рухани жангыру и пром революция каз

Сүрініп кетпе...

 

42 сүрініп кетпе

 


Кешке облыс филармониясының әншілері Қазақстанның мәдениет қайраткері Анна Вундер мен Қазақстанның мәдениет саласының үздігі Жанатбек Кәдіров қатысты.

 


Шара барысында сөз алған облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мәдениет және өнер» бөлімінің бас маманы Жадыра Құттыбаева бүлдіршіндерге ізгі ниетін жеткізді. Мектеп-интернаттың оқушылары шарықтата ән салып, көңілдерін көтерген мәдениет саласының қызметкерлеріне атқарған еңбектері мен жеке шығармашылықтарына қатысты пікірлерін білдіріп, өздерін қызықтыратын сауалдарын жолдады. Әуелеген ән тербеген кеште балғындар Анна Вундер мен Жанатбек Кәдіровтің өнер өлкесіндегі еңбектеріне табыс тілеп, бірлесе ән шырқап, гүл шоқтарын ұсынды. – Біздің оқушыларымыз республикалық Брайль балалар арасындағы олимпиадаға қатысып, Орал қаласында бас жүлде алды. Сонымен қатар «Жұлдызай» фестиваліне қатысып тұрады. Рухани жаңғыру бойынша Астана қаласындағы республикалық конкурсқа қатысқан қазақ тілі және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Гүлсара Рахаева «Ең үздік ұстаз» медалін алды. Алдағы уақытта облыстан жүлделі орын алған оқушылар Алматы қаласында өтетін байқауға барады. Оқушылардың биік жетістіктен көрінуі біз үшін үлкен нәтиже, – деді кеш соңында арнайы мектеп-интернатының директоры Гүлзира Тойшыманова.

 

42 сүрініп кетпе 2


Мектепте бүгінгі таңда 101 оқушы білім алуда. Оның 67-сінің түрлі жағдайға байланысты денсаулығының ақауы бар көрінеді. Ал 22 бала Брайль жүйесі бойынша оқыса, төрт бала мүлде көрмейді екен.

 


Балалармен танысу мақсатында ішке ендім. Бірін-бірі жетектеген кішкентай ғана жүректер. Бір-бірінің көмегіне зәру. Осы сәт көз алдыма қанатты періштелер елестей кетті. Көзі артық көретін балғын қыз мүлде көрмейтін құрбысын жетектеп қасымнан өте шықты. Жетектеп жүрген жоқ-ау, ұшып жүр! Бірі бірінің кеудесіне басын қойып, кішкентай алақанын алақанына салып, қысып ала қояды да, бір-біріне өбектеп, біріне бірі сүйеу болуды ғана ойлап барады. Сүрініп кетпеу үшін, құлап қалмау үшін бір-бірінен мәңгілік ажырауға болмайтынын бесігінен-ақ түсінген. Талшыбықты табан жолына телмірткен тас-тағдыры неткен қатал еді десеңші?

 


Үлкен теледидардың алдында әлдебір фильмді тамашалап отырған қыз теледидардан көз алмады. Аяңдай басып қасына бардым. Мені күтіп отырғанын білемін. Жақын барып, есімін сұрадым. Назерке деді ұяң үн жүзін бері бұрып. Аппақ жүзі күреңітіп, әлденеден қысылғандай ернін жымқырды. Қара түндей қара шашы төгіліп, қарлығаш қасы қиылып тұр. Кірпіктері де қоп-қою. Тек қос жанары ғана екі тал ақ гүл бүршік жарғандай аппақ...

 


– Мен өз туыстарым үйге кіргенде аяқ басысынан, жүрісінен танимын. Даусынан қандай адам екенін де біліп қоямын. Мәселен сіз дәл қазір алдымда күлімдеп отырсыз. Адамдардың бет-жүзін көрмесем де, қатыгез адамдардың көп екенін білемін. Олар мені көрген сайын көзім жайлы айтады... Әпкелеріммен тұрамын. Олар бар жағдайымды жасап отыр. Бірақ мен анамды сағындым. Тым алысқа жұмысқа кетіп еді. Көрмегеніме жыл толды, – деді даусы дір-дір етіп. «Анаңмен сөйлескің келеді ме? Қоңырау соғайын» дедім мен ойын ауламақ болып. «Қажет емес. Сөйлесіп тұрамыз. Ол да сағынып жүр. Бір күні келеді ғой» – деді ол салмақты үнмен. Сәлден соң, жанары жасқа булығып:

 


– Көздерім! Мен неге көрмеймін, әпке? Гүлдің иісін ғана сеземін. Ал қандай екенін білмеймін, – деді кемсеңдей жылап. Мен оны құшақтай алдым. Назеркенің қою қараңғылықтағы үркек жүрегі селк етіп, сүйрік саусақтары дірілдеп кетті. «Қорықпа, менмін» дедім мен маңдайын жапқан кекілін сипап. Ол он үш жаста ғана...

 


Мұндағы балғындар бедерленген суреттегі заттарды саусақтарымен ажыратып үйренген. Салауат та сөйтеді. Ол биыл үшінші сыныпты тәмамдайды. Ашық мінезді, аңқылдақ ұл әрнені білгісі келетінін жасырмайды. Ол өскенде әнші болуды армандайды. Әзиза Әбдіманапова, Сапарбай Жиенбай, Айдос Абдуллаевтар да осы мектептің оқушылары. Сапарбай қолөнермен айналысады. Ал Айдос мәнерлеп өлең оқиды, тамылжыта ән салады. Мұндағы әр бала өзінше талант һәм әрнеге талапты. Мәселен, Салауат, Айдос пен Сапарбай топ құрып, бүгінде өз көрермендерін тапқан жеткіншектер.

 


Зағип және көздері нашар көретін балалардың өзіне деген сенімін арттыру арқылы өмірге бейімдеп, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында мектеп-интернаттың ұстаздары аянбай еңбек етуде.

 


Иә, мұндағы көру мүмкіндігінен айырылған балғындардың нәзік жаны ақ нөсерді жақсы көреді. Себебі жаңбыр ғана олардың жас жуған жүзін сүйіп, жұбата алады. Кемпірқосақты да ұнатады. Оған қарап балалардың қуанатынын да біледі. Бірақ оның түстерін ажырата алмайды. Бір кем дүние!

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында іскер әйелдер қауымдастығының кезекті басқосуы өтті. Қауымдастықтың өңір бойынша төрайымы Гүлдара Алданышқызының басшылығымен өткен жиын Президенттің халыққа арнаған биылғы Жолдауын насихаттауға арналды. Алғашқы...
Нынешней осенью Тараз не испытывает дефицита одного из самых нужных фруктов. Одна из приятных новостей нынешней осени – высокий урожай яблок, отчего и на рынке их полно, и цены,...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
Жуырда ғана Кенен Әзірбаев есімін алған Жамбыл облыстық филармониясы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Жарты ғасырды алқымдаған өнер... «Тараз Арена» спорт кешенінің алаңында өткен спорттық бәсекеге «Жамбыл» арнасы мен асабалар құрамасы және мәдениет мекемелерінен барлығы 8 команда...
Горожане, задолжавшие за потребленные коммунальные услуги, встретят Новый год в холодных жилищах. Приближается – и весьма уже ощутимо – новый отопительный сезон. Увы, к встрече зимы не все горожане готовы...
Наш город постоянно растет, строятся новые жилые массивы и целые микрорайоны, а в свете реализации программ «Нурлы жер» и... Вопросом качества нового жилья заинтересовались в областном филиале партии «Нур Отан». Была созвана инициативная группа из числа представителей...
Октябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00