рухани жангыру и пром революция каз

«Боулинг» бізге неге қолжетімсіз?


 
32 боулинг
 
 
Рас, бұған дейін «Еуразия» кинотеатрының үш қабаттық ғимаратында боулинг бар-тын. Алайда меншік иесі өз кәсібінен тиісті пайда көрмегеннен болар, әйтеуір аты дардай сарайды саудалауға бел байлапты. Міне, содан бері, қаламыздағы жалғыз боулинг те жабылып тынды. Қазіргі таңда қалада түрлі бағыттағы демалыс орындары көптеп ашылып жатыр. Оның бірі мейрамхана мен кафе болса, енді монша мен сауна, енді тағы бір сұлулық салондары мен дүкендер. Бірақ қала тұрғындары мен қонақтары үшін заман талабына сай демалатын орындардың жоқтығы көңілге қаяу түсіреді. Әңгімеміздің әлқиссасын боулинг спорттың түрі екенін атап өттік қой. Енді оның тарихына да тоқтала кетейік. Боулинг - ежелгі Үнділер елінде пайда болған. Одан кейін Йемен, Финляндия, Германия елдерінде кеңінен дамыған. Бірақ бүгінгі таңда боулинг АҚШ-та жаңа сипат алып, 10 кеглимен ойнайтын, солтүстік америкалық ойын үлгісі қалыптастырды. Бұл әйгілі үлгі, кәсіби және әуесқой ойыншылар үшін әлемдегі миллиардтаған ойыншылардың қызығушылығын арттыра түсті. Демек, боулинг адам денсаулығына оң әсер етіп, оның ойлау қабілетін, көзінің мергендігін дамытады. Қазір жас жеткіншектердің қимыл-қозғалысы аз, көбісі көшеде тез дайындалатын доннер, чизбургер, гамбургер секілді жартылай фабрикат тағамдарды тұтынады. Адам ағзасына кері әсер ететін қатты газдалған пепси, кола сусындарын құмартып ішеді. Оқуда яки жұмыста таңертеңнен кешке дейін компьютердің алдында қозғалыссыз отырады. Бүгінгі таңда отандық дәрігерлер қазақстандықтардың соның ішінде, өскелең ұрпақтың артық салмақ мәселесімен бетпе-бет келіп отырғанын ескертіп, уақыт оздырмай онымен күресу шараларын қолға алу керектігін айтып, қабыл қағуда. Осы ретте, жастар боулинг шарларын лақтыру арқылы, тізілген кеглилерді көздеп, бірнеше ұпай жинауға тырысады. Сөйтіп, дене қозғалысы артып, ойы да, бойы да бір сергіп қалады. Міне, боулинг те салауатты өмір салтын ұстанудың ұтымды жолы. Қарап тұрсаңыз, көзге аса көріне бермейтін боулингтің пайдасы адам үшін ұшаң-теңіз.
 

Әлбетте, заман көшінен қалмау керекпіз. Біріншіден, Қазақ хандығының 550 жылдығын көне шаһарда дүбірлете тойлау біз үшін жүгі ауыр жауапкершілік болса, екінішіден, үлкен сынақ болмақ. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, 8-10 қазан күндері қасиетті Әулиеата жеріндегі ұлан-асыр тойға 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде. Сонда меймандардың жас ерекшелігіне орай, түрлі демалыс орындарын іздейтіні заңды. Бүгінде қаланың қақ ортасында «Мега» ойын-сауық орталығының құрылысы қарқынды жүруде. Алайда, заман талабына толық жауап беретін бұл әмбебап демалыс орны қарашада халық игілігіне беріледі деген сыбыс бар. Жалпы, кәсіпкерлердің құлағына алтын сырға, бизнестің қай түрі болса да, көзін тапса, табысқа айналары сөзсіз. Осыдан бірнеше жыл бұрын ер азаматтардың сүйікті спортына айналған бильярд залдарының да саны қалада некен-саяқ болатын. Елдің сұранысы артқан сайын, олардың қатары күн санап артып, қазір бильярдтың көптігінен көз сүрінеді. Демек, бізде біреу бастаса, қоштаушылар да табыла кететіні күмәнсіз.
 

