рухани жангыру и пром революция каз

ҰБТ аяқталды: нәтиже қандай?

 

53 ент

 


Қала әкімдігінде шаһар басшысы Ғалымжан Әбдірайымовтың төрағалығымен өткен жиында ҰБТ нәжижелері жан-жақты талқыланды. Жиында сыннан сүрінген оқушылар емес, мектеп директорлары мен ұстаздар әкімдік алдында жауап берді. Жылдағыдай тестілеу бес пәннен өткізілді. Барлығы 120 сұраққа – 140 балл және бағалау шкаласы жоқ. 2017-2018 оқу жылының басында күндізгі мектептердің 11-сыныбында 2474 оқушы білім алса, оқу жылын 2275 оқушы аяқтады. Яғни оқу жылы барысында ауылдық квотаны иелену мақсатымен 199 оқушы (8,7%) облысымыздың басқа аудандарына ауысқан. Ағымдағы жылдың 20-22 маусым күндері М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кешенінде екі лекпен ҰБТ өткізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген 1659 түлектің 1642-сі тестілеуге қатысқан. Оның ішінде 277 түлек шығармашылық мамандықтарды таңдауына байланысты екі пәннен тест тапсырды. Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға қатысуы 72,1 пайыз (2017 жылы – 75,7%) құрап отыр. Ағымдағы жылы №№57,60 орта мектептерде 11 сынып болмаса, өзбек тілінде оқытатын №4 орта мектеп (15 оқушы) пен кешкі мектеп (139 оқушы) түлектері ҰБТ тапсыруға өтініш білдірмеген. Бұл туралы жиында сөз алған қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Уәлихан Байдуанов мәлімдеді.

 


– Мектеп бітірушілердің қатарында 210 түлек шетелдің жоғары оқу орындарына (оның 138-і грант иегері атанған), 172-сі облысымыздағы арнаулы орта білім орындарына тапсыруына, 18-і әскер қатарына баруына, 36-сы денсаулығына және 139-ы жұмысқа орналасуына, 46-сы түзету мекемелерінде болуына байланысты ҰБТ тапсырған жоқ. Сондай-ақ 151 түлек ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 Қаулысымен бекітілген «Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидасының» 6-тармағына сәйкес тамыз айында ақылы негізде өтетін ҰБТ-ға қатысады. Жоғарыда аталған себептермен ҰБТ-ға қатысу көрсеткіші 2017 жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға төмен болды, – деді ол.

 


Тестілеу қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің орта балы 84,3 болып, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 5,69 балға артқан. Мектептер бойынша ең жоғары орта балды №45 (104,06) гимназия көрсеткен. Ал ҰБТ тапсырған 53 орта мектептің 100 балдан жоғары көрсеткішпен үштікті №№45, 30, 1 гимназия мектептері бастап тұр. Сондай-ақ 90-99 балл аралығындағы көрсеткішке №№24, 27, 12, 8 , 56, 5 мектептер ие болды. 80-89 балл аралығындағы көрсеткішке – 19 мектеп, 70-79 балл аралығындағы көрсеткішпен – 19 мектеп, 60-69 балл аралығындағы көрсеткішпен – 6 мектеп межелі нәтижеге жетіп отыр. Мектеп бітірушілердің 396-сы (24,1%) 100-ден жоғары балл алса, оның ішінде ең жоғары балды №12 мектеп-гимназияның түлегі – Ұлдана Әбілова 136 балл, №42 орта мектептің түлегі Абзал Туғанбай 135 балл, №41 гимназияның түлегі Зияда Орынбасарова – 132 балл жинаған.
– 58 «Алтын белгі» иегерінің 49-ы, 29 үздік аттестат иегерлерінің 28-і тестілеуге қатысты. ҰБТ тапсырмаған «Алтын белгі» және үздік аттестат иегерлерінің 7-еуі Ресей, 1-еуі Түркия, 1-еуі Германия және 1-еуі Қырғызстанға грантқа оқуға қабылданды. Оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау жұмыстары жан-жақты жүргізілгеніне қарамастан тестілеу қорытындысы кейбір білім мекемелеріндегі оқушылардың көрсеткіштері жеткілікті деңгейде болмай отырғандығын көрсетті. 40 мектептен 153 оқушы (9,3%) 0-49 аралығында балл және жекеленген пәндерден 0-4 балл жинап, шекті деңгейге жете алмады. Олар: 11-15 оқушыға дейін төмен балл алған 2 мектеп (№43ОМ – 15 оқушы, №42ОМ – 13 оқушы), 6-10 оқушыға дейін төмен балл алған 7 мектеп (№51ОМ –10 оқушы, №13 ОМ – 9 оқушы, №5МГ, 8гим, 48 ОМ, 53МГ – 7 оқушыдан, №49МГ – 6 оқушы), 1-5 оқушыға дейін төмен алған 31 мектеп (№№39,44 – 5 оқушы, №55 – 4 оқушы, №№6,12,14,15,16,17,18,19,35,47 мектептер – 3 оқушы, №№10,20,26, 28,33,36,38,50,54 мектептер – 2 оқушы, №№23,25,32,34,37,40,41,56 мектептер – 1 оқушы), – деді Уалихан Байдуанов.

 


Қала әкімі Ғалымжан Райылұлы алдымен №42 мектептің директорын тұрғызып, оқушылардың төмен балл жинауының себебін сұрады. Бұл тізімде №№43, 51, 13 мектеп басшылары да бар. Дейтұрғанмен қала әкіміне директорлар мардымды жауап бере алмады. Бірі оқушылар психологиялық тұрғыдан күйзеліске ұшырады десе, енді бірі тестілеу сұрақтарының күрделі болғандығын алға тартты, ал енді бірі оқушылардың өздері кінәлі деп ақталды.
Жалпы мемлекеттік білім беру стандарты талаптарын тиісті деңгейде орындамаған және мектеп бітірушілері төмен білім сапасын көрсеткен мектеп басшыларының жауапкершілігі қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Сондай-ақ білім сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, бақылау күшейтіліп, мектептердің оқу жоспарына функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған курстар мен оқу бағдарламаларын енгізу жалғасын табады. Бұл орайда жауапты сала мамандарына қала әкімі тапсырмалар берді.

 

Арайлым Шабденова

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келіп, өңірдің... Сапар барысында ол облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аймақтағы филиалының ашылу рәсіміне...
Работники правоохранительных органов и учреждения бюджетных приняли участие в диктанте с новым алфавитом. Организатором этой республиканской акции по обучению государственных служащих письму латинскими буквами в Жамбылской области выступил Центр развития языков областного...
Кім болмасын, ұрпағының салиқалы, білімге құштар, толыққанды азамат болып қалыптасқанын қалайды. Сол себепті кейбір отбасылар перзентінің тілі шыққан... «Бұрын ләңгі теуіп, доп қуып асыр салып ойнаушы едік» деген аға буынның бүгінгі уайымы – компьютерге телмірген балалардың...
ҚР Конституциясы күніне орай, облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Жамбыл облысы әкімінің кубогы... «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен дүбірлі доп додасына республика көлеміндегі телеарналар мен басылымдардан құралған 11 команда қатысып, өзара кім...
В Таразе и области воздействие на должников за потребленные услуги переходит на новый уровень. В областном центре продолжается компания, в ходе которой злостные неплательщики коммунальных услуг в массовом порядке лишаются этих самых...
Тараз готов к зиме – утверждают коммунальные службы. Прошлая зима деликатно напомнила всем нам, что полагаться на теорию глобального потепления пока рановато. Температуры января-февраля побили все...
Сентябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00