ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 каз

Ғасырдан асқан тарихы

 

 гимназия



Мектептің құрылу мерзімін бекіту бастамасын көтерген мектептің сол кездегі директоры Борис Петрович еді. 1963 жылы оның кеңесі бойынша мектеп оқушылары мен мұғалімдерінен топ құрылып, сол кездері Ташкент қаласында жұмыс жасаған мектептің бұрынғы түлегі Рашид Сабитовке мектептің ашылу тарихын іздеу бойынша өтініш жасалынады. Ғылыми қызметкер Р.Сабитов кең түрде архивтік зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Навои атындағы өзбек мемлекеттік кітапханасынан Тараз қаласындағы алғашқы мектептің ашылу құпиясына сәуле шашқан архив құжаттарын табады. Сонымен «Туркестанские ведомости» газетінің 1878 жылғы 13 маусымдағы №23 санында Әулие-Ата қаласында екі сыныптық училище ашу туралы генерал-адъютант Фон Кауфманның 1878 жылғы 24 мамырдағы «Оқу ведомствосы бойынша» бұйрығы жарияланғаны анықталады. Сөйтіп училище 1878 жылғы 1 шілдеден бастап қаладағы алғашқы мектеп ретінде жұмыс жасай бастайды. Аталған күн №1 орта мектептің туған күні деп есептелді, оның алғашқы басшысы М.Грачев болатын. 1905 жылы училище үш сыныптық болып қайта жасақталды.1914 жылдан бастап бастауыш училище оқу типі бойынша бастауыш орта мектеп түріне көшеді. Бұл жылдары қаланың оқу инспекторы Николай Боев еді, ол өзінің «Мектеп қызметкерінің естеліктері» кітабында мектептің тарихы туралы көптеген фактілерді келтірген. Ұлы Социалистік Қазан төңкерісінен кейін және Әулие-Ата қаласында Кеңестік билік орнаған соң 1918-1919 жылдары училищеге орта мектеп мәртебесі беріліп, ресми атауы «2-сатылы 1-Әулие-Ата мектебі» болды.1924 жылғы 27 қаңтарда қалалық азалы комиссиясының шешімімен орта мектепке В.И.Лениннің есімі беріліп, мектеп 1990 жылға дейін осы атаумен жұмыс жасайды. 1947 жылы мектеп директоры болып Борис Юрченко сайланады. 1968 жылы мектеп қазіргі мектептің негізгі корпусы болып табылатын ғимаратқа ауысады. 1970 жылы мектеп КСРО ХШЖК-не қатысып, II дәрежелі дипломмен марапатталады. 1978 жылы ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен мектеп 100 жылдық мерейтойына байланысты ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталады. 1978 жылы мектеп директоры болып Алиса Нестерова тағайындалып, 1991 жылы мектепке мектеп-гимназия мәртебесі берілді. 1989-1999 жылдары мектеп директоры Алиса Нестерованың басшылығымен мектепке оқу пәндерін кіріктіру негізінде білім беру мазмұнын жаңарту және эстетикалық блокты енгізу бойынша тәжірибе енгізіледі (Мәскеу қаласының №315 мектебінің моделі бойынша). 1994 жылы мектеп-гимназия директоры болып мектеп түлегі Әлия Тұмабекова тағайындалады. 2002 жылдан бастап мектепте С.Назарбаеваның әдістемесі бойынша «Өзін-өзі тану» курсын енгізу бойынша тәжірибелік алаң жұмыс жасай бастайды. 2004 жылы мектепке №1 гимназия мәртебесі беріледі. 2004-2011 жылдары көп салалы гимназияны дамыту бағдарламасы енгізіліп, 2013 жылы мектеп директоры болып Ләззат Қызылғұлова тағайындалады.

