рухани жангыру и пром революция каз

«ӨРЛЕУДІҢ» тасы өрге домалап тұр

 

52 Нас вдохновил проект орлеу

 

Өңірімізде Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйытқы болуымен «Өрлеу» пилоттық жобасы өз жұмысын жандандырып, жұмыссыз жүрген азаматтардың сенім үдесінен шығып отыр. Бұл пилоттық жоба – әр отбасының әлеуметтік белсінділігін арттыру бағытында келісімшарт жасау арқылы мемлекеттік шартты ақшалай көмек көрсету бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда. Қанатқақты жобаның шарттарын орындауға міндеттелген отбасыға әлеуметтік көмек көрсетудің белсенді нысандары айқын көрсетілген. Аталмыш жобаға қатысқан отбасыларға ай сайынғы төлем түрінде шартты ақшалай көмек көрсетумен қатар, бірнеше мүмкіндіктер ұсынып отыр. Онда жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және мамандық алуға, қасымша мамандық алу үшін қайта даярлықтан өтуге мүмкіндік берумен қатар, қажет болған жағдайда отбасының әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды көздейді. Негізінен, «Өрлеу» жобасына орташа айлық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 60 пайыздан төмен болатын отбасылар, егер еңбекке жарамды отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге белсенді түрде қатысқан жағдайда қатысуға құқылы.

 

Осы уақытқа дейін Жамбыл облысы Тараз қаласындағы 11 аумақ бойынша «Өрлеу» жобасының ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Ағымдағы жылы 2147 отбасының материалдық тұрмыс жағдайы зерделеніп, отбасы мүшелерімен әңгімелесу өткізілген болатын. Осы талдаудың барысында азаматтардың 70 пайызының мамандықтары жоқ екені анықталған. Оның ішінде 152 отбасының еңбекке қабілетті жұмыссыз азаматтары игілігі мол жоба арқылы кәсіптік оқуларға жіберіліп, жұмыспен қамтылған. Әсілінде, шартты ақшалай көмегін алушы отбасының еңбекке қабілетті мүшелері «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы тұрақты жұмыспен 96 адам қамтылып, 33 адам газоэлектродәнекерлеуші, тігінші, кондитер, тәрбиешінің көмекшісі, аспазшы оқуларын бітіріп, ары қарай бітірген кәсіптері бойынша жұмысқа орналасқан. Тағы соның айқын дәлелі ретінде мемлекеттік сатып алу конкрусы арқылы «Эльба» ЖШС «аспазшы» мамандығы бойынша жеңімпаз атанған болатын. Игі жобаға қатысқан 15 азаматша аталған мамандық бойынша оқуларын тәмамдап, сертификаттарын алып отыр. Енді осы азаматшаларға «Эльба» ЖШС қарасты «Эльба» кафесіне тұрақты жұмысқа тұруға мүмкіндік беріп отыр. Және бұл жұмысқа орналасушылар өздерінің қалаулары бойынша басқа мейрамхана, кафе және кәсіпорындарда жұмыс істеуіне толық құқылы. Осындай жобаның шарапатын көріп, бүгінде жұмысқа орналасқалы жатқан Мұқанжанқызы Лаураның айтуынша: «Осы «Өрлеу» бағдарламасына келіп оқығаныма 2 ай болды. Бүгін, міне, сол қысқа мерзімді оқуды аяқтап, өзіме тиесілі аспазшы мамандығы бойынша сертификат алып отырмын. Оқу барысында өзіме қажетті біршама нәрселерді үйрендім. Менің 4 балам бар, көпбалалы анамын. Осы бағдарламаның арқасында отбасында материалдық жағдайымыз жақсаратын болды. Өйткені, бізді бірден жұмысқа қабылдап жатыр. Бізге осындай қолдау көрсетіп жатқан «Өрлеу» бағдарламасына алғысымыз шексіз» - дейді ағынан жарылған жобаға қатысушы азаматша.

 

Шынболат БИДІЛДАҰЛЫ.

 

 

Комментарии   

# ЖұмысZamira 09.04.2017 17:21
Мен Осы жерде жазылған əңгімегің біреуін растайтын алмайтын. Жұмыс іздеп бардым Жұмыс жоқ деді. Онда курс оқып Жұмыс жасайын деп едім курста жоқ деді. Юрист колледж диплом бар Жұмыс жоқ. Жас отбасымын Жұмыс іздегегіме көп болды. Өрлеу арқылы Жұмыс тауып бере аласыздарма бомаса курс оқиын
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Қазақстан, Қытай мен Ресейдің ірі энергетикалық компанияларының өкілдері қатысқан табиғи газбен жүретін көліктердің халықаралық автошеруі Тараз қаласына табан тіреді. Қытай Халық Республикасының шығысында орналасқан Жудун қаласынан Қазақстан арқылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласына бағыт алған автошеру ұзындығы 9881...
Қала күні қарсаңында «Jambyl -Taraz» газетінің редакциясы қалалық әкімдіктің қолдауымен үш түрлі байқау жариялайды. Тарихтың айнасына айналған Тараздың қасиет... 1. «Менің киелі Таразым» жас суретшілер байқауына қылқаламды жанына серік еткен бүлдіршіндер қатыса алады. Бұл кезеңде балғындар екі мыңжылдық...
Кім болмасын, ұрпағының салиқалы, білімге құштар, толыққанды азамат болып қалыптасқанын қалайды. Сол себепті кейбір отбасылар перзентінің тілі шыққан... «Бұрын ләңгі теуіп, доп қуып асыр салып ойнаушы едік» деген аға буынның бүгінгі уайымы – компьютерге телмірген балалардың...
ҚР Конституциясы күніне орай, облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Жамбыл облысы әкімінің кубогы... «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен дүбірлі доп додасына республика көлеміндегі телеарналар мен басылымдардан құралған 11 команда қатысып, өзара кім...
Тараз готов к зиме – утверждают коммунальные службы. Прошлая зима деликатно напомнила всем нам, что полагаться на теорию глобального потепления пока рановато. Температуры января-февраля побили все...
Оңтүстік өңірде Тараз, Шымкент қаласынан кейінгі газбен жабдықтау желілері жаңғыртылып, ауыстырылып жатқан екінші қала. Ал көне шаһарда газ тарату... ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен...
Сентябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00