рухани жангыру и пром революция каз

Киіз үй – кәсіп те, нәсіп те

 

11 Юрта символ мира2

 

Алдымен осы қажетті құндылығымыздың қасиеттеріне үңілсек. Бір ғана киіз үйдің ішінде бір халықтың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдеп-ибасы тұнып тұр. Киіз үйдің ішкі-сыртқы құрылысы, безендірілуі, оның ішіндегі отбасы мүшелерінің әрқайсысының өз орны, арнайы лайықталып жасалған жиһаздар – осылар жайында бүгінгі ұрпақ біле ме?


Жылда Наурыз мерекесі еліміздің барлық аймағында кеңінен тойланады. Орталық алаңда қаз-қатар киіз үйлер тігіліп, бауырсақ пен наурыз көже пісіріліп, шұбат, қымыз сапырылып, самаурын қайнап, бір жасап қаламыз. Жиналған жұртшылық бірге ән айтып, би билеп, алтыбақан тебеді. Білекті жігіттер күресіп, көкпар тартады. Жастар жасамысына сәлемін, қарттары ұрпағына батасын береді. Осының бәрі ақшаңқан киіз үйдің айналасында болып жатады. Киіз үй – халқымыздың ең алғашқы сәулеттік құрылысы. Бұрышсыз үй қыста да, жазда да өмір сүруге қолайлы. Жылжымалы үйде әп-сәтте көшіп-қонуға болады. Жер сілкінісіне де төтеп береді. Оның жалпы салмағы – жабдықтарымен қосқанда 300-400 келі. Кезінде киіз үйді бір түйеге артып, жаңа қонысқа көшкен. Ежелден киіз үй жасау ата кәсібіміз болған. Оны жасау мен құру өнерін ЮНЕСКО ұйымы әлемдік мәдени мұралар тізіміне қосқан. Әлем көз тігіп, таңдана таңдай қаққан қазақтың киіз үйі бүгінде бизнес көзіне айналғандай. Бұрындары қазақтың ұлттық дүниелерін жалға беру таңданыс тудыратын. Сондай-ақ оларға деген сұраныс та жоқтың қасы еді. Ал Наурыз мерекесі ресми тойлана бастаған 1990 жылдардың аяқ шенінен бастап қазақ үй, алтыбақан, ұлттық киімдер сияқты заттарымызды жалға алу үрдісі сәнге айналды. Тіпті ұлттық дүниелерімізді жалға беруді табыс көзіне айналдырғандар да жоқ емес. Наурыз мерекесінің қазір барған сайын кең тойлана бастағанынан болар, олардың бизнестері тәп-тәуір пайда түсіруде. Тіпті кейбіреулер қазақ үй, алтыбақандарын тұтынушыларға жеткізе де алмай жататынға ұқсайды. Бір байқағанымыз, осындай бизнеспен айналысатындардың саны артса да, баға тұрақтанар емес, керісінше, жыл сайын еселене түсуде. Әрине, бір жағынан іштей бәрекелді деп қаласың. Тойдың сәнін ұлттық дүниелеріміз бен бұйымдарымыз келтіріп, Ұлыстың ұлы күні лайықты деңгейде өткізіліп, мәртебесі биіктеп жатса, қалай қуанбасқа. «Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» деген жақсы сөз бар. Былайша айтқанда, салт-дәстүр – халықтың тілінің тірегі, рухани өзегі және мәдениетінің діңгегі. Міне, осы құндылықтарымыз, әсіресе, Наурыз мерекесі барысында жақсы көрініс тауып жатады. Бір анығы, киіз үй тігіп, алтыбақан орнатып, ұлттық киімдер киіп шығу жағынан қазір бірінен-бірі озып түсуде.


