рухани жангыру и пром революция каз

Жанұя жылуы – жүректе

 

 

19 құрақ көрпе

 

Айырбас

Бір танысым жылына бір үйін ауыстырады. Бір бөлмеліні екі бөлмеліге, екі бөлмелі пәтерін үш бөлмеліге, кейін жер үйге көшті де, тағы да ауыстыра бастады. Көлігін тіпті ай сайын өзгертіп, жаңалап отырады. Жақында үйленіп, отбасын құрды. «Енді не болар екен?» деп қорқып отырмын...


Жарнама

Аялдаманың қабырғасына жарнама жазып қойыпты.
«Жылы, жаңа әрі 100 келі дутый вариант әйелімді сатамын немесе екі 50 келілік келіншекке айырбастаймын».


Үрей

Дархан 4 жаста. Балабақшаға апардым. Мені іздемепті. Бірақ селсоқ жүріпті. Кешкісін алып қайтуға бардым. Жан дауысы шыға алдымнан жүгіріп шығып, құшақтай алды. Бауырыма тығылып тұрып:
– Мені алып кетуге келдіңіз бе, мама? – деді сыбырлап.
– Иә, балам.
– Қорқып кеттім...
– Неден? – дедім таңданып.
– Сіз мені детдомға тастап кетті екен деп қалдым, – дегенде көзімнен жас ыршып кетті.

 

Махаббат тілі

Автобуста ұлым ыңылдай берді. «Не болды?» – десем: «Құлағыңызға айтамын» – дейді де, құлағыма да ыңылдайды. Қанша түртем, қоймады. Түк түсінбедім. Момақан ұлым 6 жылдық ғұмырында тұңғыш рет тыңдамай, түсініксіз тілде ыңылдап отыр. Жол-жөнекей осы көрініс қайталана берді. Үйге кіре сала:
– Қой дегенде, неге қоймайсың? – деп сілкіп жібердім.
Жанары жасаурап: «Сіз түсінбедіңіз бе?» – дейді.
– Қай тілде, не айтып ең сонша? – десем:
– Сіз екеуміздің тілде сөйледім. Ел түсінбесін деп, «Ыду-быду-дыду – Жарығым, күнім, тобам» – дегенім ғой. Соны да түсінбейсіз бе? – деп тұр.
Қайдан білейін, махаббаттың тілінде сөйлеген екенсің-ау, ботам.


Перзент

Алты жыл бұрын құрсағыма біткен құлынымды дәрігерлер «құбыжық» туылады деп еді... Бірақ ана атаулы бөбегі кім болып туылса да, бәрібір жақсы көреді емес пе? Мен де сөйттім. Денсаулығым сыр беріп, «Тусаң, өлесің» деген диагноз да қойылды. Бірақ күйеуім екеуміз кішкентай перзентке өмір сыйлағымыз келді...
Бөбегім дүние есігін ашқанда, екеуміз де өлім аузында ес-түссіз жаттық. Кейін есімді жия сала дәрігер бала болашағының беймәлім екенін жеткізді. Сол сәт қара көзімнен қан тамды. Әлі өзіме толық келе қоймаған маған өмір үшін арпалысып жатқан бөпемді көрсетуден ақ халаттылар бас тартты. Белімді ақ жаймамен қыса байлап алып, бір тыныш сәтті пайдаланып, ол жатқан 1-ші қабатқа қашып шықтым. Бірақ мен оған барар жолда ұсталып қалып, ботадай боздадым. Палатама сүйреген дәрігердің жанайқайыма жаны шыдамаса керек, мені қапсыра құшақтаған күйі ол да егілді. Ышқына шыңғырып, алға, құлыныма қарай ұмтылдым. У-шуға елегізіп, жүгіре жеткен бас дәрігер: «Баласының қасына ауыстырыңдар» – деп бұрылып жүре берді.
Мен әлсіз едім. Медбикеге сүйеніп, бөбектерге арналған жан сақтау палатасына кірдік. Айқара ашылған ақ есіктің ар жағында бетіне әлдебір аппарат қосылған, аяқ-қолы дамылсыз дір-дір етіп, ышқына шыңғырып жатқан шақалақтың ұлым екенін ұқтым. Рас, қорықтым. Әлдебір күш кері итеріп, тысқа қайта атылғаным сол, мені тосып алған дәрігер тоқтатып: «Ұлыңыз іште тұншыққан. Бетіндегі алақандай қара дақ – ұйыған қан. Туғалы осылай шыңғырып, дірілдеп жатыр» – деді. «Адам бола ма?» – дедім мен. Ол: «Білмеймін. Оны қолыңызға алғыңыз келмей ме?» – деді. Мен ұлымды қолыма алдым. Жарты сағаттан соң ол дамылсыз шыңғырғанын да, дірілін де қойды. Сәлден соң ұлымды тексеруге келген дәрігер: «Екі күн бойы арпалысып, ұлыңыздың емін таппаған едік. Ол анасын іздеп жатыр екен ғой!» – деп күліп тұрды.

