рухани жангыру и пром революция каз

Оқу озаттарын марапаттады

 

50 АЛТЫН БЕЛГИ

 

«Жас түлек – 2018» салтанатты кешіне қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков, қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев пен білім басқармасы өкілдері мен ата-аналар қатысты. Биылғы жылы қала мектептерін 2414 түлек бітірсе, оның 58-і «Алтын белгі», 29-ы үздік аттестат иегерлері мен 21-і халықаралық және республикалық ғылыми жоба, пән олимпиадаларының жүлдегерлері. Жиында қала басшысы Ғалымжан Райылұлы келешегінен зор үміт күттіріп, еліміздің ертеңіне баланатын жас түлектерге жүрекжарды құттықтау лебізін жеткізді.


– Бүгін баршаңыз үшін қуанышты күн, ал бүкіл ел үшін – азаматқа үміт артқан тарихи мезет. Ғылым мен білімді басты қазынам, байлығым деп есептеп, «Алтын белгі» иегері атанып, өмірдің алғашқы межесінен үздік болып өттіңіздер. Сондықтан Сіздерді өмірлеріңізде мақтан тұтар ерекше қуанышты күндеріңізбен құттықтаймын. Бүгінгі «Алтын белгі» иегерлерінің қатарында №24 гимназияның түлегі, республикалық және халықаралық ғылыми жоба жарысының алтын медаль иегері Егор Дуля, №1 гимназияның түлегі, Президенттік олимпиаданың күміс медаль иегері Олег Ли және республикалық ғылыми жоба жарысының қола медаль иегері Луиза Байжанова, №8 гимназияның түлегі, республикалық пән олимпиадасының қола медаль иегері Рамазан Әзіретқұлов бар. Бұл түлектер өздерінің терең білімдерін дәлелдеп, қаламыздың мәртебесін көтерді. Сондықтан бұл түлектер – Тараз мақтаныштары! Осындай озат түлектердің саны жылдан-жылға артып, білімді жастардың көбейгені көңілге қуаныш ұялатады. Өмірдегі ең алғашқы асуды бағындырған батыл қадамдарыңыз Сіздерді әрдайым жарқын жетістіктерге жетелесін! – деген шаһар басшысы оқу озаттарын марапаттады.


Айта кетейік, 20-22 маусым күндері 1695 оқушы 11 жыл бойы жинаған білімдерін ұлттық бірыңғай тестілеуде дәлелдейтін болады. Сондай-ақ жас түлектер атынан №5 мектеп-гимназия түлегі Әдемі Ыбырайымжан мен И.В.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының оқушысы Қуандық Айдарханов ант берді. Балалықтан болашаққа бет алған түлектер кешінде жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерттік қойылымдар қойылып, үздік шыққан түлектерге естелік сый-сияпаттар табыс етілді.

 

Толғанай АТАБАЙ

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Өңірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымен Бақытжан Әбдірұлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2007 жылы құрылып, содан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып...
2011 жылдың 12 қарашасында тараздықтардың төбесінен жай түсірген қанды оқиға орын алды. Қаныпезер лаңкес Қариев дүйім жұртты дүр сілкіндіріп,... Тәулік ішінде қылмыскер 7 адамның, соның ішінде 5 құқық қорғау органдарының қызметкерінің өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстар жасады. 3...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00