рухани жангыру и пром революция каз

Аңсаған МҰСТАФА, суретші-аниматор: Мен өз елімнің патриотымын!

42 мен өзелімнің патриотымын 5

 

 - Аңсаған ханым, тарихи тойға қош келіпсіз! Сіздің Қазақ хандығының 550 жылдығына арнайы ұйымдастырған көрмеңіз көпшіліктің көңілінен шығып жатыр. Мұндай тағылымы мол көрмені өткізу идеясы қалай келді?


- Көп рахмет! Бұл көрменің өтуіне тікелей мұрындық болған Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығына зор алғысымды білдіремін. Бүгінге дейін бұл көрмені 3 қалада өткіздім. Атап айтқанда, Астана, Алматы, міне енді дәм-тұз бұйырып, Қазақ хандығының іргетасы қаланған киелі Жамбыл жеріне табан тіреп отырмын. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылдың қараша айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында өткен алқалы бір жиында 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын кең көлемде тойлау туралы бастама көтерген болатын. Осы ақжолтай жаңалықты естіп, қуаныштан жүрегім қатты толқыды. Мақтаныш кернеген кеудеме бір сауал маза бермеді. Ол қандай сұрақ дейсіз ғой? «Қасиетті қазақ жерінің перзенті ретінде, ұлтымның ұлан-асыр тойына не берем? Оған өз үлесімді қалай қосамын?» деген ойлар санамда самсап тұрып алды.

 

42 мен өз елімнің патриотымын 1

 

Сөйтіп, қолыма қаламымды алып бір сурет салуға бел байладым. Ақ қағаздың дәл ортасына «Қазақ хандығына 550 жыл» деп жазып қойдым. Соңыра ойлана келе, «бұл таңбаны жейдеге (футболкаға) салсақ, оны жастар киіп жүрсе, қандай ғажап болар еді?» деген тоқтамға келіп, суретті «фейсбук» әлеуметтік желісіне салдым. Ондағы ойым, егер бұл суретке 500 адам «лайк» басса, идеямды жүзеге асырамын деп шештім. Құдайға шүкір, бастамамды іліп әкеткен кісі қарасы өте қалың болды. Осылайша, ол жейделер күллі елімізге кеңінен тарап кетті. Мұнан кейін тарихи тұлғалардың портретін салуды қолға алдым. Себебі, қазақ үшін, қазақтың ұлан-ғайыр жері үшін қасық қандары қалғанша күрескен хандарымыз бен білекті баһадүрлеріміз болмаса, бұл күнге қалай жетер едік? «Алып анадан туады» демекші, тіршіліктің шырақшысына баланатын әйел-ананың бейнесін де салдым. Бабалар рухына тағзым ету - әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Сондықтан «Қазақ хандығы:Ұлы тұлғалар» атты көрмемді ел назарына ұсынуды жөн көрдім. Қазір мұнда 50-ге тарта туындым ілініп тұр.

- Сөзіңіз аузыңызда, көрмеге 50-ге жуық шығармаңызды алып келіпсіз. Осынау жанкешті еңбек ұзақ уақытты талап ететін болар?


- Әрине, оңай жерде дүние жоқ. Алайда, бойымдағы бар күш-жігерімді салып, бұл туындыларды 5 айдың ішінде аяқтадым. Осы тұста, тарихшылар мен журналистердің көмегі көп тигенін атап өткім келеді. Оның үстіне, өзімнің ата-анам, жұбайым да қолдарына қалам ұстаған журналис-тер болса, қайын атам - елімізге белгілі ғалым кісі. Міне, осы адамдар менің басты ақылшыларым болып табылады.

- Сіздің әр туындыңыз шынайы өмірді суреттейді. Соның ішінде, әлеуметтік тақырыптардағы суреттеріңіз көпке ой салады. Айтыңызшы, Аңсаған Мұстафаны қазақ қоғамындағы қандай мәселелер алаңдатады?


- Өзіңіз атап өткендей, әлеуметтік проблемалар өз алдына бір бөлек әңгіме. Қазақтың қыз-келіншектерінің теріс жолға түсулері, отбасындағы жанжал, зорлық-зомбылық мәселелері жаныма батады. Айта берсек көп қой, қайсы бірін айтайын...

- Жоғарыда бірнеше қалада жеке көрмеңізді өткізгеніңізді тілге тиек еттіңіз. Мұнда байқап отырғанымдай, суреттеріңізге қызығушылық танытып, сатып алғысы келетіндер де табылып жатыр. Жалпы, болашақта осы өнеріңізді үлкен кәсіпке айналдыру ойда бар шығар?

 

42 мен өз елімнің патриотымын 2

- Шынымды айтсам, ондай ой жоқ екен. Менің жаныма әлеуметтік тақырыптар жақын болған соң болар, өз туындыларыма коммерциялық тұрғыдан қарамаймын. 

 

- Сонда өз туындыларыңызды табыстың, бизнестің көзіне айналдырғыңыз келмей ме?


- Әрине, бизнеске айналдырғым келеді (күліп). Жалпы, дүкен сөрелерінде сатылатын суреттерге қарап, байқағаным, бізде бірінші орында - жылқылар, екінші орында - табиғат, қазақ киіз үйі, үшінші орында - қыз-келіншектердің портреті. Алайда, бәріміз ақшаның соңынан қуып кетсек, ұлтымыздың жағдайын кім ойлайды? Мына қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырда елге пайдамыз тисе, одан артық бақыт бар ма? Менің көздеген бар мақсатым - жастарға ой салу. Олардың теріс жолға түсіп кетпеулеріне, теңізге құйған тамшыдай болса да, үлесімді қосу.

