рухани жангыру и пром революция каз

Сән саласының саңлақтары Таразда

 

82 аспара

 

Тараз бір сәтте ғана ғаламдық дизайн индустриясының орталығына айналып шыға келді. Сән саласы мамандарын 20 ғасырлық тарихы бар көне шаһарда тоғыстырған халықаралық шараны облыс әкімдігінің туризм басқармасы «Асыл Дизайн» сән үйімен бірлесе отырып ұйымдастыруда. Айта кету керек, ауқымды апталық Өзбекстанның Қазақстандағы жылының аясында өтіп отыр. Осыған орай халықаралық шараның ашылу рәсіміне ҚР Мемлекеттік хатшысы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбіхалықова арнайы қатысты.
– Бүгінгі сән апталығы Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Әйткенмен, «Aspara fashion week» шарасы тек осы екі елдің ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттердің сән саласындағы мамандарының қарым-қатынасын нығайта түспек. Бұл сән апталығы мәдени құндылықты дамытуға, ұлттық киім үлгілерін насихаттауға, сондай-ақ, қазақстандық дизайнерлердің туындыларын сүйемелдеуге ықпал етеді. Қазақта «өнерді сыйлаған – өрге шығады» деген дана сөз бар. Бүгінгі шара мәдениет пен өнерді дамытудағы елеулі белес болады деп сенемін, – деді Мемлекеттік хатшы.

 

82 аспара1

 

Сондай-ақ, бауырлас Өзбекстан Республикасынан әйелдер комитеті төрайымының орынбасары Мукаррам Нурматова мен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов сән апталығының құрметті қонағы болып, шараға қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

82 аспара2

 

Аудиториясы 100 миллион адамды құрайтын америкалық FNL Network арнасы бір жеті бойы Тараз тұрғындарын дизайн өнерінің теңдессіз туындыларымен таңдандыратын сән көрсетілімінен хабар таратпақ. Бұдан өзге белгілі италияндық ELLE, MERCURIS журналдары, 19 елден келген блогерлер мен журналистер шараның кең көлемде насихатталуына атсалысады.

 

82 аспара3

 

Сән апталығының киелі Тараз шаһарында өтуінің өзіндік себебі бар. Өңірдің туризм саласына соны серпін беретін халықаралық шара Тараз тарихын кеңінен насихаттауда өз септігін тигізбек. Осыған дейін туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова айтқандай, жеті күн ішінде қалаға 3 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде. Сән көрсетілімі кезінде облысымыздың шағын және орта бизнесі 70 миллионға жуық пайда табады деп күтілуде. Сонымен қатар өзара әріптестік туралы халықаралық 7 және республикалық деңгейде 5 меморандумға қол қойылады деп жоспарланған. Сән апталығы Еуропаға танымал белгілі отандық дизайнер Айдархан Қалиевтің топтамасымен басталды. Сәнгер «Көктем–жаз-2019» маусымдық коллекцияларын көпшілік назарына шығарды. Коллекциядағы сән үлгілері шығыстық стильде әзірленген. Оған қолөнер шеберлері безендірген жеңіл, жылтыр маталар пайдаланылыпты. Коллекциядағы сән үлгілеріне алдағы маусымда сәнге айналатын ақ түс пен гүлді принт қолданылған екен. Сол себепті де талантты дизайнер өз топтамасына «Тараз періштелері» деген атау беріпті. Ауқымды шараның Тараз төрінде өтуіне ықпал еткен Айдархан Мірәліұлы сән көрсетілімдерінің өңір туризміне тигізер әсеріне тоқталды.

 

82 аспара4

 

– Осыдан бірнеше жыл бұрын Тараз қаласына іссапармен келген болатынмын. Мені, әсіресе, жергілікті билік пен тұрғындардың өз тарихына деген құрметі, туристерге жасаған қолайлы жағдайлары таңдандырды. Біз бүгін өзге әріптестерімізбен бірге «Көне-Тараз» кешенінде болдық. Сан ғасырларды артқа тастаған ежелгі қаланың көне қабырғаларын қалпына келтіріп, ұрпаққа аманат ету мақтауға тұрарлық іс. Кәсіби сәнгерлермен құт қонған қалада кездесіп, өзімнің ұлттық стиль мен заманауи үлгіні үйлестіріп жасаған топтамамды осы қонақжай, өткенін ардақтайтын қала тұрғындарының назарына ұсыну мен үшін үлкен мәртебе, – дейді өзбекстандық дизайнер. Шетелден келген меймандар сән апталығы аясында бір апта бойы «Жамбыл Сервис» ЖШС көмегімен Тараздың Ақыртас, Айша бибі сынды киелі, тарихи орындарын аралап, «Taraz food turizm – 2018» көрмесін тамашалайды. Сонымен қатар, сән апталығында «Нео-Фольклор» дизайнерлердің халықаралық байқауы ұйымдастырылып, онда жас сәнгерлер бақ сынайды.

82 аспара5

– Париж, Миландағы көрсетілімдер сән әлемінің өзгеше бағыттарын айқындау үшін ұйымдастырылса, біз бұл шарада Еуропаға Таразды танытуға, тарихымызды насихаттауға барынша күш салып жатырмыз. 70-тен аса шетелдік қонақтарға #asparafashionweektaraz хэштегін таратып бердік. Өтіп жатқан сән апталығында Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі шаһардың көне мәдениетін, тарихын шығыстық үлгіде дайындаған туындыларыма арқау еттім. Бар жан-тәніммен туған қаламның атын сән әлемі арқылы әйгілеуді мақсатым деп білемін. Бұл шараны келесі жылы өткізуге бауырлас Өзбекстан елі үміткер болып отыр. Ал, 2019 жылы «Aspara fashion week» сән апталығы Қытай Халық Республикасының Үрімжі қаласында өтеді деп жоспарлануда. Ол кезде де мен «Aspara» атауын Тараздың бай тарихы мен мәдениетін әспеттейтін бренд ретінде паш ететін боламын, – деді отандық сәнгер. Өзбекстан Республикасынан келген талантты дизайнер-декоратор Лена Ладик тараздықтардың қонақжайлылығына деген таңданысын жасырмады.

 

82 аспара7

 

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ Суретті түсірген Ю.Ким

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Елбасының кезекті Жолдауы ел ішіндегі өзекті мәселелерді қозғады. Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асырыуды... Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру үшін...
В областном центре продолжается обсуждение инициатив Президента страны, изложенных в его очередном Послании. Коллектив Жамбылской областной детской больницы поддерживает курс главы государства на создание социально-ориентированого общества. Таков итог встречи медиков с...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
Жуырда ғана Кенен Әзірбаев есімін алған Жамбыл облыстық филармониясы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Жарты ғасырды алқымдаған өнер... «Тараз Арена» спорт кешенінің алаңында өткен спорттық бәсекеге «Жамбыл» арнасы мен асабалар құрамасы және мәдениет мекемелерінен барлығы 8 команда...
Өңірімізде жылыту маусымы жеті айға жуықтайтынын ескерсек, «кәрі құданың» қаһарына төтеп беру жан-жақты дайындықты қажет ететіні белгілі. Олай болса,... Сауалдардың жауабы қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен қалалық мәслихаттың кезекті отыз алтыншы сессиясында жан-жақты айтылды. Белгілі болғандай қала бойынша...
В Таразе и области воздействие на должников за потребленные услуги переходит на новый уровень. В областном центре продолжается компания, в ходе которой злостные неплательщики коммунальных услуг в массовом порядке лишаются этих самых...
Октябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00