рухани жангыру и пром революция каз

Аңсаған Мұстафа, иллюстратор-суретші: «Идея көзі – қоғамның өзі»

 

86 Мұстафа-Ансаған

 

- Аңсаған ханым, Тараз қаласына қош келдіңіз! Тараз дегенде ойыңызға бірінші не оралады?

- Рақмет. Маған Тараздың халқы ұнайды. Кең пейіл, қонақжай, ашық жарқын. Соңғы жылдары шаһардың архитектуралык келбеті өзгеріп келеді. Мені ғимараттардың ұлттық нақышта безендірілуі қуантты. Өзге қалаларда асыра сілтеп, заманға сай боламыз деп жалт-жұлт еткен ғимараттардың санын жылдан-жылға көбейтіп жатыр. Кейде өзімнің қайда жүргенімді ұмытып қаламын. Ал Тараздағы біраз нысандарда ұлттық болмысымызды дәріптейтін нышандар байқалады. Тіпті, Астанамыздың келбеті Тараз секілді болса шетелдік туристер бізге көбірек келер еді деп ойлаймын.

 

86 Говорящие картины

– Таразға неше туынды алып келдіңіз? Халықтың ықыласы қандай?

– 42 картина әкелдім. Айта кету керек, иллюстрациялардың жетеуі жаңа. Ең бірінші болып тараздықтар тамашалап жатыр. Бұл менің тарихи шаһарға жасаған ілтипатым десем де болады. Жалпы Қазақстанның бірнеше өңірлеріне жеке көрмеммен бардым. Мұнда Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының шақыруымен келдім. Халықтың ықыласы өте жақсы. Көрме барысында жылы лебіздерін айтып жатыр. Келушілердің дені жастар екен. Жастардың көңіліндегі мәселелерді дәл тауып, шығармашылығым арқылы замана келбетін көрсетіп жүргендіктен халықтың пейілі мен үшін маңызды. Таразға келіп бұл үдеден шыға алдым деп ойлаймын.

 

86 Говорящие картины2

– Суретшілік пен әлеуметтік тақырыптағы иллюстрациялар салу идеясы сізге қашан, қалай келді?

– Алғашқы суретімді 15 жасымда салдым. Бұл жолға түсуіме отбасым себепші болды. Анам журналист болғандықтан, балалық шағым «Ақ босаға» газетінің редакциясында өтті. Сол кезде түрлі тағдырлардың куәсі болдым. Проблемаларды өз көзіммен көрген соң, көңілге түйгенім көп болды. Ашығын айтқанда, мен суретшілікке кездейсоқ келген адаммын. Бала кезімде әкем шашымды тықырлап алып тастасам велосипед алып беремін деп уәде берді. Бала көңілім алып ұшып, велосипедке қол жеткізу үшін жазғы демалыста әкемнің айтқанын орындадым. Оқушылар шашымды күлкі ете берген соң, әке-шешем көркемсурет колледжі жанындағы мектепке берді. Бұл мектепке үйіме жақын болған соң ғана бардым. Мектептен кейін колледжде графикалық дизайн, академияда дизайнерлікті оқыдым.

 

86 Говорящие картины3

– Суреттеріңіздің кеңінен таралуының сыры неде?

– Оның халықтан жасыратын сыры жоқ. Қазір заман дамыған. Барлығы интернеттің арқасы. 2010 жылы алғаш фейсбук әлеуметтік желісіне тіркелдім. Байқасам, барлығы өздері жасаған, жазған дүниелерін осында көрсетіп жарнамалайды екен. Мен де қатардан қалмай «Ақ босаға» газетіне салған иллюстрацияларымды жариялай бастадым. Кейін кері байланыс орнай бастады. Көптеген арулар жекеме «ойландым», «толғандырды» деп хаттар жазды. Бәрі осылай басталған.

 

86 Говорящие картины5

 

– Қазақстанда иллюстраторлардың саны өте аз. Сізге бәсекелес болатын қылқалам шеберлері бар ма?

– Қазақстанда бұл салада бәсекелестік мүлде жоқ. Әлеуметтік тақырыптағы иллюстрация суретшіге ешқандай табыс әкелмейді. Мұны әркім өзі үшін жасайды. Біз үшін қымбат баға – халықтың разылығы. Меніңше бәсекелестік кәдімгі акварельмен, түрлі түсті бояумен сурет салатын бейнелеу өнерінің шеберлері арасында жақсы қарқын алып келеді.

 

86 Говорящие картины6

 

– Неге тек ақ және қара түстерді қолданасыз?

– Бұл екі түс жақсы мен жаманның, қоғамдағы қарама қайшылықтардың түсі. Ақ пен қара түстер арқылы ғана ойымды кеңінен жеткізе аламын. Ал қызылды жасыл бояулар санамдағы ойларды шашыратып жібереді. Алайда, суретші ретінде кей сәттерде түрлі түсті бояуларды қолданып тұрамын.

– Сізге кез-келген туындыны бастарда идея қайдан келеді?

