рухани жангыру и пром революция каз

АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРУГЕ МҮМКІНДІК КЕҢЕЙЕДІ

 

 

21-Мубарак-Жинакбаева

 

– Саладағы жетістік әлбетте оқушылардың білім сапасымен ерекшеленеді. Биылғы оқу жылындағы оқушылардың жетістігіне тоқталсаңыз.

– Білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін 59 мектеп пен 1 кешкі мектепте 1-11 сыныптарда 67521 оқушы білім алуда. Оқу жылын білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде 67 пайыздық білім сапасымен аяқтау жоспарланып отыр. Әрине оқушыларымыздың жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай. Ағымдағы жылы республикалық, халықаралық ғылыми жоба мен олимпиада және байқаулардан 36 жүлделі орынға ие болдық. Атап айтсақ, «Президенттік олимпиада» республикалық олимпиадасына 2 оқушы қатысып, №1 гимназияның оқушысы Ли Олег ІІ орынды иеленді. Республикалық ғылыми жоба жарысына 25 оқушы қатысып, оның 9-ы жүлделі орындарды еншіледі. Сондай-ақ Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың механика және математикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық байқауына 10 оқушы қатысып, оның 7-еуі жүлделі орыннан көрінді. Ал Ресей Федерациясының Королев қаласында өткен халықаралық «Адам-Жер-Ғарыш» қоршаған ортаны қорғау бойынша ғылыми-зерттеу олимпиадасына 2 оқушымыз жақсы нәтиже көрсетіп қайтты. Сонымен қатар Қ.Бітібаева атындағы республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасына қатысқан 2 оқушы да жүлдеге ие болды.

 


– Үш ауысымдық мектептер жайы облыс орталығында қалай шешілуде? Мектептерде сыйымдылық қандай?

– Бөлімге қарасты 45 балабақша мен 59 жалпы білім беретін мектеп, 1 кешкі мектеп, 3 қосымша білім беру ұйымдары, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, барлығы 109 мекеме жұмыс атқарады. 59 мектепте қазіргі уақытта 67 155 оқушы білім алуда. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 3092-ге өсті. Оқушылар санының артуына байланысты қаладағы білім мекемелерінде орын тапшылығы бар. 2017-2018 оқу жылында қала бойынша №24 гимназия және №55 орта мектептің оқушылары үш ауысымда білім алды. Үш ауысымда білім беретін мектептердегі 3386 оқушы барлық оқушылардың 5,2 пайызын, мектептер 3,4 пайызын құрайды. Үш ауысымдылықты жою мақсатында қазіргі уақытта «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында екі мектептің және бір жапсарлас ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Ал құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін №24 гимназия мен №55 орта мектептегі үш ауысымдылық жойылады.
Сондай-ақ «Аймақтарды дамыту бағдарламасы» бойынша «Бәйтерек» мөлтек ауданында 1200 орынды мектеп құрылысы 2017 жылдың сәуір айынан бастап жүргізілуде. Жоба құны – 1800 000,0 мың теңге. Нысан 2018 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қалада тағы да мектеп салу қажеттілігі бар. Яғни «Шалғай Қарасу», «Арай», «Барысхан» және «Қайнар саяжайы» алқаптарынан мектеп ғимаратын салу қажеттілігі туындап отыр.



– Балалардың жаз маусымындағы демалысы қалай ұйымдастырылады?

– ҚР Премьер-Министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы №36-ө өкіміне сәйкес балалардың демалысын ұйымдастыру және сауықтырылуы үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Мектептерде 1-10 сынып аралығында білім алып жүрген 64872 оқушының 60066-сы биылғы жаз мезгілінде демалыспен және сауықтырылумен қамтылады. Өткен жылы 49871 бала қамтылған болатын. Балалардың жазғы сауықтырылуы мен демалысын, бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында аз қамтамасыз етілген отбасының 3600 баласы қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде демалады және мектеп жанындағы 59 демалыс алаңдарында бір мезгіл тегін ыстық тамақ ұйымдастыратын лагерьлерде 6648 оқушы қамтылады. Мектеп жанындағы 59 демалыс алаңдарында спорттық, тіл үйрену, өнер, шығармашылық бағыттары бойынша үйірмелері жұмыс жасайды. Сондай-ақ жоғары сынып оқушыларына еңбек жасақтары (көгалдандыру) ашылады.