 

Жаз

Айжан тұрмысқа шықты. Үйленгеніне 5 жыл болғанда кездесіп қалдық. Шаштары сиреп, көздері кіртиіп, шаршаңқы көрінді.
– Біз емделмеген жер қалмады. Кінә менен екен. Өз әке-шешем «күйеуіңнің бағын байлама, ажырас» деп жатыр. Қалай ажырасамын?! Мен оны сүйемін, қимаймын... Ол мені қанша жерден сүйсе де, жасы 40-қа таяды. Бала керек қой оған. Келесі жазды күтіп жүрмін. Жазда бір жаңалық болатындай мен ажырасуды жазға ысыра беремін әйтеуір... – деді.
Арада бір жыл өтті. Біз тағы кездестік. Айжанның маңдайын әжім торлап алыпты. Ол сондай жүдеу көрінді. Лезде қартайып кеткеніне таңдандым.
– Күйеуім де мені қимайды. Бұл жазды да бірге өткіземіз. Келесі жазда ажырасатын болып шештік, – деді ол жыламсырап.
Олардың үйленгеніне биыл 7 жыл толды. Бұл жазды мен де іштей үрейлене күттім. Себебі бұл жаз тағдыры тоғысқан жақын жандарды екі айырмақ...
Айжанның ажырасуға дайындалып жүргені туралы қауесет ел ішінде гулеп тұрды.


Күн күзге таяп қалған шақ еді. Жапырақтардың реңі өзгеріп, сарғыш түске бояла бастаған. Айжан қоңырау шалып, үйге келе жатқанын айтты. Баспалдақтан көтерілген аяқ дыбысын естіп тұрмын. Түк-түк-түк. Есікті ұрып жатыр. Әне-міне ол кіріп келмек. Ал мен қазір оның күйеуін қимай, сүйетінін айтып солқылдап жылайтынын, өзімнің оны не деп жұбататыным туралы сөз таппай қиналдым. Түк-түк-түк. Ол есікті екінші рет қаққанда барып аштым. Үйге күлімсіреп кіріп келе жатқан аяғы ауыр Айжанды көру қандай бақыт еді, десеңші! Мен мұндай ажарлы әйелді алғаш рет көріп тұрдым...

 

19 құрақ көрпе 3

 

Желідегі жазбалар


Апамның дауысы

 

19 құрақ көрпе 2


Бес-алты жастардағы кезім бе екен. Апам қораның ана шетіндегі үйлерге жұмсайды. «Сол үйге барып кел, алып кел, беріп кел…» деген сықылды ұсақ-түйек бірдемелерді сылтау етіп үнемі бір іс тапсырады. Мен іркілмеймін. Үйден шығып бір аз ғана жерге барып тоқтай қалам да, қайта айланып: «Апа-а-ау» – деймін. «Ә-ә-әу» – дейді апам. Апамның дауысы жақыннан естіледі. Мен қорқатын ештеңе жоқ екенін түсініп, ары қарай жүгіріп тағы біраз жерге барам да, қайта айланып: «Апа-а-ау» – деймін. «Ә-ә-әу» – дейді апам. Апамның дауысы әнтек алыстан ақырындау естіледі. Мен сәл-пәл қорқа бастаймын, сонда да ары қарай жүгірем. Бұл кез ана баратын үйдің есігіне таяп қалғанымды байқаймын. Сонда да қайта айланып: «Апа-а-ау» – деймін. «Ә-ә-әу» – дейді апам. Бұл жолы апамның дауысы естілер-естілмес тым алыстан, тым өшкін естіледі. Апамның дауысы қаншалықты ақырын өшкін естілсе, қорқынышым соншалықты айқындала береді. Мен ана үйге асып-сасып, біреу ұстап алардай сүріне-қабына кіріп, айтуға тиісті «сәлемімді» айтып, алуға тиісті немесе беруге тиісті нәрсемді бере саламын да, сол үйдің берген құрт-бауырсағын қалтама салдырып алып, қайтадан далаға шығып жүгіре жөнелемін. Сол жүгірген қалпымды өзгертпей: «Апа-а-ау» – деймін. «Ә-ә-әу» – дейді апам. Апамның дауысы ұзақтан әлсіз естіледі. Қорқынышым сол баяғы қалпында, ары қарай тіпті тез жүгіріп тағы біраз жерге келем де: «Апа-а-ау» – деймін. «Ә-ә-әу» – дейді апам. Апамның дауысы әлгіндегіден айқындау естіледі. Қорқатын ештеңе жоқ екенін түсініп, тағы біраз жерге, үйдің алдына келем де: «Апа-а-ау» – деймін. «Ә-ә-әу» – дейді апам. Алдымнан есік ашылады. Апам құшақтай алып бетімнен сүйіп, маңдайымнан иіскейді.

 


– Менің ұлым батыр жігіт болып кетіпті ғой, қораның мұқе-е-ем ана шетіндегі үйге жалғыз өзі барып келді. О-о, Жасаған, шүкірлік мұныңа! – дейді. Осы қылық-қимыл күніне бірнеше рет қайталанады.

 


Иә, мен онда шынында батыр едім. «Егер апамның дауысы естіліп тұрса, барша әлемді айланып келуге де болады» – деп ойлайтынмын.
Солай апамның дауысы естіліп тұрса...

 



Байыт ҚАБАНҰЛЫ

 

Құрақ көрпені құраған Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ.

 

 

 

 

Ақпараттар ағыны

Өңірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымен Бақытжан Әбдірұлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2007 жылы құрылып, содан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып...
2011 жылдың 12 қарашасында тараздықтардың төбесінен жай түсірген қанды оқиға орын алды. Қаныпезер лаңкес Қариев дүйім жұртты дүр сілкіндіріп,... Тәулік ішінде қылмыскер 7 адамның, соның ішінде 5 құқық қорғау органдарының қызметкерінің өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстар жасады. 3...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00