рухани жангыру и пром революция каз

Той тойлау да - тәрбие

 

                                                   36 той тойлау

 

Пейілі дархан даладай кең болған халқымыз той жасауда әлемде алдына жан салмайтыны белгілі. Қазіргі таңда той жасаудың жөні осы екен деп қыз ұзату, үйлену, мерейтойлар былай тұрсын, кішкене баласы мектептен мақтау қағазын алса да дүркіретіп той жасай беретін болдық. Шілдехана, бесік тойы, тілашар, сүндет той секілді етжақын ағайын-туыстың арасында, өз шаңырағымызда шағын ортада атап өтуге болатын қуаныштың бәрін мейрамханаларда тойлау үрдіс алып кеткелі қашан.

 

36 Ах эта свадьба пела и плясала1

 

Ал, енді осының бәрінен жоғары тұратын той – ол, бірін-бірі сүйіп, үлкен өмірге бірге қадам жасауға ниеттенген жастардың неке тойы. Қазақ бұл тойға қашаннан аса мән береді. Қызды ұзату тойына дейінгі атқарылатын жөн-жоралғылар - болашақ қалыңдықтың құлағына сырға салу, қоржын салу, қыздың ата-анасынан бастап, барша туған-туысқандарына атаулы кит үлестіру секілді атқарылатын салт-дәстүрлер, әрине қазақ тойының ажарын аша түсері сөзсіз. Дегенмен, жасты да, жасамысты да алаңдататын жайт, үйлену тойларының әртүрлі бағытта өткізілуі. Соңғы уақытта көптің көңілін күпті етіп отырған мәселе, «Бүгінгі үйлену тойлары тойдан гөрі бәсекелестікке айналып бара жатқан жоқ па?» - деген сауал. Сонымен қоса бүгінде көп жерлерде «Қазақтың үйлену тойлары тойдан гөрі «шоуға» ұқсап бара жатқандай ма қалай?!» - деген пікірлерді де құлағымыз жиі шалып жатады. Десе де «Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» демекші, тойды кім қалай өткізсе де салт-дәстүрімізден аттамай, қазақы менталитетімізді жоғалтпасақ игі.
Тойдың «шоуға» ұласуы, әрине, той иесінің сұранысына байланысты тойдың фото-видео түсірілімі де назардан тыс қалмайды. Қазіргі таңда қаламызда мұндай қызметтерді ұсынатын бірнеше орталықтар жұмыс жасайды. Осы орайда қазіргі той туралы көпшіліктің ой-пікірін білген едік.

 


Ақмарал Даукулова, қала тұрғыны, мұғалім:
- Мен 80-ші жылдардың аяғында тұрмысқа шықтым. Бүгінгі күні 1 қыз 2 баламнан 3 немере сүйіп отырған апалардың бірімін. Біздің кездің тойларды қазіргі тойлармен салыстырып қарасам, сол 30 жылға жуық аралықта тұтастай тойдың өткізілу мәдениеті мен аясының өзгергені аңғарылады. Бұрындары ұзатылып бара жатқан қыз «Сыңсу» айтушы еді, құдалар бір-бірімен төс қағыстырып, еш арақ-шарапсыз қызықты тойлар өткізілуші еді. Сондай-ақ, артық шығынсыз қазіргідей қарызданбай, қауғаланбай есіктің алдында өткізілетін. Ал қазір бірінен бірі қалғысы келмейді, әйтеуір несие алса да той жасау керек. Әр адам өзінің «көрпесіне қарай көсіліп», тойдың өз мәнерінде өтуіне көңіл бөлуі керек. Қазір кей тойларға барсаң жастардың үйлену тойынан гөрі, ойын –сауы шоу бағдарламасының ортасына түскендей кейіпте боласың. Бастан аяқ цирк әртістері құстарды ұшырып, жыланды ойнатып, жалаңаштанған жасөспірім қыздар шығыс биін билейді. Меніңше, қаражаттан қысылмайтын ауқатты адамдардың өзі де мұндай ысырапшылыққа барғаны құптарлық жәйт емес.

