рухани жангыру и пром революция каз

6 жаста Алла сөзін жаттаған

 

90 құран оқудан жарыс



Абай: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз еш уақытта жалған болмас» деген еді. Мінеки, қаншама ғасыр өтсе де бірде-бір әрпі өзгермеген қасиетті кітап Құран Кәрім адамзаттың игілігі үшін қызмет етіп келеді. Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.ғ.с), «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің» – дегендей, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр Жұмабаев, «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл және мешіт ұстаздары тұңғыш рет ұйымдастырған жарыс 2 күнге созылып, оған 6 мен 30 жас аралығындағы қыздар мен әйелдер және 60-90 жас аралығындағы әжелер қатысты.

 


Әдетте ерлер арасында өтетін жарыс бұл жолы бұрымдылар арасында ұйымдастырылды. Олар киелі кітап сүрелерін жатқа, мазмұнын бұзбай айтып, құранның 30 парасы бойынша білімдерін сынады. Қатысушыларды сынақтан өткізуде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қари Жұмабаев, «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы және ұстаздар Қасымжан Бекжігітұлы, Жібек Болатбекқызы және Гүлжан Серікқызы өз бағаларын берді. Осы сауапты да тағылымы мол іс-шараның өтуіне ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қари Жұмабаев төрағалық жасап, сайысқа қатысушы жамағатқа Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырды.

 


– «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», – дейді дана халқымыз. Әйел адам үйдегі ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөлге ие. Бұл сайыстың ерекшелігі сол – қоғамымыздағы әйел балаларының Алланың қасиетті кәләмі – Құран кәрімнің тағылымын бойларына сіңірулеріне жол ашу еді. Жалпы әйел баласы ер адам отырған жерде дауыстап Құран оқымайды, егер тек нәзікжандылар ғана болса оған дауыстап оқуға рұқсат. Сонымен қатар әйелдер де ер адамдар секілді қари атанады. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған сайыста демеушілік білдірген кәсіпкерлер мен қайырымдылық жасаудан еш жаңылмайтын азаматтарға алғыс білдіремін , – деді «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы.

 


Жалпы «Құранды мәнерлеп, бетінен оқу» аталымы бойынша 19 үміткер сайысқа түсіп, ІІІ орынды «Һибатулла Тарази» мешітінің шәкірті Динара Қалдыбекова, ІІ орынды «Кеңесхан қажы» мешітінің шәкірті Әсия Елеусінова, І орынды «Һибатулла Тарази» мешітінің шәкірті Зәмзәм Сүлейменова иеленді. Ал «Құранның жарты парасын жатқа оқу» аталымы бойынша 23 қыз сынға түсіп, үшінші орынды «Кеңесхан қажы» мешітінің шәкірті Рабиа Әлимұхаммед, екінші орынды «Һибатулла Тарази» мешітінің шәкірті Шырайлым Тымбаева, бірінші орынды «Кеңесхан қажы» мешітінің шәкірті Нұрай Шадиярқызы алды. «Құранның І парасын жатқа оқу» аталымы бойынша 10 қыз сынға түсіп, жүлделі ІІІ орынды «Кеңесхан қажы» мешітінің шәкірті Әмина Бейсеналы, ІІ орынды Жамбыл ауданынан келген Мөлдір Танысбаева алса, І орын тұғырынан «Һибатулла Тарази» мешітінің шәкірті 6 жасар Ләтифа Әлжан көрініп, 150 000 теңге сыйақыға ие болды.

 


«Құран – Алланың сөзі. Ал оны жаттап өскен жастың жаман әдеттен аулақ болатыны анық. Бүгінгідей сайыстар өскелең ұрпақтың Құран оқуға деген құлшынысын арттырады. Сондықтан бұл дәстүр алдағы уақытта өз жалғасын таппақ» – дейді жарысты ұйымдастырушылар. Байқау соңында қатысушыларға ас беріліп, апалар мен ұстаздар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

 

Зере Қуаныш

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Өңірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымен Бақытжан Әбдірұлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2007 жылы құрылып, содан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып...
2011 жылдың 12 қарашасында тараздықтардың төбесінен жай түсірген қанды оқиға орын алды. Қаныпезер лаңкес Қариев дүйім жұртты дүр сілкіндіріп,... Тәулік ішінде қылмыскер 7 адамның, соның ішінде 5 құқық қорғау органдарының қызметкерінің өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстар жасады. 3...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00