– Қарапайым ғана дүние. Иллюстрацияларымда әрдайым қоғамдағы проблемалар көрініс табады. Демек идея көзі – қоғамның өзі. Кейде журналистер ойларын айтады. Кейде күнделікті өмірде көзіме түскен оқиғаларды эмоцияға беріліп отырып аз ғана уақыт ішінде қағазға түсіремін.


– Бүгінде тек иллюстрациямен ғана емес, кәсіпкерлікпен де айналысасыз. Ұлттық нақышта футболкалар мен жейделер жасайсыз. Бұл істі қалай бастадыңыз?

– Бірнеше жыл бұрын «Мамам мені өлтіретін шығар» деген иллюстрациям интернетте кең тарағанда Италияның Сиракуза қаласынан Benedetto Speranza деген кісі хат жолдады. Суреттеріме қызығып, клише жасап, почтамен салып жіберді. Осыдан кейін қазақы нақышта футболкалар жасай бастадым. Қазір жеке цехым бар, 6 адам бірігіп жұмыс істейміз. Тапсырыстар шет елдерден де түсіп жатады. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығының тойлануы менің осы бағыттағы жұмысыма үлкен серпін берді. Бір есептен «Қазақта мемлекет болмаған» деген пікірді алға тартқандарға Елбасының бұл бастамасы үлкен жауап болды. Көз алдыма халықтың ұлттық нақышта киініп жүргенін елестеттім. Барлығының ауыр қазақы шапанмен жүргені ыңғайсыздық тудыратын болғандықтан футболкалар жасау керек деген ойға келдім. Фейсбукте «Егер жазба 550 лайктан асса қазақы футболканың 55 түрін саламын» деп жазып едім, лүпіл саны 1000-нан асып жығылды. Сөйтіп, хандықтың 550 жылдығына алты ай бойы сурет салдым. Салт-дәстүр, ұлттық ойындар, ата-бабаларымыз бен батырларды қамтуға тырыстым. Барлығы дайын болған соң Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия университетінің 55 студенті футболкаларды киіп, флешмоб ұйымдастырды. Одан кейін осы Таразда үлкен той болған кезде, дизайнын интернет арқылы салып жібердім. Олар өздері футболкаға шығарып, сол киіммен дүбірлі тойда би билетті.

– Туындыларыңызда ана мен бала тақырыбына көп басымдық бересіз. Ал өзіңіз балаларыңыздың қабілетін қалай шыңдайсыз?

– Оның үлкен құпиясы жоқ. Баланың жастайынан қандай іске бейімі бар екенін зерттеп, балабақшаға барған кезінен бастап инвестиция сала беру керек. Балаға «сенің қолыңнан келмейді» деуге болмайды. Барлық нәтиже еңбек пен әрекеттен болады. Менің әдісім қарапайым. Балаларыма кішкентай кезінен «еңбек бәрін жеңбек» деп тәрбие бердім. Адам өзі қаласа бәріне қол жеткізе алатынын ұғындырдым.

– Осы туындыларыңызға байланысты қандай оқиға есіңізде қалды?

– Ондай оқиғалар өте көп. Есімде жақсы сақталғаны «Мамам мені өлтіретін шығар» деген картинам бір келіншектің аборттан бас тартуына себеп болыпты. Жекеме осы оқиға баяндалған хат келгенде өнерімнің адамдардың өміріне оң әсерін бергеніне, бейкүнә періштенің аман қалғанына шүкіршілік еттім. Келіншек баласының қоларбада отырған фотосын жіберіпті. Әдетте суретшілер өнеріме «негатив тым көп» деп баға беріп жатады. Алайда, мына оқиға мені одан сайын шабыттандырды.

– Алдағы уақытқа қандай жоспар-ларыңыз бар?

– Ұлттық нақыштағы футболкалар шығаруды қарқынды түрде жалғастыра береміз. Былтырдан бері көйлек тіге бастадық. Қазір жылы жемпірлер жасауды қолға алып жатырмыз. Қазақстанның барлық өңірлеріне жеткізу қызметі бар. Шабыт келгенде әлеуметтік тақырыптағы суреттеріме де үңіліп тұрамын.

– Жұмысыңызға табыс тілейміз. Әңгімеңізге рақмет!



Сұқбаттасқан
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Өңірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымен Бақытжан Әбдірұлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2007 жылы құрылып, содан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып...
2011 жылдың 12 қарашасында тараздықтардың төбесінен жай түсірген қанды оқиға орын алды. Қаныпезер лаңкес Қариев дүйім жұртты дүр сілкіндіріп,... Тәулік ішінде қылмыскер 7 адамның, соның ішінде 5 құқық қорғау органдарының қызметкерінің өліміне әкеп соққан ауыр қылмыстар жасады. 3...
«Тараз» футбол орталығының 2000 жылы туған жасөспірімдер командасы шешуші ойында «Қайрат» Академиясындағы құрдастарын 1:0 есебімен тізе бүктіріп,... Мұндай болады деп ешкім ойламаған. Финалдық кезеңнің толық қожайыны ретінде алаңға шыққан алматылық «Қайрат» турнир басталғанға дейін...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00