- Сіздің картиналарыңыз дүниежүзінің онға тарта мемлекетіне белгілі екен. Бұл жұмысты әрі қарай жандандыру ісі қалай жүзеге асып жатыр?

 

42 мен өз елімнің патриотымын


- Бір қызығы, осы уақытқа дейін өз суреттерімді шетелге таныстыруды ойға алмаған екенмін. Менің ол жақтарда бір де бір туысым яки танысым да жоқ. Тек шетелдік қандас-бауырларымыздың әлеуметтік желілерде жүргізген насихаттау жұмыстарының нәтижесінде еңбектерім бірнеше тілге аударылды деп ойлаймын. Егер мен өз шығармам арқылы жұрттың да бір көкейкесті мәселесін қаузай білсем, оған тек қуанамын.


- Авторлық құқығыңызды қалай қорғап жүрсіз? Қазір бұл мәселе шығармашылық адамдарының бас ауруына айналды ғой...


- Бұл- шын. Бастапқыда өз туындыларымның ағылшын, орыс, татар, түрік тілдерінде жазылғанын көріп, көңілім марқайып, қатты қуанушы едім. Бірақ кейін көп кісілер: «Несіне мәз боласың, аты-жөніңді кесіп тастапты ғой» деп жанашырлық танытты. Ал мен бір адамға шарапатым тисе болғаны деп жүре беремін.

- Аңсаған апай, өзіңіз де ұл-қыз тәрбиелеп отырған анасыз. Бүгінде жаһандану үдерістері белең алып, ұлттық құндылықтарымыз құнсыздана бастаған алмағайып заманда ұрпақ тәрбиесі негізгі мәселеге айналды. Бұған не дейсіз?


- Дұрыс айтасыз. Ұрпақ тәрбиесі босаңсуды мүлде кешірмейді. Біз көп жағдайда балаларымызды материалдық жағынан толық қамтамасыз етуге басымдық беріп, олардың рухани әлеуетін қаперде ұстай бермейміз. Оның үстіне, мектеп оқушыларынан бастап, ересектерге дейін әлеуметтік желілерден бас көтермейді. Ғаламтордың шырмауынан шыға алмай жүргеніміз жасырын емес. Осыдан кейін жантүршігерлік оқиғаларға куә болып, кейін өкініштен өзегіміз өртеніп, санымызды сабалақтап жатамыз. Өз балаларым мектепте оқиды. Қызым 7- сыныпта, ұлым 3- сыныпта білім алуда. Кішкентайым әлі омырауда.


Біз отбасымызда ұлттық тәрбиеге басымдық береміз. Жолдасым екеуіміз балаларымыздың үйде тек қазақ тілінде сөйлеулерін қадағалаймыз. Өздері қазақ мектептерінде білім алса да, кейде тілдері орысшаланып, шұбарланып шыға келеді. Ондай кезде «тәйт» дейміз. Мен қыз баланың тағдырына қатты алаңдаймын. Қызыма үнемі «қызға қырық үйден тыйым» деген пәлсапаның мәнін құлағына құйып отырамын.



- Өзіңіз де әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысысыз. Жұмысыңыз көп, уақытты қайдан табасыз?


-Мен әлеуметтік желіні бүгінгі күннің ауруы деп айтар едім. Расында солай. Қолымыз қалт етсе болды, бірден телефонға телміреміз. Әрине, зияны шаш етектен екенін де білемін. Десе де, салған суреттерімді фейсбуктегі парақшама салып жүрмін. Парақшамда достарыммен талқылап, ой бөлісіп тұрамыз.


Әлеуметтік желі тек суретшілік өнерді емес, барлық саланы дамытып жатыр ғой. Бишілер билерін ютубқа салып бөліссе, ақындар өлеңдерін жариялайды, журналистер мақаласын көпшілікке ұсынып отырады. Әлеуметтік желілер қазіргі өмірдің ажырамас бөлшегіне айналды ғой. Кейбір кісілер маған: «Әлеуметтік желілердегі жазбаларыңызды оқысақ, өте қатал, дөрекі көрінесіз. Ал өмірде мүлде басқасыз, мінезіңіз қандай?» - деп сауал қойып жатады. Табиғатымнан мінезім өте жұмсақ. Бірақ тиіскен кісіні аямайтындай, Отанымды қорғайтындай айбарым бар.


- Әңгімеңізге рахмет!

 

Сұхбаттасқан

Индира БАЙҚОНЫС

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

К Международному дню борьбы с коррупцией акиматом города Тараза совместно с департаментом Агентства Республики Казахстан по делам государственной... Данная акция направлена в массы на сохранение и укрепление в социуме позиции нетерпимости к взяточничеству, на повышение антикоррупционной культуры в...
Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Сол себепті Біріккен Ұлттар ұйымы осыдан 14 жыл бұрын тоғызыншы желтоқсанды халықаралық сыбайлас жемқорлыққа... Ол конвенцияға қол қойған 178 елдің қатарында Қазақстан да бар. Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен сыбайлас...
Здоровый образ жизни, воспитание патриотизма, развитие национальных видов спорта, тренировка ума и много других полезных эффектов несет в себе... Идея переносить привычные настольные игры на большую площадку, с увеличением масштаба игровых принадлежностей – рабочая мировая практика. Наши...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Реорганизация жилищного хозяйства в стране требует взвешенного подхода. Одна из самых обсуждаемых в Казахстане тем – возможная реорганизация системы объединений собственников квартир. Если новый закон утвердят,...
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00