Жазғы олимпиада ойындарының
санатына енуі мүмкін
 

2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Жапония астанасы Токиода өтеді. Жақында ғана «Күншығыс еліндегі» әлемдік бәсекені ұйымдастыру комитеті дүбірлі додаға енуі мүмкін 8 спорт түрін таңдады. Бұл спорт түрлерінің енуі, енбеуі туралы нақты шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2016 жылдың тамызына дейін қабылдайтын болады. Төрт жылда бір рет төрткүл дүние спортшыларының басын біріктіретін әр Олимпиада ойындарының өзіндік ерекшеліктері болады. Жаңа спорт түрлері енгізіліп, кей спорт түрлері алынылып тасталып та жатады. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын дәл осы Токиода өтетін Олимпиадаға күрес спорты енбей қалуы мүмкін деген де ақпараттар жарияланған-ды. Кейін ХОК пен Жапония Олимпиада ұйымдастыру комитеті күресті бағдарламалардың қатарына қосты. Алдағы уақытта Олимпиадаға енуі мүмкін тағы да 8 спорт түрі ХОК назарына ұсынылып отыр. Енді сол спорт түрлері туралы айта отырайық. Сегіздің көш басында боулинг тұр. Одан кейін софтбол, бейсбол, каратэ, тауға өрмелеу, серфинг, роликті коньки, ушу бар.
Демек, боулингке жай көңіл көтеретін ойын ретінде қарамай, онымен кәсіби тұрғыдан шұғылдануға белшеше кірісуіміз қажет. Егер Халықаралық олимпиада комитеті боулингті төрт жылдың басты бәсекесі саналатын жазғы олимпиада ойындарының тізіміне енгізетін болса, «аһ ұрып» шеттен қомақты қаражатқа легионерлер тартпай, өзіміздің қаракөздерімізді спорттың осы түріне бұғаналары бекімеген кезден бастап баулысақ ұтамыз. Енді бұл тұста, бар міндетті қолында ақшасы бар кәсіпкердің мойнына жүктемей, мемлекеттің өзі қамдануы тиіс...
 

Шәмші Әлібек,
облыстық «Жастар орталығының» ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі:
– Жастар жаһандану заманында уақытты тиімді пайдалануы тиіс. Бұл мақсатта адам бойын ширататын спорттың алатын орны айрықша. Боулинг – адамды ептілікті әрі сабырлы болуға баулиды. Кезінде өзім де ойнадым. Сіздер боулинг мәселесін орынды көтеріп отырсыздар. Расында, қалада бірде-бір боулинг залы жоқ. Менің ойымша, бұл олқылықтың орнын толтыру қажет. Бір ескере кететін жайт, жеке кәсіпкерлер боулинг залдарын ашқан күннің өзінде, жастарға қаржылық тұрғыдан қолжетімділігін, онда алкагольді ішімдіктердің сатылмауын бақылауда ұстаған жөн.


Әмина Сапарғали,
студент:
– Маған боулинг ойнаған өте ұнайды. Бірақ қалада боулинг ойнайтын жер жоқ. Басқа қалалардағы жастарды көріп жүрміз, бәрі боулингке өте құмар. Біз оларға қызыға қараймыз. Тараз жастары да қатардан қалмаулары тиіс деп санаймын. Осы жылдың аяғында облыс орталығында «Мега» ойын-сауық орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі естідім. Егер ашылатын болса, оның ішінде, боулинг, замануи кинотеатр залдары болса дейміз. Сондай-ақ студенттер үшін жеңілдіктер қарастырылса қуанар едік.
 
 
Индира БАЙҚОНЫС
 
 

Комментарии   

# Дом мамыНурсулу 04.08.2015 18:06
Ждем звонки по указанному номеру телефона
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы мен облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен М.Х.Дулати... «Нұр Отан» партиясы биылғы жылдан бастап халық игілігіне арналған, түрлі бағытты қамтитын 22 ірі жобаны жүзеге асырып...
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шығармашылық еңбегі сан ғасырдың куйін шертер, рухани дәуірдің шежіресі. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыстық ардагерлер кеңесі, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен дөңгелек...
Ел тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары ұлттық спортымыз көкпар жайлы сөз бола қалса, көптің аузына әуелі ілігері – «Әулиеата» командасы... Нұрдәулет МОМЫНОВ: «Әулиеата» ұлттық ат спорты клубының» директоры – Нұрдәулет Нәбиұлы, әңгімеміздің әлқиссасын клубтың құрылуынан бастасақ? – Көкпар...
Тұңғыш Президент саябағында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен халықаралық жастар мерекесіне орай... Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»...
Қала әкімдігінің мәжіліс залында шаһар басшысының орынбасары Кенжебек Олжабайдың төрағалығымен жылыту маусымына дайындық барысын пысықтау мақсатында штаб отырысы өтті. Жылу беру бойынша дәл қазіргі уақытта атқарылған жұмыстар, кездесіп отырған мәселелер мен оны шешудің жолдары талқыға түскен жиынға...
Департамент агентства по регулированию естественных монополий и защите конкуренции провел публичные слушания по новым ценам на природный газ. В областном центре на днях обсуждались планируемые цены на природный газ, на вопросы жителей и бизнесменов отвечали представители Жамбылского производственного...
Август 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00