ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 каз

Егемен елдің шежіресі

 

4 Егемен елдің шежіресі 1 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ тарихы таңбаланған  «Тәуелсіздік дәуірі» атты энциклопедиясы 500 данамен жарық көрді.

 

4 Егемен елдің шежіресі



Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының еңбегі жайлы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ҚР Тұңғыш Президенті мәжіліс залында профессор-оқытушылар мен зиялы қауым өкілдері өз ойларын білдірді.

 


«Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады» деген кіріспемен басталған кітап 4 бөлімнен тұрады. Университет ректоры Махметғали Сарыбеков тізгіндеген шарада аталмыш оқу ордасының «Заң» факультетінің деканы Қайрат Нұрманбетов, «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы Әзімхан Ыбырайым баяндама жасады.
– Кітаптың «Ұлы бетбұрыс» атты тарауында 1990 жылдардың ортасында жаңа мемлекеттіліктің берік іргетасының қаланғаны, саяси тұрақтылықтың орнағаны жөнінде баяндалады. Оны 1995 жылы жүргізілген екі референдумнан анық аңғаруға болатындығы айтылады. Оның бірінде қазақстандықтар Президент өкілеттілігі мерзімін ұзартуды бір ауыздан қолдайтындықтарын ашық білдірсе, екіншісінде Конституция жобасы қабылданды. Сөз жоқ, бұл жылдардағы елімізге үлкен бетбұрыс әкелген айтулы оқиғалардың бірі Елбасының 1997 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы болды. Онда жаңадан қабылданғалы тұрған «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асыру жайы айтылды. Сонымен бірге жаңа астана салу бастамасы да осы кезеңде көтерілді. Өз еңбегінде Елбасы астананы көшіру бірқатар өзекті мәселелерді шешуге ықпал еткенін, соның нәтижесінде Қазақстан халқын ұлттық идеяларға ұйыстыратын жаңа саяси орталық құруға болатынын, аймақтардың бір-бірімен ықпалдасуы күшейіп, ел дамуының алтын діңгегіне айналатын тың қозғаушы күштің туатынын түсінгенін мазмұнды әңгімелейді, – деді Әзімхан Оразбайұлы.

 


Сондай-ақ жиында Технологиялық факультет деканы Әнуарбек Әймен де осы бір кезеңдердегі оқиғалардың Елбасы еңбегінде кеңінен көрініс тапқандығын атап өтті. Сонымен бірге «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» факультетінің деканы Зәуреш Абдукаримованың «Қалыптасқан мемлекет» тақырыбында жасаған баяндамасында кітапта Қазақстанның тарихи оқиғалардың алаңына айналып, халықаралық саясатта беделінің арта түскендігі оның бел ортасынан табылған автор көзімен шынайы суреттелгеніне назар аударды.

 


Тағылымды шара соңында Елбасы еңбегіне қатысты бірқатар профессор-оқытушылар пайымды пікірін білдіріп, аталмыш кітапты тарихшы мамандарды даярлау және ұрпақ тәрбиелеу ісінде қолдану туралы ұсыныстарын жеткізді.

 

Толғанай АТАБАЙ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Память о погибших земляках навсегда останется в наших сердцах. Жамбылский русский драматический театр в дни памяти афганских событий показал спектакль «Пегий Пес, бегущий краем моря» по одноименной...
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық мемлекеттік кітапханаларында бір мезгілде әдеби дүрбі форматында онлайн интерактивті... Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Бабалар...
Секрет победы на татами прост и складывается из уважения к сопернику, веры в себя, упорства в достижении цели и... Девушка на татами – зрелище уже привычное. Бесспорно, девушка в кимоно красива, а если она еще и может...
В боях на ринге участвуют более 210 спортсменов из сборных команд Таджикистана, Узбекистана, Кыргызстана и Республики Казахстан. Во Дворце спорта «Тараз-Арена» стартовал международный турнир по боксу среди молодежи, посвященный памяти мастера спорта СССР, заслуженного тренера...
В Таразе из 750 установленных приборов учета тепла используются по назначению лишь 162. О том, как складывается ситуация с отоплением, мы обратились в государственное коммунальное предприятие «Таразтрансэнерго, где на наши вопросы...
Қыс мезгілі нағыз ортасына келген тұста қаһарына мінді. Өткен аптадан бері қалада ауа райы температурасы күрт төмендеді. «Қазгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының берген мәліметіне сүйенсек, 1 ақпан күні ауа райы болжамы жауын-шашынсыз, кей...
Февраль 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 1 2 3 4

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00