ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 каз

Әлеуеті артқан Әулиеата

 

45 статистика

 


Қазақстан тарихында бірыңғай орталықтандырылыған орган 1920 жылдың 8 қарашасында құрылған болатын. Еліміз тәуелсіздік алған соң Елбасының жарлығымен осы күн статистика күні болып белгіленіп, бүгінде өз дәрежесінде аталып өтілуде. Төңіректі сандармен түгендеген сала мамандарының қызметі орасан. Ата Заңымызда көрсетілгендей, еліміздің бас байлығы – адам деп білсек, бүгінде облыс орталығында 361786 адам өмір сүруде.


Соңғы санақ деректері бойынша 2009 жылы қала халқының саны 320634-ті құраған болатын. Яғни сегіз жыл ішінде бұл көрсеткіш 41152 адамға өсті. Екі мыңжылдық тарихы бар көне шаһар халқы саны жағынан Алматы, Шымкент, Астана, Қарағанды, Ақтөбе қалаларынан кейін алтыншы орында. Онда әйелдердің үлесі – 53 пайызды құраса, ал ерлер – 47 пайыз. Жалпы демографиялық ахуал – бала туу және өлім-жітімнің көрсеткіші арқылы сипатталады. Мәселен, ағымдағы жылдың тоғыз айында туылғандар саны 6536-ны құрады. Ал өлім-жітім саны 2 033-ті көрсетуде. Сондай-ақ үстіміздегі жылдың он айында 2441 неке қиылса, 915 ажырасу фактісі белең алған. Дегенмен, осынша халқы бар облыс орталығында әлі күнге дейін Неке Сарайының жоқтығы көңіл алаңдатады. Бүгінде қалада жас отаудың неке қию рәсімі үйлену тойдың алдында өтіп жатқан жайы бар.


Ал қаңтар-тамыз айларындағы көрсеткіш бойынша қалаға келген көші-қон қызметіне 4555 адам тіркелсе, қаладан қоныс аударғандар саны – 11957. Бұл арқылы соңғы он жыл ішінде қала тұрғындары санының өсуі баяулағанын аңғаруға болады. Әрине, мұны өнеркәсіп пен пайдалы қазбалар және басқа да экономикалық игіліктердің тапшылығы сияқты факторлардың болуы салдарынан деуге болады. Сондай-ақ соңғы жылдары қалаға бірқатар саяжайлар мен Құмшағал, Шөлдала алқаптары қосылғанымен өсім көңіл көніштерлік емес. Елімізде 2019 жылы планшеттік жүйе арқылы ұлттық халық санағы жүргізіледі деп күтілуде. Заманауи жүйемен жүргізілетін санаққа дайындық келер жылы Ақмола облысының Бурабай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының Аягөз аудандарында өтеді деп жоспарлануда. Көне шаһар бүгінде этникалық әр алуандылығымен бай. Өйткені Тараз республиканың әр аймағында сирек кездесетін түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан мекен. Қазіргі таңда қала тұрғындарының 17,49 пайызы – орыстар, ал кәрістер – 2,12, түріктер – 1,32, өзбектер – 6,2 пайызды құраса, неміс, күрді, қырғыз, дүнген, грек, әзірбайжан, ұйғыр, шешен, татар секілді ұлттар 6,44 пайызды құрап отыр. Облыстың орталық бөлігінде орналасқан Тараз көрікті қалалар көшінде. Әсіресе тарихи жәдігерлері мен әлеуметтік нысандары көздің жауын алардай. Мәселен, қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің мәліметінше, қаладағы мұражай, мейрамханалар мен кафелердің саны 280-ге жетіп отыр. Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын қазан айында Қазақ хандығының 550-жылдығы Тараз төрінде кеңінен тойланғаны белгілі. Сол тұста еліміздің барлық аймақтарының оннан астам ескерткіштер мен демалыс аймақтары салынды. Сонымен қатар күні кеше Астана төрінде өткен ЭКСПО Халықаралық көрмесі қарсаңында келешекте туристік орталыққа айналатын Тараз қаласының кереметін 45000 туристер тамашалай алды. Айта кетейік, қалада медицина жақсы дамып келеді. Соңғы жылдары салынған бірқатар ірі медициналық мекемелер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мәселен, «Химпоселок» ауданы медициналық қалашыққа айналып та үлгерді. Онда екі перинаталдық орталық, пен екі қалалық аурухана мен бір емхана, облыстық қан орталығы және дәрігер Кученевтің клиникасы орналасқан. Сонымен қатар қазақ даналығында «кеменің басын қайда бұрсаң, сол жаққа қарай бағыт алады» деген аталы сөз бар. Сол секілді сәбиге қойылған есім оның алдағы өміріне көп әсерін тигізеді. Айта кетейік, соңғы жылдары шаһарымызда дүниеге келген сәбилерге Айару, Раяна, Қазына, Айсұлтан, Әлихан және Нұрислам деген есімдер қойылуда. Жамбыл облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, қала тұрғындарының 100 пайызы сумен және 99,8 пайызы табиғи газбен қамтамасыз етілген екен.


