рухани жангыру и пром революция каз

Сотталып кетпе, абайла!

 


Осы орайда Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде жиын өтті. Департамент басшысы Құлмұхамбет Исқақов жүргізген жиында 2017 жылы 200 мың теңге парамен ұсталған департамент басшысының бұрынғы орынбасары Мадалиевтің ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу қорытындысы көпшілікке таныстырылды.

 


– Былтыр Мадалиев сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен тергеуге алынған болатын. Ол іске қатысты тергеу амалдары бірнеше азаматтар мен азаматшалардың қатысуымен жүріп жатыр. Азамат жеке кәсіпкерден 200 мың теңге пара алды деп айыпталған. Жеке кәсіпкерге арақ-шарап сатуға рұқсат беретін лицензияны заңсыз жасап бермек болған департамент басшысының бұрынғы орынбасарына 8 млн теңге айыппұл салынды. Тергеу амалдарының барысында жаңа жайттар да анықталып, бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, – деді Жамбыл облысы бойынша Ұлттық бюроның тергеу басқармасының басшысы Жаңбыр Тасқұлов.

 


Сондай-ақ жиында пара алып, бас бостандығынан айырылған азаматтардың істері бойынша жүргізілген жұмыстар бейнеролик арқылы көпшілікке көрсетілді. Ол жерде еліміз бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол берген министрден бастап, қарапайым қызметкерлер тордың арғы жағында отырып, өз өкініштерін білдірген.

 


Жалпы, құзырлы органның берген мәліметтеріне сәйкес, жылдан жылға сыбайлас жемқорлық фактісі азайған екен. Мәселен, 2015 жылы – 56 факті тіркелсе, 2016 жылы – 20, өткен жылы –10, ал үстіміздегі жылдың 8 ай қорытындысы бойынша 8 дәйек тіркелген. Ал осылардың ішінде 2017 жылы 11 іс, биыл 5 іс сотқа дейін барып, заңды белінен басқандар өз жазаларын алыпты.

 


– Мемлекеттік кірістер органы елімізде үлкен күшке ие. Салық – мемлекет тірегі. Қоғамда орын алып жатқан жемқорлық фактілері, оның ішінде Департаменттің лауазымды тұлғаларының осы бойынша істі болуы мекемеге деген теріс көзқарасты қалыптастырады. Бұл орайда, әрқайсыларыңыз өздеріңіздің қызметтеріңізді адал әрі таза атқару керектігін ешқашан ұмытпауларыңыз керек. Бүгінде халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын бірден бір мекеме сіздерсіздер. 48 мемлекеттік қызметтің түрін ұсынатын әр қызметкер өз жұмысына адал болса, жағымсыз факторлар орын алмайды. Елбасы күні кеше мемлекеттік қызметкердің мәртебесін жоғарылату, оларды ынталандыру бойынша жұмысты жандандыру мақсатында бірқатар өзгерістер енгізді. Сондай-ақ біздің облыста ашылған академиялық орталықта да сіздер біліктіліктеріңізді арттырып, абыройлы қызметте адал жұмыс жасайсыздар деп сенемін. Орта және шағын бизнес ісіне араласып, көлеңкелі бизнеске жол бермеуіміз керек, – деді Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Мақсұт Нәлібаев.

 


Сонымен қатар басқосуда Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро басшысы Әділхан Әшірбаев «пара беруші де, пара алушы да сотталатындығын ұмытпаған абзал» десе, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Құлмұхамбет Исқақов бүгінге дейінгі атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы баяндап, жиынды қорытындылады.

 

Арайлым Шабденова

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Отечественный бизнес глубоко пустил корни в Независимом Казахстане. Мы в очередной раз отмечаем день рождения своей страны. В республике за минувшие годы сформировался и окреп класс...
Минуло 27 лет с момента, когда мы стали гражданами государства Республики Казахстан. Для кого-то это вся жизнь. Уже... Денис Широнин, фитнес-тренер. С самого детства я влюбился в спорт. С обретением независимости страна сделала многое для...
Здоровый образ жизни, воспитание патриотизма, развитие национальных видов спорта, тренировка ума и много других полезных эффектов несет в себе... Идея переносить привычные настольные игры на большую площадку, с увеличением масштаба игровых принадлежностей – рабочая мировая практика. Наши...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Реорганизация жилищного хозяйства в стране требует взвешенного подхода. Одна из самых обсуждаемых в Казахстане тем – возможная реорганизация системы объединений собственников квартир. Если новый закон утвердят,...
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
Декабрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00