 


– Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның жұмыс тақырыбы «XXI ғасыр көшбасшысын табысты тәрбиелеу – дарындылықты дамытудың кепілі». Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның оқу-тәрбие үдерісінің жоғары көрсеткіштерге жетуі педагогикалық ұжымның ерен еңбегінің жемісі. 2015-2017 жылдар аралығында гимназия қоржыны 176 жүлделі орынмен толықты, оның ішінде, 37 қалалық, 44 облыстық, 85 республикалық және 10 халықаралық жеңістер бар. Ал бұл жеңіске қашықтық олимпиада жетістіктерін қоссақ 155 республикалық, 96 халықаралық жүлделі орынға ие болды. Кәсіби біліктілігі мен шеберлігін республика көлемінде дәлелдей білген физика пәнінің мұғалімі Г.Помашева «Үздік педагог» атағының иегері атанды. Мектеп жыл сайын түрлі марапаттарға да ие. Ең негізгі капитал мұнда оқушыларға жан-жақты білім берудің жаңа технологиясы мен әдістері арқылы іске асады. Бұл орайда ұстаздардың біліктілігі маңызды. Біздің ұжымда ҚР Білім беру үздігі – 3 ұстаз болса, «Ы.Алтынсарин», «Қазақстан Конституциясына – 20 жыл», «Өнерге тәрбиелеу ісінің үздігі», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы», «ҚР Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін», «Педагог-зерттеуші» төсбелгілерінің иегерлері қызмет етеді. Сондай-ақ облыстық, республикалық, халықаралық конференцияларға, семинарларға, форумдарға, байқауларға қатысушы педагогтардың үлесі жағынан да үздіктер қатарындамыз, – деді мектеп директоры Ләззат Қызылғұлова.

 


Аталмыш мектептің түлектері бүгінде еліне еңбегі сіңген, халқының қалаулы азаматтары мен азаматшалары. Олардың бірқатары шет ел асып, өз білімдерін сонда дәлелдеп, жетістікке жетіп жүр. Әр оқу жылы мұнда «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері де еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі сала бойынша білім алуда. Мәселен, мектепте 2014-2015 оқу жылдары – 5, 2015-2016 оқу жылдары – 5, 2016-2017 оқу жылдары – 1 түлек «Алтын белгі» иегері атанған.

 


Қоғам қайраткері, Алаш ордасының негізін қалаушы Ә.Бөкейхановтың есімі берілген білім ордасы мерейлі мерекені бар салтанатымен атап өтті. Биылғы түлектер мектепке келген қонақтар мен түлектерді салтанатты түрде күтіп алып, мәжіліс залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Тарих беттерінен» атты музыкалық-театрландырылған мерекелік шара ұйымдастырылды. Әр жылғы түлектер, жылдар бойына мектепте қызмет еткен педагогтар мен ардагер ұстаздар, мектеп оқушылары қатысқан жиынды 4-сынып оқушылары мың бұралған бимен ашты. Одан кейін 1968 жылдың мектеп түлегі, ҚР Парламентінің төртінші шақырылымының Сенат депутаты, экономикалық және өңірлік саясат комитетінің мүшесі Александр Савченко сөз алып, барша жиылғандарға жылы лебізін білдіріп, естеліктерімен бөлісті.

 


– Мектеп – балаларды бүлдіршін кезінен бастап, есейіп ер жеткенге дейін білім нәрімен сусындатар алтын ордамыз. Мектеп табалдырығына алғаш қадам басқан соң, жылы шыраймен қарсы алатын, анаңдай тәрбиелейтін ұстазды көресің. Міне, мен мектеп бітіргелі биыл – 50 жыл. Жарты ғасыр. Десе де барлығы кеше ғана болғандай. Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы аттестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. Сол жолдаманы біздер де алып, «үлкен азамат» болып, еліме-жеріме қызмет еттім. Оның барлығын үйреткен ұлағатты ұстаздар. Мен зейнетке шыққан жылы Астанада қаламын ба, әлде туған жерге ораламын ба? деген сауал тұрды. Мен ойланбастан Таразды таңдадым. Өйткені туған жердің топырағы қашанда ыстық. Бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Бізді балалыққа тағы бір рет алып келдіңіздер, – деді Александр Георгиевич.

