз?

 



- Еңбекке ақы төлеу мәселелерінде мемлекет бұрынғыдай айлық және сағаттық жалақының ең аз мөлшеріне, мерзімінен тыс және түнгі уақыттағы жұмыс үшін төлемге, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс үшін төлемге кепілдік беретін болады. Жаңа Еңбек Кодексінде жұмыс беруші ұжымдық шартты жасау арқылы қызметкерлер өкілдерінің бастамасымен немесе жұмыс беруші актілерін қабылдау арқылы қызметкерлер жалақысының түрін, жүйесін және мөлшерін таңдау мәселесін шеше алады. Қызметкерлердің еңбекақысын төлеу бөлігіндегі нормалардың маңыздылығына байланысты еңбек және ұжымдық шартқа сәйкес оны көбейту құқығымен қызметкердің күндізгі (сағаттық) мөлшерлемесіне сүйене отырып, мерзімінен тыс уақыттағы, мереке және демалыс күндеріндегі және түнгі уақыттағы еңбегіне бір жарым мөлшерден кем емес ақы төлеудің бірыңғай жүйеленген мөлшері белгіленді.

 



- Еңбек демалысын беруде қандай өзгерістер бар ?

 



- Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының бір бөлігі жұмыскердің еңбек шартында көзделген демалыс ұзақтығы күнтізбелік екі аптадан кем болмауға тиіс. Бұл Халықаралық Еңбек Ұйымының 132 Конвенциясына сәйкес, қызметкердің демалуы мен денсаулығын сақтауға кепілдік беру болып табылады.

 



- Мамандарды жұмысқа қабылдағанда сынақ мерзімін белгілеуге қатысты өзгерістер бар ма ?

 



- Еңбек шартын жасасқан кезде еңбек шартында жұмыскердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі еңбек шартының қолданылуы басталған кезден басталады. Сынақ мерзімі жұмыскердің жұмыс өтіліне қосылады және үш айдан аспауға тиіс. Ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлер мен олардың орынбасарлары, филиалдар, ұйымдар өкілдіктерінің басшылары үшін сынақ мерзімі алты айға дейін ұзартылуы мүмкін. Жалпы, жұмыс берушімен еңбек қатынастары саласында құқық бұзушылық орын алған жағдайда оның жауапкершілігін көтеру үшін Әкімшілік Кодексінің 86,87,97 баптарына толықтырулар енгізіліп отыр.

 


- Әңгімеңізге рахмет!


Сұхбаттасқан Ерман Әбдиев.

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Өңірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымен Бақытжан Әбдірұлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2007 жылы құрылып, содан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып...
2011 жылдың 12 қарашасында тараздықтардың төбесінен жай түсірген қанды оқиға орын алды. Қаныпезер лаңкес Қариев дүйім жұртты дүр сілкіндіріп,... Тәулік ішінде қылмыскер 7 адамның, соның ішінде 5 құқық қорғау органдарының қызметкерінің өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстар жасады. 3...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00