рухани жангыру и пром революция каз

Бала арманын қанаттандырады

 

62 Окно в будущее1

 

Қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов жаңа аудитория жұмысымен танысып, тың жобаның қала жастарының кемелденуіне серпін беретіндігін алға тартты.


– Қазір қоғамның барлық саласы сандық технологияға негізделіп жатыр. Жоба арқылы жастар бүгінгі сұранысқа ие мамандықтарды игеруге мүмкіндік алады. Әсіресе, робототехника, бағдарламалау мамандықтары қоғамдық сананы да жаңғыртуға негіз болады. Мұнда цифрлық бағытта білім алуға бар жағдай жасалған. Балалардың қазіргі заманғы бәсекеге сай білім алуына мүмкіндік жасау мақсатында елімізде бүгінде қызу жұмыс жүріп жатыр. Білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған бастаманың жалғасы деп білеміз, – дейді қала әкімі Ғалымжан Райылұлы. Айта кетейік, аталмыш саяси партияның бастамашыл жобаларын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында партия Төрағасының Бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың келісімі және партия облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі А.Мырзахметовтің бекітуімен желілік кесте жасалған. Желілік кестеде жыл соңына дейін 12 ІТ-сынып ашу жоспарланған. Соның ішінде Тараз қаласында екі ІТ сынып ашу жоспарланып, жүзеге асты. Салтанатты шарада ІТ-сыныптың жұмысымен №30 мектеп-гимназиясының директоры Рахия Есеева және ІТ-сынып сабақ беретін мұғалім Адай Рахбаев жан-жақты таныстырып, түсіндірді.


– ІТ-сыныпта 10 оқушы, 1 мұғалімге арналған барлық құрал-жабдықтары және компьютерлермен қамтамасыз етілген. Интернетке қосылған. Сонымен қатар, ІТ-сыныпта оқушылардың сабақ оқуымен робототехника және 3D модельдеу үстелдері құрал-жабдықтарымен орналасқан. ІТ-сыныпта оқушылар 3 модульден тұратын оқу бағдарламасымен оқиды. Және оқушылар 1-ші оқу модулінде бағдарламалауды, «Скрейтч», «Питон», «Си++», «Жава», 2-ші оқу модулінде робототехниканы және «Лего» және «Арудинно», 3-ші оқу модулінде 3D модельдеуді игереді. Сондай-ақ «Аутодеск», «Скетч ап», «Солидоркс» бағдарламаларын меңгеріп шығады, – дейді ІТ-сынып меңгерушісі Адай Аманғалиұлы. Ал өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков тың жобаның Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарына қатысуға партияның толық дайын екенін көрсететінін атап өтті. Аудитория жұмысын барлаған қала басшысы бағдарламаны меңгеруге талпынған оқушылардың да жұмысымен танысты. Мәселен, онда аталмыш оқу ордасының оқушылары үйдің макеті мен теннис ойынының жаңа үлгісін назарға ұсынды.

 

Толғанай АТАБАЙ

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Отечественный бизнес глубоко пустил корни в Независимом Казахстане. Мы в очередной раз отмечаем день рождения своей страны. В республике за минувшие годы сформировался и окреп класс...
Минуло 27 лет с момента, когда мы стали гражданами государства Республики Казахстан. Для кого-то это вся жизнь. Уже... Денис Широнин, фитнес-тренер. С самого детства я влюбился в спорт. С обретением независимости страна сделала многое для...
Здоровый образ жизни, воспитание патриотизма, развитие национальных видов спорта, тренировка ума и много других полезных эффектов несет в себе... Идея переносить привычные настольные игры на большую площадку, с увеличением масштаба игровых принадлежностей – рабочая мировая практика. Наши...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Реорганизация жилищного хозяйства в стране требует взвешенного подхода. Одна из самых обсуждаемых в Казахстане тем – возможная реорганизация системы объединений собственников квартир. Если новый закон утвердят,...
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
Декабрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00