Ал біздің қаламызда Наурыз мерекесі биыл Төле би көшесінің бойында тойланады деп жоспарлануда. Қаланың 15-ке жуық мекемесі киіз үй тігіп, жаңа жылды жоғары деңгейде атап өтпек. Осы орайда, бағасын білмек болып біз қазақ үй, алтыбақан, ұлттық киімдерді жалға беретін мекемелермен хабарласып шықтық. Өйткені Наурыз мейрамына этнографиялық реңк беретін заттар – негізінен осылар. Сөйтсек, алты қанатты киіз үйден бастап он алты қанатты киіз үйге дейінгі баға 60-420 мың теңге аралығында екен. Алты қанаттылы – 100 мың, сегіз қанаттылы – 150 мың теңге. Пайдалану мерзімі – үш күн. Ал арнайы жасалған, биік алтыбақандар 100 мыңның көлемінде екен. Ұлттық киімдерге келсек, тәулігіне 3,5-15 мың теңге мөлшерінде. Байқап отырғандарыңыздай, Наурыз мерекесін білгенімізше атап өтудің өзі біраз шығынға батырады. Негізгі айтпағымыз да осы еді. Теңеуіміз кейбіреулерге түсініксіздеу көрінер, әйтсе де, мәселен, еліміздегі ең қымбат қалалардың бірі Алматыда үш бөлмелі пәтерді жалға алсаң, айына 100 мың теңге төлейсің. Ал киіз үй үшін үш күнге орта есеппен 200 мың теңге төлейсің. Әрине, киіз үйдің қадір-қасиеті жоғары, әсіресе, қазақ үшін оның орны бөлек. Десек те, біз ұлттық дүниелерімізді қолжетімді етуге тырыспаймыз ба? Сонда оларға деген сұраныс қазіргіден де арта түсер еді. Сол сұранысты арттыру арқылы қай-қайсысы болмасын, кез келген этнографиялық заттарымызды насихаттауға да болады. Қазақстанда тұрып, қазақтың ұлттық дүниелерінің бағасын сол қазаққа аспандатып өткізуіміз жөнсіз сияқты. Бұл тұста бара-бара ұлттық құндылықтарымыз таңсық болып жүрмесін. Керісінше, кеңестік дәуірде малшылар көктем шыға жайлауға қоныс теуіп, қыс түскенше киіз үйді паналайтын. Міне, сол кездері ата-әжелеріне қыдырып барған балалар айлап киіз үйде жататын. Ал қазіргі балалардың көпшілігі киіз үйдің атын біледі, затын көрмеген. Алтыбақан да дәл солай. Ауылда кеш бата балалар алтыбақан басына жиналатын. Енді ол да жәдігерге айналып барады.


Біздің ұлттық құндылығымызға көз салған шетелдің азаматтары да қазақ үй арқылы күн көріп отыр. Мәселен, АҚШ пен Еуропада киіз үйлер жалға беріле бастады. Қазіргі кезде саяхаттаушыларға үйлерді жалға ұсынатын «Аirbnb» сайтында 6 киіз үйдің жалға берілетіні туралы хабарландыру бар. Ал «Houseboats» сервисінде 5 хабарландыруды көруге болады. Олардың барлығында киіз үйлер моңғолиялық ғажайып ретінде таныстырылған. «Аirbnb» сайтындағы 6 киіз үйдің 1-і АҚШ-та, қалғаны Германия, Франция, Испанияда. Олар киіз үйді жалға тәулігіне 33-129 «көк қағазға» ұсынуда. Жалға берушілер киіз үйлерді жарнамалау кезінде «Шыңғыс ханның рухын сезінуге» және көшпенділердің тұрмыс-тіршілігімен танысуға шақырады.

