рухани жангыру и пром революция каз

Дін және жастар

 

42 Дін және жастар

 


Жастардың рухани санасын ояту мақсатында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде білікті мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Тағылымды жиынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, ф.ғ.д. Бағдат Бейсенов, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мемлекеттік университетінің доценті Қайрат Затов және облыс әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары Ерзат Жақыпов қатысып, жастарға асыл діннен мол ақпар берді.

 


– Жастардың дүниетанымына дәстүрлі құндылықтарды өркениеттік тұрғыдан сіңіру бүгінде маңызды болып отыр. Әлеуметтік-демографиялық топ ретінде жастар қоғам өмірінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси-мәдени өзгерістерге тәуелді. Жастардың қоғамдық санасы және құндылықты бағдарының толық қалыптаспауы мен жас ерекшелігіне тәуелді дүние көзқарасы қоғамның егде және ересек топтарының түсінбеушілігін тудырып жатады. Бұл – адамзат қоғамына тән құбылыс. Көне грек философы Сократ сол уақыттағы жастар туралы былай деген екен: «Қазіргі жастар сән-салтанатқа малынып, әдепсіз әрекеттерге бой алдырды, үлкендерді сыйламайды, ата-ананың тілін алмай кетті». Бұл ересектер мен жастар арасындағы уақыт үнінен туындайтын құндылықты өзгерістердің бар екендігін болжайды. Еліміздің әлеуметтік жаңғыруында және жаңа мемлекет құруда жастардың алатын орны зор. Жастар бүгінгінің ең озық инновациялық моделдерін болашаққа алып баруы тиіс, – дейді Бағдат Қайбылдаұлы.

 


Ал асыл діннен хабары жоқ жастардың тура жолдан таюы білімсіздіктің салдары дейді мамандар. Себебі көп нәрсе білімсіздіктен туатыны даусыз. Қазіргі қоғамда көптеген жастардың діни сауаттылығының төмендігінен олардың өзге ағымдарға кетіп қалу қаупі басым болып отыр. Сондай-ақ кездесуде жастар бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салынуы төңірегіндегі жаңа заң жобасымен танысты. Кездесу барысында жиынға қатысушы жастар белсенді түрде сұрақтар қойып, мамандармен пікір алмасты.

 

Толғанай АТАБАЙ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында іскер әйелдер қауымдастығының кезекті басқосуы өтті. Қауымдастықтың өңір бойынша төрайымы Гүлдара Алданышқызының басшылығымен өткен жиын Президенттің халыққа арнаған биылғы Жолдауын насихаттауға арналды. Алғашқы...
Нынешней осенью Тараз не испытывает дефицита одного из самых нужных фруктов. Одна из приятных новостей нынешней осени – высокий урожай яблок, отчего и на рынке их полно, и цены,...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
Жуырда ғана Кенен Әзірбаев есімін алған Жамбыл облыстық филармониясы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Жарты ғасырды алқымдаған өнер... «Тараз Арена» спорт кешенінің алаңында өткен спорттық бәсекеге «Жамбыл» арнасы мен асабалар құрамасы және мәдениет мекемелерінен барлығы 8 команда...
Горожане, задолжавшие за потребленные коммунальные услуги, встретят Новый год в холодных жилищах. Приближается – и весьма уже ощутимо – новый отопительный сезон. Увы, к встрече зимы не все горожане готовы...
Наш город постоянно растет, строятся новые жилые массивы и целые микрорайоны, а в свете реализации программ «Нурлы жер» и... Вопросом качества нового жилья заинтересовались в областном филиале партии «Нур Отан». Была созвана инициативная группа из числа представителей...
Октябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00