Ал әлеуеті дамып келе жатқан Тараз қаласының тұрғындары қала халқының саны жөнінде не айтады?

 

Жантелі ОМАРОВ,
республикалық «Салық тәртібі» газетінің орынбасары:
– Ежелден бері Тараз көп ұлтты, көп конфессиялы ел екеніне тарих куә. Бұл жерде Ұлы Жібек жолының маңызды учаскесі түйісуінің арқасында Таразға қазақтар, өзбектер, славяндар, византиялықтар мен басқа да көптеген ұлттар қоныс тепті. Көпестер әр елден келді. Бүгінде қаланың экономикалық әл-ауқаты артып келеді. Демек демографиялық өсім де бар.

 

Алтынай МОЛДАШЕВА,
оқытушы:
– Қалада қазір 380 мың тұрғын тұрады деп ойлаймын. Қателеспесем екі жыл бұрынғы статистика мәліметі бойынша 340 мыңнан астам халық болуы керек. Соңғы жылдары қалада туу көрсеткіші көтерілгеніне байланысты халық саны да өсіп отырған болар.

 

Ермек ӘМІРҚҰЛОВ,
қала тұрғыны:

– Қазіргі кезде ауылдан қалаға көшу үрдісі кеңінен белең алуда. Тіпті соңғы жылдары қала аумағына шеткі аймақтағы елді-мекендер енді. Нақты санын білмеймін, бәлкім шамамен 500 мың адамды құрап қалатын шығар.

 

Толғанай АТАБАЙ

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің одан әрі жаңғыруының жалғасы... Елбасы Жолдауының түсінікті он міндеті жаңа технологиялық қалыптың барлық артықшылықтарын пайдаланатын қағидатты түрде жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша...
Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Жамбыл облыстық коалициясының отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына... Жиында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аймақтық коалицияның төрағасы Мұратхан Шүкеев Елбасы Жолдауы Төртінші индустриалды...
Наша область – одна из активных и сильнейших в этом виде боевого искусства. Было время, когда каратэ находилось под запретом, им занимались подпольно. Естественно, об этом виде боевого искусства ходило немало...
Они будут продолжать упорно работать, чтобы вновь выйти в премьер-лигу. Прошедший год для футбольного клуба «Тараз» стал достаточно эмоциональным. Да только вот эмоции, к сожалению, далеко не положительные. Для начала...
Поставщики природного газа инвестируют дополнительные средства на содержание сетей и оборудования. Департамент Комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики РК по Жамбылской области...
Новые шкафные пункты не содержат цветных и ценных металлов. C 2011 года в Таразе продолжается модернизация газовых сетей, проводимая Жамбылским производственным филиалом АО «КазТрансГаз Аймак» (КТГА). Вместо...
Январь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00