рухани жангыру и пром революция каз

Шебердің қолы ортақ

 

90 город мастеров1

 

Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында өткен көрменің ашылуында Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбәйра Сембина өзбек ағайындарға сый-сияпат жасап, Алғыс хат ұсынса, облыстық «Өзбек» этномәдени орталығының президенті Бахром Муминов бүгінгі шара екі ел татулығының көрінісі екенін айтып, жылы лебізін білдірді.

 

90 город мастеров2

Көрмеге өзбек елінен арнайы келген миниатюра, кескіндеме өнерінің шебері Шахло Рахматова, ағаш шебері Бунеджон Зоиржонов, зергер Өткір Қудратовтың туындылары қойылып, шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

90 город мастеров4

Әсіресе, зергер Өткірдің қолынан шыққан оюлы білезік, сырлы сақина мен сырға, әшекейдің сан алуан түрін ақ жаулықты анадан бастап, балғын қыздар да жарыса тағып, қызығушылық танытып жатты. Ал ағаштан ою ойып, түйін түйген Бунеджон Зоиржонов өзінің алғашқы еңбегін 10 жасында жасап, анасына сыйлағанын айтып, жұртшылықтың қошеметіне бөленді.

 

90 город мастеров5

 

– Маған өз еңбегім қатты ұнайды. Ағаш бетіне ою бедерлеп, кезекті туындымды қолға алған сайын шабыттанып, жаңа дүниемді ойластырып отырамын. Мен жасаған оюлы есіктер біздің өңірдегі көп үйде бар. Өз қолыңмен жасап, маңдай теріңмен көрген несібе, тапқан нәпақаңның ләззаты бөлек қой, – дейді 18 жасар ағаш шебері. Бунеджон көрмеге кітап қойғыш, қаламсап, леген, түрлі қобдишалар алып келіпті. Жас шебердің қолы тиген ағаштың өңі әп сәтте гүлге оранып, әсем туындыға айналып шыға келетініне көпшілік тәнті болды.

 

90 город мастеров6

 

Көрмеге қойылған бағалы жүзіктер, ағаш бұйымдарынан жасалған құнды жәдігерлер, оюлы ыдыстар, тарихи кезеңдерді бейнелеген картиналар көздің жауын алардай әсем. Қала тұрғындары өзбек халқының өнерімен жақын танысып, пікір алмасты. Сондай-ақ, шара барысында алдағы уақытта екі елдің қолөнершілерінің мәдени қарым-қатынасын нығайту мақсатында Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев пен Жизақ облыстық өнерпаздар басқармасының басшысы Маратжон Маматқұлов екіжақты меморандумға қол қойды.

 

90 город мастеров8

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген К.Бердецкий

 

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Өңірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымен Бақытжан Әбдірұлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2007 жылы құрылып, содан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып...
2011 жылдың 12 қарашасында тараздықтардың төбесінен жай түсірген қанды оқиға орын алды. Қаныпезер лаңкес Қариев дүйім жұртты дүр сілкіндіріп,... Тәулік ішінде қылмыскер 7 адамның, соның ішінде 5 құқық қорғау органдарының қызметкерінің өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстар жасады. 3...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00