 



– Былтырдан бастап ҰБТ-ның форматына біршама өзгерістер енді. Оның ішінде таңдау пәнге байланысты өзгерістер де бар. Биылғы ұлттық тестілеуге қатысатын оқушылардың дайындығы қалай?

– ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің жаңа форматы» нұсқаулығына сәйкес тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 мамырда аяқталды. Ағымдағы жылы қала мектептерінің 11-сыныбын аяқтайтын 2421 оқушының 1659-ы ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіріп отыр. Бұл көрсеткіш барлық мектеп бітірушілердің 68,5 пайыз. Тестілеуді 1285 оқушы қазақ тілінде, 374 оқушы орыс тілінде тапсыратын болады. Ұлттық бірыңғай тестілеу 2 блоктан тұрады. Тестілеудің өткізілуіне байланысты білім бөлімі тарапынан жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттар беріліп, ата-аналар, оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 



– Осыған дейін «Алтын белгіні» Білім министрлігі белгілейтін. Қазір бұл мектеп ұжымының құзырына бұйырыпты. Баласына «Алтын белгіні» әпергісі келетін ата-аналар сыбайластыққа бармайды ма? Бұған не айтасыз?

– 2017 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №125 бұйрығына сәйкес «Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан «5» деген бағаға өткен 11 (12) сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі» делінген. Яғни «Алтын белгі» бір күннің нәтижесі емес. Мектеп бітірушінің жеті жылда оқыған журналдары, табельдері және грамоталары зерделенеді. Білім бөлімі тарапынан «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың құжаттары бірнеше рет зерделеніп, бүгінгі таңда «Алтын белгіге» 58 оқушы үміткер болып отыр.

 



– Мектептің жөндеу жұмысына ата-аналардан қаржы жинастыру төңірегінде түрлі алып-қашпа әңгімелер бар. Өзіңіз айтыңызшы, бұл дұрыс па, әлде бұрыс па?

– Білім бөлімі тарапынан білім беру мекемелеріне түрлі іс-шараларды өткізуге, жөндеу жұмыстарына және т.б. іс-шараларды өткізуге қаражат жинауға тыйым салу туралы хаттар жолданып, мектеп басшыларына ескертілген. Сондай-ақ қазіргі таңда барлық жалпы білім беретін мектептерде қамқоршылық кеңестері құрылған. Білім мекемесінің жұмысын ұйымдастыруда демеушілік көмек көрсету қамқоршылық кеңестері арқылы заңдастырылған және кеңес жұмысы туралы толық ақпараттар білім бөлімінің және мектептердің жеке интернет-ресурстарында орналастырылған. Содан көріп, таныса аласыздар. Ашықтық бар.

 



– Биыл мектеп бітіру кеші қандай форматта өткізіледі?

– Барлық мектептерде 11-сынып түлектеріне бітіру құжаттарын тапсыру ағымдағы жылдың 15 маусымында өтеді. Мектеп бітіру іс-шарасы Астананың 20 жылдығына арналып, «Ел жүрегі – Астана!» тақырыбында өтеді. Мектептерге іс-шараның Тұжырымдамасы берілді. Білім бөлімі тарапынан «Алтын белгі» иегерлеріне аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімін өткізу жоспарлануда.

 



– Облыс орталығындағы мектептерде пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі бар ма?

– Қазіргі таңда білім беру мекемелері тиісті мамандармен қамтамасыз етілген. Дегенмен, жекеленген мектептердің орыс сыныптарында бастауыш сынып, математика, орыс тілі, химия, физика, қазақ сыныптарында математика, орыс тілі пәні мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім мекемелерінде орыс тілі педагогі, музыка жетекшісі мамандықтарына қажеттілік байқалуда. Қажетті мамандардың санын толықтыру мақсатында ТИГУ, ТарМПУ және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжімен байланыс орнатып, сұраныс хаттар жіберілді. Сондай-ақ ЖОО бос орындар жәрмеңкесін жыл сайын ұйымдастырып келеді. Биыл да мекеме басшылары аталған жәрмеңкелерге қатысып, бітіруші түлектермен кездесулер мен әңгімелесу жүргізді.