 


Сондай-ақ 1986 жылғы түлектер атынан облыс әкімінің кеңесшісі Мүсілім Қасымов, мектеп мұғалімі Ольга Передереева сөз алып, естеліктерімен бөлісіп, мектеп ұжымына сый-сияпат көрсетті. Сондай-ақ кеш барысында күмбірлеген күй ойнап, мектеп тарихынан сыр шертетін білім ордасының алғашқы құрылуы туралы театрландырылған көрініс қойылып, 2-5 сынып оқушылары әннен шашу шашып, мың бұрала би де биледі. Мектептің 36 түлегі мен оқушылары Ұлы Отан соғысы майданында ерлікпен көз жұмған. Бұл туралы ҰОС туралы сахналанған көріністе кеңінен айтылып, сол зұлматта қаза тапқандарға мектеп оқушылары тағзым жасады.

 


– Ең алғашқы мектеп болғандықтан білім ордасының қабырғасы талай оқиғалардың куәсі. Бұл оқу орнын тәмамдаған жасөспірім ұлдармен қатар қыздар да соғыс жылдары майдан шебіне аттанып, 1941 жылдың түлегі Варвара Филоненко майдан даласында Отан үшін жан қиса, осы жылдың түлегі Таисья Кузьменко майданға өз еркімен аттанған. Катя Мекшидиде 1941 жылы Отан қорғау үшін майданға өз еркімен аттанған. Мектеп түлегі В.Васнецова майдан даласында жараланған жауынгердің өмірін құтқарып қалған. 1920 жылдары біздің мектепте Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры, панфиловшы, Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан, қоғам қайраткері, жазушы Бауыржан Момышұлы оқыған. Мектеп түлегі, Армия генералы, Кеңес Одағының Батыры Николай Лященконың өмірбаяны да ерекше. Кеңес Одағының әскербасы Выборгтың алғашқы кеңестік әскери коменданты. Біздің мектеп соғыс кезіндегі ерліктерімен ғана емес, сондай-ақ, бейбіт өмірдегі жеңістерімен де мақтана алады. 100-ден аса мектеп түлегінің ғылыми кандидат және ғылым докторы атақтары бар. Түлектер арасында 2013 жылғы мектеп түлегі Богдан Загрибельный химиядан Әлемдік олимпиадада «Үлкен якут алмазын» иеленген жеңімпаз да бар, – деді 90 жастағы ардагер ұстаз Анна Андреева.
Бір кезде екі жылдық училище болып ашылған білім ошағы өзінің өсу-өркендеу жолында талай қиындық пен табысты сәттерді бастан кеше отырып, бүгінгі тәуелсіз елдің талантты балаларын оқытатын гимназия дәрежесіне дейін көтерілді. Оқушылардың жетістіктері – ұжымның, ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі. Жетістіктер тарихы №1 гимназияның тарих беттерінде ұзақ уақыт сақталмақ. 2013 жылы гимназия «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауында бас жүлдені иеленсе, 2016 жылы облыстық «Табысты мектеп», 2017 жылы «Білім саласының үздік менеджері» номинацияларына ие болған.

 

Арайлым Шабденова

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні. Айтулы күн қарсаңында аймақта жемқорлықпен күрес жүргізіп келе жатқан Мемлекеттік қызмет істері... – Мақсұт Ыбрайханұлы, ертеңгі мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймыз! Алғашқы сұрағымызды департамент жұмысының негізгі бағыттарынан бастасақ. Аймақтағы мемлекеттік қызметті...
Государственные служащие блистали талантами, состязаясь в креативе и интеллекте. В преддверии профессионального праздника на базе КГУ «Қоғамдық келісім» состоялся конкурс «Кәсіби кызметкер – кәсіби мемлекет», посвященный 20-летию...
«Тараз-Арена» спорт сарайында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында дәстүрлі облыстық спартакиада өтті. Биылғы шараны облыс әкімдігінің баспасөз қызметі, облыстық дене шынықтыру және спорт және облыстық ішкі саясат басқармалары бірлесіп ұйымдастырыпты.
Участники не пожалели средств на помощь детям. В Казахстане среди госслужащих состоялся общереспубликанский благотворительный забег «Алға басу - движение вперед». Основная цель мероприятия - оказание...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
АО «КазТрансГаз» провело первый этап конкурса «Yздiк маман-2018». В группе компаний АО «КазТранс Газ» дан старт традиционному конкурсу профессионального мастерства рабочих «Лучший по профессии». В этом...
Июнь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00