рухани жангыру и пром революция каз

Заманауи бағдар

 

15 Будущее уже сегодня

 

Жапония, АҚШ, Германия секілді әлемнің дамыған елдерінде әлдеқашан қанат жайған робототехника елімізде соңғы 5-6 жылдың көлемінде қолға алынса, облыста 2-3 жылдан бері серпін алуда. Осы орайда, жас сала өнертапқыштарды даярлау мақсатында қала әкімдігі білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығында 2016-2017 оқу жылында «Робототехника» үйірмесі ашылған болатын. Құлтемір шеберлерін даярлауда жұмысын бастаған үйірмеде бастапқыда материалдық-ресурстық базасын жетілдіру үшін қалалық бюджеттен 5 миллион теңге бөлінген екен.

 


– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында адами капиталды дамыту қажеттігін баса айтты. Соған байланысты облыс орталығында роботты техниканы дамыту бағыты жолға қойылды. Осы арқылы балалар шығармашылығын ынталандырып, дарындыларды анықтауға атсалысамыз. Орталықта 6 бағыт бойынша 29 үйірме жұмыс істейді. Оқушылар техникалық және технологиялық, политехникалық, математикалық, сәндік-қолданбалы, биологиялық бағытта білім алуда. Жаңа инновацияға әсіресе жасөспірімдердің әуес екенін орталықтан бірден аңғаруға болады. Себебі күн санап келушілер қатары артып, бүгінде 2500-ге жетіп отыр, – дейді орталық директоры Марат Ибрагимов.

 


Сондай-ақ орталықтың «Қаратау» және «Аса» мөлтек ауданында бөлімшелері жұмыс істеп жатса, бала санын кең көлемде қамту мақсатында №№11, 27, 28, 33, 39, 47, 54, 57 орта мектептерінде орталықтың бөлімшелері балаларға қосымша дәріс беруде.

 


Қала мектептерінен 1-11 сынып аралығында шығармашылыққа аңсары ауған жасөспірімдер аталмыш бағыттар бойынша техникалық салаларға машықтануда. Айта кетейік, үйірмелерде оқушылар алғашқы медициналық жәрдем беру, аспаздық өнер, ұшақ-кеме жасап үйрену және автокөлік айдаудың қыр-сырымен танысады. Ал 11-сыныпқа келген соң, автомеханиканы меңгерген оқушылар «В, С» санатты жүргізуші куәлігін алып шығады екен.

 


Ал аймақта енді ғана қарқын алған орталықтың өнертапқыштарының еңбегі облыстық, республикалық байқауларда жоғары бағаланып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Бүгінде орталық «KazRobotics» білім беру және спорттық роботты техника федерациясымен меморандумға отырып, техника тілін жастайынан меңгеріп, құлтемірге жан бітірген өнертапқыштарды дамыту мақсатында түрлі деңгейлі байқауларға қатыстырып отырады. Орталық жастарына барлық бағыт бойынша білімі мен біліктілігі жоғары 65 педагог сабақ береді. «Робототехника» үйірмесіне мамандар жетіспейтін көрінеді.

 

15 Будущее уже сегодня2


– Үйірме үш бағытта жұмыс жасайды. Бірінші бағытта тәрбиеленушілер Lego EV3 топтамасымен танысып, кіші ауыл шаруашылығына, зауыттарға, фабрикаларға пайдалы жобалар жасауды үйренеді. Екінші бағытта «Робоспорт» категориясымен қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға жұмыс дайындап, сайысқа түседі. Үшінші бағытта Arduino топтамасымен үлкен жобалар жасауды меңгереді. Жалпы робототехника курстары – бірқатар қиын техникалық пәндерді оқушыларға үйретуде керемет құрал. Мұнда оқушылардың тек логикалық ойлау қабілеті жетіліп қана қоймай, сонымен қатар математикалық, алгоритмдік қабілеттері мен электронды сызбаларды түсіну, өз ойын нақты және дұрыс жеткізу, проблемаларды түрлі жолдарымен шешу, топпен жұмыс жасау секілді басқа да зерттеушілік біліктіліктерін де дамытады. Нәтижесінде оқушылар өз жобаларын жүзеге асыра алады, – дейді орталықтың қосымша білім беру педагогы Айнұр Сұраншиева.

 

15 будущее  сегодня3


Сондай-ақ оқушылардың жасаған жұмыстары облыс орталығында өткен Ақтөбе облысының күндерінде және Д.Қонаевтың 100 жылдығы мен шеберлер қалашығында көпшілік назарына ұсынылып, жоғары бағасын алған. Ал аталмыш үйірмеге келіп, робототехниканы үйренгісі келетіндердің қарасында шек жоқ. Үйірмеге жазылған оқушылар саны 90-нан асып жығылады. «Робототехника» үйірмесіне оқушылардың қызығушылығы артып, түрлі жобалар жасауда.

 


Төртінші революцияға аяқ басқан елімізде жаңа технологиялар мен инновациялық жобалар және идеялар керек. Қазіргі бәсекелестік нарық ғылымнан бағыт алады. Ал күн сайын дамып отырған ғылым саласын ілгерілетудің жолы робототехникаға байлаулы. Міне, жаңа дәуірдің парағын ашқан жас сала үшін өнертапқыштардың атқарар еңбегі орасан. «Ойдан ой туындап жатқан тұста, орталық оқушыларының жасаған жұмыстарын толыққанды жетілдіріп, қажетті шаруашылық мекемелерге ұсынамыз» – деген Марат Кенжебекұлы орталық тәрбиеленушілерінің алар асуы мен шыңдарды бағындыратынына үміт артып отыр.

 

Толғанай АТАБАЙ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Қазақстан, Қытай мен Ресейдің ірі энергетикалық компанияларының өкілдері қатысқан табиғи газбен жүретін көліктердің халықаралық автошеруі Тараз қаласына табан тіреді. Қытай Халық Республикасының шығысында орналасқан Жудун қаласынан Қазақстан арқылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласына бағыт алған автошеру ұзындығы 9881...
Қала күні қарсаңында «Jambyl -Taraz» газетінің редакциясы қалалық әкімдіктің қолдауымен үш түрлі байқау жариялайды. Тарихтың айнасына айналған Тараздың қасиет... 1. «Менің киелі Таразым» жас суретшілер байқауына қылқаламды жанына серік еткен бүлдіршіндер қатыса алады. Бұл кезеңде балғындар екі мыңжылдық...
Кім болмасын, ұрпағының салиқалы, білімге құштар, толыққанды азамат болып қалыптасқанын қалайды. Сол себепті кейбір отбасылар перзентінің тілі шыққан... «Бұрын ләңгі теуіп, доп қуып асыр салып ойнаушы едік» деген аға буынның бүгінгі уайымы – компьютерге телмірген балалардың...
ҚР Конституциясы күніне орай, облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Жамбыл облысы әкімінің кубогы... «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен дүбірлі доп додасына республика көлеміндегі телеарналар мен басылымдардан құралған 11 команда қатысып, өзара кім...
Тараз готов к зиме – утверждают коммунальные службы. Прошлая зима деликатно напомнила всем нам, что полагаться на теорию глобального потепления пока рановато. Температуры января-февраля побили все...
Оңтүстік өңірде Тараз, Шымкент қаласынан кейінгі газбен жабдықтау желілері жаңғыртылып, ауыстырылып жатқан екінші қала. Ал көне шаһарда газ тарату... ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен...
Сентябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00