рухани жангыру и пром революция каз

«Сезімнен туған дүниеде шынайылық бар»

 

87 фатима тарази и асан молдыбаев

 

– Ең алғашқы тырнақалды туындыңыз қандай?

Асан: – Әкем мен анам суретші-мүсіншілер ортасынан шыққан. Осындай шығармашылық тұлғалардың балаларына арнап «Суретшінің балалары сурет салады» байқауы өтіп, сонда мен үш қабатты тікұшақтың суретін салған болатынмын. Ол кезде төрт жастамын. Кейіннен алғашқы туындым республикалық жинаққа еніпті. Сол жинақ анамның қолына түсіп, қуанышы қойнына сыймай бізге әкеліп көрсетті. Уақыт өте осындай жұмыстарымды ермексазбен бейнелеуді меңгере бастадым. Сол 4-5 жасым болса керек, әкемнің шеберханасында жүріп «Маугли» мультфиліміндегі Багира деген орман аңын ермексазбен бейнеледім. Жұмысымды көрген анам мен әкем аң-таң болысып, талабымды танып, мүсін жасау ісіне баули бастады.

– Мүсінші болу үшін негізгі талап қандай?

Асан:– Мүсіншіге, əрине, шыдамдылық керек. Оны жасау үшін бірнеше кезеңнен өтесің. Бір кезеңнің өзі бірнеше апта, күннен тұрады. Одан кейін еркіндік керек. Фантазия, идеясы мықты болу керек. Өйткені, мүсінші өз дүниесі арқылы бүкіл халықты тəрбиелейді. Мүсінді мен көбіне қоладан жасаймын. Ең əуелі, мүсіннің нобайын қағазға түсіріп аламын. Одан кейін барып жұмыстың этаптары бойынша жасай беремін. Негізгі идея қағазға түскен бейне арқылы өрбиді. Бұл жұмыс бас, қол, мидың белсенді жұмыс жасауын қажет етеді.

– 2012 жылы Астана төрінде қойылған күйші Құрманғазының еңселі ескерткішінің авторы екеніңізді білеміз...

Асан:–Тәуелсіздік алғалы бері ел тарихындағы талай ұлы тұлғалар ұлықталып, елорда төрінде еңселі ескерткіштер орнатылды. Мәселен, қазақ хандары – Керей мен Жәнібекке, Абылай, Кенесарыға, ұлы ақын – Абайға, жыр атасы – Жамбылға, батыр Бауыржанға соғылған ескерткіштер. Осы қатарды 2012 жылы күй атасы – Құрманғазының мүсіні толықтырды. Ескерткіштің негізгі идеясы күйшінің тарихтағы ерекше тұлғасын, өшпес рухын көрсету болатын. Ескерткіштің үздік нобайына жарияланған республикалық байқауда 25 шығарманың ішінен жеңіске жетіп, күй классигінің мүсінін жасау маған бұйырды. Туындыда күйшінің шабытқа бөленген кезі бейнеленген. Елбасының өзі менің жұмысымды жоғары бағалады. Мектепте жүрген кезімде домбыра үйірмесіне қатыстым. Әсіресе, Құрманғазының күйлерін сүйіп орындайтынмын. Сезініп салған тасмүсіннің де жақсы шығуының себебі осы болар.

– Орал, Ақтау, Алматы қалаларында да Құрманғазы ескерткіштері бар. Мүсінші ретінде оларға қандай баға берер едіңіз?

Асан: – Иә, 2012 жылдың сәуірінде Алматы қаласында да күйшіге арналып еңселі ескерткіш бой көтерді. Дәулескер күйші құрметіне арнап еліміздің әр түкпірінде ескерткіштер орнатылса құба-құп. Әр мүсіншінің дүние жасауда өзіндік стилі, ерекшелігі болады. Біреуі қатты материалдан жасаса, бірі жұмсақ материалды қолданғанды жөн көреді дегендей. Әрбір мүсіншінің жұмысында нағыз еңбектің маңдай тері жатыр. Оның бәрі халыққа жол тартатын дүниелер. Сол себепті, халық бағасын беріп жатса болғаны.

– Балаңыздың осы салаға келуіне қандай себеп ықпал етті?

