ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 каз

Отбасы жылылығы – жылы жүректен

 

4 Отбасы жылылығы

 



Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашақққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында еліміздің көркеюіне үлес қосқан, есімі ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту мақсатында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жүзеге асты. Жоба бойынша Жамбыл облысынан 8 адам жеңімпаз деп танылған болатын. Сол есімі алтын әріппен жазылуға лайық деп танылғандар арасында өз балаларынан бөлек, сегіз баланы бауырына басқан Меркі аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полициясының аға сержанты Ғалым Арыстанбаев та бар. Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы осынау игілікті істі игеріп, жетімдер үйінің сегіз баласын бауырына басқан жанұямен «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында кездесу өтіп, балажан отбасының тәлім-тәрбиесін жастарға үлгі етті.

 


Жетімдер үйінде өскен әр баланың тағдыры әртүрлі. Бірі тоғыз ай, он күн көтерген нәрестесінің тағдырын тас жолдың бойына тапсырып кете барған желкілдек ата-ананың «тірі» жетімі болса, енді бірі бөбегіне өлшеуші өмірдің тауқыметін арқалатып, тағдырға қылар қайраны қалмай, ажал құшқан ата-ананың артында қалған жәудір көзі. Жетімін жылатпаған қазақтың кең пейілімен, туылмай жатып өмірдің кермек дәмін татқандарға жанашырлық танытып, жетімдер үйіне бас сұғып, тағдырлы балғындардың тірегіне айналуды мақсат тұтқан Арыстанбаевтарға қандай мақтау, мадақ болса да лайық.

 


Қазіргі таңда 11 бала тәрбиелеп отырған отбасының 6 ұл, 5 қызы бар. Олардың 8-і жетімдер үйінен алынған әзірбайжан, қытай, өзбек, сыған, орыс, ұйғыр, татар сынды әртүрлі ұлт өкілдерінің бүлдіршіндері.
– Өз отбасымызда 3 бала дүниеге келген. Біз қыз асырап алуды арман еттік. Бір бала асырап алу мақсатында Меркі ауданындағы В.Савва атындағы балалар үйіне бардық. Ол жерден түрлі жастағы 4 баланы, артынан тағы үш баланы үйге ертіп келдік. Біз бір отбасындағы балаларды бір-бірінен ажыратқымыз келмеді. Тағы бір баланы Тараздағы «Үміт» сәбилер үйінен алдық, – дейді отағасы Ғалым.
Кездесуге он бір перзентін жетектеп Ғалымның анасы, балалардың әжесі Нұрсұлу Жапарқұлова мен жары Әлия Көбегенова да келді.

 


Кешті жүргізген кітапханашы Нұршат Әбдірахманова Кеңесхан мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат пен Жамбыл облыстық дін басқармасының психолог маманы Ләззат Мырзашқа сөз кезегін беріп, Арыстанбаевтар отбасының ой салар игі ісіне қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

 


Кітапхана қызметкерлері сондай-ақ кеш барысында осы отбасы күтпеген жылы жүздесулерден өз кезегінде түрлі тосынсый ұйымдастырды.
Даладай дархан пейілді әке мен күндей ыстық көңіл иесі ананың аялы алақанына не жетсін?! Әр баланың көзінен бақыттың ұшқыны байқалып, жанарында нұр ойнап тұрды.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің одан әрі жаңғыруының жалғасы... Елбасы Жолдауының түсінікті он міндеті жаңа технологиялық қалыптың барлық артықшылықтарын пайдаланатын қағидатты түрде жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша...
Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Жамбыл облыстық коалициясының отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына... Жиында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аймақтық коалицияның төрағасы Мұратхан Шүкеев Елбасы Жолдауы Төртінші индустриалды...
Наша область – одна из активных и сильнейших в этом виде боевого искусства. Было время, когда каратэ находилось под запретом, им занимались подпольно. Естественно, об этом виде боевого искусства ходило немало...
Они будут продолжать упорно работать, чтобы вновь выйти в премьер-лигу. Прошедший год для футбольного клуба «Тараз» стал достаточно эмоциональным. Да только вот эмоции, к сожалению, далеко не положительные. Для начала...
Поставщики природного газа инвестируют дополнительные средства на содержание сетей и оборудования. Департамент Комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики РК по Жамбылской области...
Новые шкафные пункты не содержат цветных и ценных металлов. C 2011 года в Таразе продолжается модернизация газовых сетей, проводимая Жамбылским производственным филиалом АО «КазТрансГаз Аймак» (КТГА). Вместо...
Январь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00