рухани жангыру и пром революция каз

Дулати мұралары және әлем руханияты

 

82 Таргу

 

Оқу ордасының  60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған конференция жұмысына биылғы жылы да алыс-жақын шетелдің ғалымдары белсене қатысып, Дулатидың өмірі мен соңына қалдырған мұрасы жөніндегі тың деректермен бөлісті. «Орта ғасырдағы қазақ тарихының көрнекті өкілі Мұхаммед Хайдар Дулатидың мәңгілік жасайтын ғажайып бай мұраларына соңғы жылдары арналған, көптеген құнды зерттеу еңбектері, жекелеген мақалалар жазылды. Бұл бағыттағы жұмыстарға ғұламаның есімін иеленуші Тараз мемлекеттік университеті де өзіндік деңгейде нәтижелі жұмыстар атқаруда және алдағы уақытта  да жаңа ғылыми ізденістерге ықпал жасай бермек», – деді конференцияда сөз алған университет ректоры, профессор Махметғали Сарыбеков.

 

82 Таргу2

 

Пленарлық мәжілісте «Мұхаммед Хайдар Дулати Кашмир тарихында» тақырыбында баяндама жасаған шығыстану институтының директоры, Қазақстан жоғары мектебі ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар Дербісәлі тарихшы мұрасын Үнді елінде зерттеп жүрген ғұламалар жайында сөз қозғады. «Бүгінде Үндістанда Дулатитану бағытында зерттеу жүргізіп жүрген 3 ғалымды жақын білемін. Соның бірі – Мансура Хайдар ханым. Оның еңбектерінде М.Х.Дулатидың тұлғалық қыры толық сипатталған», – дейді Әбсаттар Дербісәлі. Пленарлық мәжіліс барысында Шыңғысхан әулетінің шежірелік деректері туралы зерттеулерімен бөліскен тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерттеу орталығының директоры, ҚР ҰҒА Құрметті академигі Талас Омарбеков орта ғасырдағы Қазақстан тарихының әлі де жаңа деректермен толыға беретіндігін айтты. Өз кезегінде, белгілі дулатитанушы Мұхтар Қазыбек «Қазақтың тұңғыш жазушысы» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, конференцияда Қазақстан ғалымдар одағының Президенті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық инженерлік академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Оразалы Сәбден «ХХI ғасырда Түркі әлеміне серпіліс беру парадигмасы» тақырыбында және т.б. ғалымдар баяндама жасады. Баяндама соңында «Даму белестері» кітабының тұсауы кесілді. Пленарлық мәжілістің соңында Дулати мұрасының тарихи, әдеби және саяси-әлеуметтік маңызы жөнінде тарихшы-әдебиетші ғалымдар өз зерттеулерін ортаға салды. Содан кейін, университеттің 60 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар аясында университеттің дамуына зор үлес қосқан ректорларға арналған ғылыми орталық пен аудиториялардың тұсауы кесілді.

 

82 Таргу1

 

Бекнұр САТЫБАЛДИЕВ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Отечественный бизнес глубоко пустил корни в Независимом Казахстане. Мы в очередной раз отмечаем день рождения своей страны. В республике за минувшие годы сформировался и окреп класс...
Минуло 27 лет с момента, когда мы стали гражданами государства Республики Казахстан. Для кого-то это вся жизнь. Уже... Денис Широнин, фитнес-тренер. С самого детства я влюбился в спорт. С обретением независимости страна сделала многое для...
Здоровый образ жизни, воспитание патриотизма, развитие национальных видов спорта, тренировка ума и много других полезных эффектов несет в себе... Идея переносить привычные настольные игры на большую площадку, с увеличением масштаба игровых принадлежностей – рабочая мировая практика. Наши...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Реорганизация жилищного хозяйства в стране требует взвешенного подхода. Одна из самых обсуждаемых в Казахстане тем – возможная реорганизация системы объединений собственников квартир. Если новый закон утвердят,...
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
Декабрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00