рухани жангыру и пром революция каз

2 IT технологиялар кабинеті ашылды

 

Өңірде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Оған Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде ашылған ІТ сынып дәлел. Үкімет қаулысымен бекітілген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану арқылы республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында аталған колледжде «Сандық ІТ – технологияларының автоматтандырылған ресурстық кешенінің» презентациясы өтті.


Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық орталық лентасын «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы Мақсұт Нәлібаев, облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов салтанатты түрде қиды.
Жиында сөз алған Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры Жанар Орынбаева «Сандық ІТ технологияларының автоматтандырылған ресуртық кешенінің маңыздылығы» туралы айтты. Сондай-ақ колледж оқытушылары «Автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер» бағдарламасын таныстырды. Осы бағдарлама арқылы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру», «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру», «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» сияқты мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.


– Жаңадан ашылған кешенде IT саласына қатысты мамандар оқытылып, жаңа технологиялармен қамтамасыз етілетін болады. Болашақта осы IT орталықтар негізінде жастардан жаңа идеялар, жобалар жинақтап, жас ғалымдар қалыптастыруымызға да мүмкіндік мол. Осы орайда игі іске мұрындық болған «нұротандықтарға» алғыс айтқымыз келеді, – деді Талғат Салқанұлы .


– Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуына байланысты мемлекеттік қызметтерді электрондық форматына көшіру – цифрлық дәуір талабы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық орталығында «Автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер бағдарламасы» – техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру саласында цифрлық сауаттылықты арттыру, өз уақыттарын тиімді пайдалану, сыбайлас жемқорлықты мейлінше азайтудың бірден-бір жолы, – деді Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің облыс бойынша басшысы Мақсұт Ыбрайымханұлы.


Аталған жобалар партияның «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына қосқан нақты үлесі болмақ. Жаңа партиялық жобалар еліміздегі стратегиялық бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыруға жүйелі түрде қатысуға, білікті кадрлар тобын қалыптастыруға және заманауи технологияларды қолдануға бағытталған.

 

Жәнібек АСАНОВ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келіп, өңірдің... Сапар барысында ол облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аймақтағы филиалының ашылу рәсіміне...
Работники правоохранительных органов и учреждения бюджетных приняли участие в диктанте с новым алфавитом. Организатором этой республиканской акции по обучению государственных служащих письму латинскими буквами в Жамбылской области выступил Центр развития языков областного...
Кім болмасын, ұрпағының салиқалы, білімге құштар, толыққанды азамат болып қалыптасқанын қалайды. Сол себепті кейбір отбасылар перзентінің тілі шыққан... «Бұрын ләңгі теуіп, доп қуып асыр салып ойнаушы едік» деген аға буынның бүгінгі уайымы – компьютерге телмірген балалардың...
ҚР Конституциясы күніне орай, облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Жамбыл облысы әкімінің кубогы... «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен дүбірлі доп додасына республика көлеміндегі телеарналар мен басылымдардан құралған 11 команда қатысып, өзара кім...
В Таразе и области воздействие на должников за потребленные услуги переходит на новый уровень. В областном центре продолжается компания, в ходе которой злостные неплательщики коммунальных услуг в массовом порядке лишаются этих самых...
Тараз готов к зиме – утверждают коммунальные службы. Прошлая зима деликатно напомнила всем нам, что полагаться на теорию глобального потепления пока рановато. Температуры января-февраля побили все...
Сентябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00