 


Ержан Балқожаев, «Авация» жастар театрының директоры, той ұйымдастырушы:
- Біздің шығармашылық топ кез келген тойды ашылу салтанатынан бастап жабылуына дейін шоу бағдарламалар арқылы ұйымдастырады. Ол үшін бізде екі жасты алып шығатын «лотос гүл» (реквизиттер) , сүндет тойда баланы көтеретін тақ бар. Сонымен қатар бұған міндетті театрландырылған көріністер қосамыз. Қазіргі таңда той иелерімен екі бағытта жұмыс жасаудамыз. Біріншісі қазақы салт-дәстүр болса, екіншісі еуропалық стильде. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда еуропалық стильге сұраныс жоғары. Мұнда той иесін қызықтыратыны - лазер-шоудың қолданылуы. Мен тойдың еуропалық бағытқа бет бұра бастағанына алаңдаймын. Қазір осы екі бағытты біріктіру үшін жұмыс жасап жатырмыз. Қазақтың тойынан ұлттық салт-дәстүріміздің иісі аңқып тұруы керек қой. Халық осыны жадынан шығармаса екен.

 


Олжас Апбозов, «Gold Star Cinema» видео-студиясының жетекшісі:
- Тараз қаласында 2013 жылдан бастап видео-студия ашып, жұмыс жасаудамыз. Алғашқыда өзім Алматы қаласында концерттік бағдарламаларды видеоға түсірумен айналысқан болатынмын. Сосын осында келіп, осы өнерге ынтасы бар жастарды жинап, оларды үйретіп жұмысқа кірістік. Біздің ұжым заманауи техникалармен жарақталған. Мәселен жастардың күндізгі қыдырысындағы бейнелерді бірден топтастырып, мейрамханада тойға келушілердің назарына клиптік нұсқасын ұсынамыз. Сонымен қатар «Love story» түсіреміз. «Love story»-ді түсіру құны бізде шамамен 50 мыңнан басталады. Ал тойды бастан-аяқ түсіру 100 мыңнан бастау алады. Бізде бағаның жоғары болатын себебі техникалар қымбат әрі жұмыстың сапасына кепілдік беріледі.
Жұмысымыз тоймен байланысты болғандықтан біздің менталитетімізді өзгерту керек. Мәселен, тойды уақытысында бастап, уақытысында аяқтау. Қазір көп той кеш басталады да айналдырған 3 сағаттың ішіне барлығын сыйдырғысы келеді. Бұдан әрине халық шаршайды.

 


P.S:
Қазақтың тойы – бағзыдан ұлттық тәрбие бесігі болған. Халықтың рухани салты, мәдениеті мен өнері той төрінде дәріптеледі. Қалай дегенмен, зулаған заман ағымына ілесіп, қазақи құндылықтарымыздың қаймағын төгіп алмасақ болғаны. Ой бізден, түйін сізден. Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын!

 

 

Комментарии   

# RE: Ах, эта свадьба пела и плясала…Анипап 27.02.2017 08:11
табысты болыңдар!
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Қазақстан, Қытай мен Ресейдің ірі энергетикалық компанияларының өкілдері қатысқан табиғи газбен жүретін көліктердің халықаралық автошеруі Тараз қаласына табан тіреді. Қытай Халық Республикасының шығысында орналасқан Жудун қаласынан Қазақстан арқылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласына бағыт алған автошеру ұзындығы 9881...
Қала күні қарсаңында «Jambyl -Taraz» газетінің редакциясы қалалық әкімдіктің қолдауымен үш түрлі байқау жариялайды. Тарихтың айнасына айналған Тараздың қасиет... 1. «Менің киелі Таразым» жас суретшілер байқауына қылқаламды жанына серік еткен бүлдіршіндер қатыса алады. Бұл кезеңде балғындар екі мыңжылдық...
Кім болмасын, ұрпағының салиқалы, білімге құштар, толыққанды азамат болып қалыптасқанын қалайды. Сол себепті кейбір отбасылар перзентінің тілі шыққан... «Бұрын ләңгі теуіп, доп қуып асыр салып ойнаушы едік» деген аға буынның бүгінгі уайымы – компьютерге телмірген балалардың...
ҚР Конституциясы күніне орай, облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Жамбыл облысы әкімінің кубогы... «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен дүбірлі доп додасына республика көлеміндегі телеарналар мен басылымдардан құралған 11 команда қатысып, өзара кім...
Тараз готов к зиме – утверждают коммунальные службы. Прошлая зима деликатно напомнила всем нам, что полагаться на теорию глобального потепления пока рановато. Температуры января-февраля побили все...
Оңтүстік өңірде Тараз, Шымкент қаласынан кейінгі газбен жабдықтау желілері жаңғыртылып, ауыстырылып жатқан екінші қала. Ал көне шаһарда газ тарату... ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен...
Сентябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00