 

Киіз үйлер заманауи қажеттіліктермен – ауа баптағыш, теледидар, Wi-Fi, кір жуғыш машиналармен жабдықталған. Ал киіз үйде үйлену тойларын өткізу Ұлыбритания мен Канадада үлкен сұранысқа ие. Киіз үйді жалға алу құны 3-5 мың ағылшын фунт стерлингі шамасында екен. Көшпенділердің колоритін түгелдей дерлік ағылшын тойларына бейімдеу ұйымдастыру агенттіктерінің мақсаты емес. Олар тек киіз үйдің түпкі негізі мен конструкциясын ғана алған. Осылайша, ежелгі көшпенділердің негізгі баспанасы болған, қазақ халқының бренді іспетті киіз үй күллі әлем архитекторлары мен дизайнерлерінің ықыласын арттырып отыр. Компания клиенттерге киіз үйді өздері жеткізіп, оны құрып, толықтай дайындап береді. Сондықтан да тапсырыс берушілердің алаңдауына еш негіз жоқ екен. Англиядағы ең ірі ивент-агенттікке тиесілі ең үлкен киіз үй 90 қонаққа арналған. Бұл ағылшын тойы үшін жеткілікті. Әрине, адам көбейіп кеткен жағдайда олар тағы бірнеше киіз үйге тапсырыс бере алады. Киіз үй той иелері мен той қонақтарына қайталанбас әсер мен ерекше атмосфера сыйлайтын көрінеді. Сондай-ақ қытайлықтар киіз үйдің демде құрап, лезде жиналатын заманауи түрін де жасап шығарыпты. Қалай десек те, оларға қазақтың қара шаңырағы емес, одан түсер қаржы қымбат екені түсінікті. Дегенмен елімізде сән-салтанаты асып-тасыған мейрамханалар мен дәмханалар шетелдің қаңсығын таңсық етіп отырған заманда ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын ұлықтайтын уақыт келген секілді.


Киіз үй – қазақтың баспанасы ғана емес, қара шаңырағы. Ендеше қара шаңыраққа ие болар қара бала қайда?

 

Арайлым Шабденова

 

 

Комментарии   

# Киіз үйНуржалгас 05.05.2017 21:26
Ассаламағалейкум тараздан қай жерден киіз үйді жалға алуға болады болса xабарын берсеңіздер шұғыл түрде қажет еді.Бар болса мекен жайын берсеңіздер алдын ала раxмет 87085365207 менин тел номирим
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Қазақстан, Қытай мен Ресейдің ірі энергетикалық компанияларының өкілдері қатысқан табиғи газбен жүретін көліктердің халықаралық автошеруі Тараз қаласына табан тіреді. Қытай Халық Республикасының шығысында орналасқан Жудун қаласынан Қазақстан арқылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласына бағыт алған автошеру ұзындығы 9881...
Қала күні қарсаңында «Jambyl -Taraz» газетінің редакциясы қалалық әкімдіктің қолдауымен үш түрлі байқау жариялайды. Тарихтың айнасына айналған Тараздың қасиет... 1. «Менің киелі Таразым» жас суретшілер байқауына қылқаламды жанына серік еткен бүлдіршіндер қатыса алады. Бұл кезеңде балғындар екі мыңжылдық...
Кім болмасын, ұрпағының салиқалы, білімге құштар, толыққанды азамат болып қалыптасқанын қалайды. Сол себепті кейбір отбасылар перзентінің тілі шыққан... «Бұрын ләңгі теуіп, доп қуып асыр салып ойнаушы едік» деген аға буынның бүгінгі уайымы – компьютерге телмірген балалардың...
ҚР Конституциясы күніне орай, облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Жамбыл облысы әкімінің кубогы... «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен дүбірлі доп додасына республика көлеміндегі телеарналар мен басылымдардан құралған 11 команда қатысып, өзара кім...
Тараз готов к зиме – утверждают коммунальные службы. Прошлая зима деликатно напомнила всем нам, что полагаться на теорию глобального потепления пока рановато. Температуры января-февраля побили все...
Оңтүстік өңірде Тараз, Шымкент қаласынан кейінгі газбен жабдықтау желілері жаңғыртылып, ауыстырылып жатқан екінші қала. Ал көне шаһарда газ тарату... ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен...
Сентябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00