рухани жангыру и пром революция каз

Жемқорлықпен күрес үздіксіз жалғасуда

 

Осы жоспардың 13-ші қадамы бойынша «Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту» көзделген. Осыған орай жемқорлықпен күрес үздіксіз жалғасуда. Жемқорлық бұл жалпы атау болғанымен, ол негізінде сыбайластықтың арқасында кең етек жаяды. Міне, осы себепті онымен күрес тым қиын әрі күрделі шара. Бірақ, солай бола тұра, жемқорлықпен күрес үздіксіз жалғасуы тиіс. Жалпы қоғамды кері тартқан бұл індетпен жан-жақты әрі бір кісідей күрес жүргізу ең тиімді амалдардың бірі. Әрине сыбайлас жемқорлық пен парақорлық қылмыс болғандықтан, оны жоюда заңның пәрмені қашанда жоғары. Бұл ретте, елімізде Заң қатаң және аяқ тартарлық.

 

Алайда, қоғамға қауіп төндірген жемқорлықпен күреске қарапайым азаматтардың да қатысуы маңызды. Заң алдында параны алған да, берген де жауап беретінін ескерсек, көптеген азаматтар өз шаруларын тездетіп аяқтау үшін өздері парас ұсынып, жағдайды ушықтырады. Әрине бұл әр адамның жеке ар-ожданына байланысты. Сондықтан әрбір азамат өзінің ар-ожданына үңіліп, «мен осы жемқорлықтың асқынуына үлесімді қосып жүрген жоқпынба?» деген сұрақ қойып, өзі оған жауап беруі тиіс.
Сыбайлас жемқорлық ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Осыған орай, мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жемқорлықты жоямыз десек, онымен қоғам болып күресу керек. Сонда ғана бір нәтижеге қол жеткізеріміз айқын.

 

Сонымен қатар, жемқорлық фактілерін болдырмау және алдын алу мақсатында Әділет департаментіменде бір қатар жұмыстар атқарылуда, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жоспары бекітіліп, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жұмыстары күшейтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, оның алдын алу мақсатында радиолардан сөз сөйлеу, бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялау, дөңгелек үстелдер мен семинар кеңестер өткізу және тағы да басқа іс-шаралар ұйымдастыру көзделіп, Әділет департаментінде 8 (726) 243-64-26 сенім телефоны орнатылған.


С.П. ҰЗАҚБАЕВ, Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы, Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі.

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Өңірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымен Бақытжан Әбдірұлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2007 жылы құрылып, содан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып...
2011 жылдың 12 қарашасында тараздықтардың төбесінен жай түсірген қанды оқиға орын алды. Қаныпезер лаңкес Қариев дүйім жұртты дүр сілкіндіріп,... Тәулік ішінде қылмыскер 7 адамның, соның ішінде 5 құқық қорғау органдарының қызметкерінің өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстар жасады. 3...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00