Фатима Тарази: – Жұбайым Жеңіс Молдабаев та елімізге танымал мүсінші. Мәскеуде оқып жүріп, танысып, сонда шаңырақ көтердік. Асан да сол қалада дүниеге келді. Тұңғышымызға тоғыз ай толғанда әкесінің жұмыс бабымен Қарағанды қаласына қоныс аудардық. Осында тұрған 11 жыл ішінде Жеңістің қолынан шыққан еңселі ескерткіштер қаланың әр түкпірінен орын тепті. «Әке көрген оқ жонар» демекші, екеуіміз де шығармашылық адамы болған соң, Асан да біздің ісімізге қарап бой түзеді. Басқа балалар қызық қуып, қыр асып ойнаса, Асан қиялдағы ғажайып бейнесін ермексазбен сомдайтын. Әкесі жұмыс барысында әрнені сомдап, мүсін жасауға кіріссе, баласы түрлі сұрақты төпелеп, қасынан шықпайтын. Міне, әкеге қарап өскен бала да сол жолды таңдады. Алайда, Асанды суретші, мүсінші болады деп ойламайтынмын. Есейе келе басқа талантын да танып қалармыз дедік.

– Ал өзіңіздің бала күнгі арманыңыз қандай еді?

Фатима Тарази: – Балалық шақтағы қиял адам санасын сан-саққа жетелейді ғой. Таразда білім алып жүріп, музыкалық үйірмеде оқыдым. Бәлкім музыкант боламын дедім бе? Көп балалы отбасынан шыққан соң музыкалық білімді одан әрі дамытуға мүмкіндік болмады. Бірақ үнемі аспанға қарап жүретіндіктен болар, ұшқыш болуды армандадым. Содан Ақтөбедегі әскери училищеге оқу үшін хат жазып көрдім. Бірақ, онда қыздарды қабылдамайды екен. Бірде Мәскеуде өткен пионерлік суретшілер байқауына салған суретімді жіберіп, сол бәйгеден шығармам жоғары баға алды. Сол баға мені қанаттандырып, қолыма қалам ұстатты.

– Мүсін өнерінде біраз жылдық еңбегіңіз бар. Осы уақыт ішінде қанша мүсін жасадыңыз? Қазір қандай жұмыс үстіндесіз?

Асан: – Тырнақалды туындылар 4 жастан бастап өмірге келді. Балалықтың бал шағымен жарық көрген әрбір шығармамда сан алуан ой жатыр. Менің салаға деген махаббатым отбасымнан басталды. Жалпы саны 45-ке жуық жұмыстарым бар. Тіпті өзге мемлекеттердегі көрмелерге де жұмыстарым қойылды. Мәскеулік белгілі мүсінші Н.Сафронов шығармаларымды ұнатып, шеберханасына шақырған болатын. Қазір тығыз шығармашылық байланыстамыз.
Жалпы менің барлық жұмыстарым қоладан жасалады. Әр дүниенің өзіне тән қасиеті бар. Тап қазір әнші Батырхан Шүкеновтың бейнесін жасаумен айналысып жатырмын.

– Қала күнінің қарсаңында облыс орталығының келбетін көркейтуге қатысты қандай ой айтар едіңіз?

Фатима Тарази: – Көптен бері көкейде жүрген бір мәселе бар. Әуежай маңында Талғат Бигелдиновтың атында көше бар. Соғыстан кейінгі жылдары атақты ұшқыш құрылыс факультетіне оқуға түскен. Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленген ол елдің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл сынды көптеген қалаларда әуежай салу ісіне басшылық еткен. Міне, «Әулиеата» әуежайында да ұшқыштың қолтаңбасы бар. Осыны ескере келе, әуежайға Талғат Бигелдиновтың аты берілсе деген тілегіміз бар. Сондай-ақ, Қазақстан авиациясының дамуына қомақты үлес қосқан марғасқа ағамыздың ескерткіші орнатылса, құба-құп болар еді.

– Орынды ұсынысыңыз қолдау табады сенеміз. Әсерлі әңгімелеріңіз үшін рақмет!


Сұқбаттасқан Толғанай АТАБАЙ
Суретті түсірген Ю.КИМ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Өңірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымен Бақытжан Әбдірұлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2007 жылы құрылып, содан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып...
2011 жылдың 12 қарашасында тараздықтардың төбесінен жай түсірген қанды оқиға орын алды. Қаныпезер лаңкес Қариев дүйім жұртты дүр сілкіндіріп,... Тәулік ішінде қылмыскер 7 адамның, соның ішінде 5 құқық қорғау органдарының қызметкерінің өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстар жасады. 3...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00