 



– Жаратылыстану бағытындағы бірқатар пәндерді ағылшын тілінде оқыту керек дейді. Бұл мәселеде тілді жетік меңгерген мамандар даярлығы қалай?

– Тараз қаласындағы білім мекемелерінде 2016 жылдан бастап 554 химия, биология, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері ағылшын тілінде біліктілікті арттыру курстарына қатысып, соның ішінде 361 мұғалім деңгейіне қарай сертификатталған. Бүгінгі күні Жалпыеуропалық тіл құзыреттілігін бағалау жүйесінің «А1» деңгейі бойынша – 37, «А2» деңгейі бойынша – 180, «В1» деңгейі бойынша – 116, «В2» деңгейі бойынша 30 мұғалім сертификатқа ие болды. Келесі оқу жылының қыркүйек айынан бастап аталған пән мұғалімдерінің білімін жетілдіру мақсатында «тәлімгерлік жүйесі» курсы іске қосылады, яғни пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу арқылы нақты көмектер көрсетіледі. Сондай-ақ жаз айларында облыстық бюджет қаражаты есебінен 100 мұғалім ағылшын тілі курсына қамтылатын болады. Ағымдағы оқу жылында 21 мектепте химия, биология, физика, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту элементтерін енгізудің пилоттық жобасы іске асырылуда. Ағылшын тілін меңгеруге мүмкіндікті кеңейту мақсатында мектептердің оқу жоспарының вариативті сағаттары есебінен таңдау курстары енгізіліп, терминологияны меңгерту жұмыстары басталды. Сондай-ақ Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияда үш тілде оқытуды жүзеге асыру бойынша эксперимент жұмысы, И.В.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназияда 8-10 сыныптың химия, биология, физика, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытудың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу жұмыстары жүргізілуде.



– Әңгімеңізге рахмет.

 



Сұхбаттасқан Толғанай АТАБАЙ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Қазақстан, Қытай мен Ресейдің ірі энергетикалық компанияларының өкілдері қатысқан табиғи газбен жүретін көліктердің халықаралық автошеруі Тараз қаласына табан тіреді. Қытай Халық Республикасының шығысында орналасқан Жудун қаласынан Қазақстан арқылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласына бағыт алған автошеру ұзындығы 9881...
Қала күні қарсаңында «Jambyl -Taraz» газетінің редакциясы қалалық әкімдіктің қолдауымен үш түрлі байқау жариялайды. Тарихтың айнасына айналған Тараздың қасиет... 1. «Менің киелі Таразым» жас суретшілер байқауына қылқаламды жанына серік еткен бүлдіршіндер қатыса алады. Бұл кезеңде балғындар екі мыңжылдық...
Кім болмасын, ұрпағының салиқалы, білімге құштар, толыққанды азамат болып қалыптасқанын қалайды. Сол себепті кейбір отбасылар перзентінің тілі шыққан... «Бұрын ләңгі теуіп, доп қуып асыр салып ойнаушы едік» деген аға буынның бүгінгі уайымы – компьютерге телмірген балалардың...
ҚР Конституциясы күніне орай, облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Жамбыл облысы әкімінің кубогы... «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен дүбірлі доп додасына республика көлеміндегі телеарналар мен басылымдардан құралған 11 команда қатысып, өзара кім...
Тараз готов к зиме – утверждают коммунальные службы. Прошлая зима деликатно напомнила всем нам, что полагаться на теорию глобального потепления пока рановато. Температуры января-февраля побили все...
Оңтүстік өңірде Тараз, Шымкент қаласынан кейінгі газбен жабдықтау желілері жаңғыртылып, ауыстырылып жатқан екінші қала. Ал көне шаһарда газ тарату... ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен...
Сентябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00