рухани жангыру и пром революция каз

Өнер – ұлттың жаны

 

41 Мадениет 1

Ұлт рухын асқақтатып, атын айдай әлемге паш етер саланың бірі – мәдениет саласы.

 

 

 

41 Мадениет



Сан ғасырлардан тамыры тереңге тартқан сала қазақ халқының болмысымен біте қайнасқан. Кешегі Париж сахнасында салтанат құрып, қазақ әнін әуелеткен Әміре Қашаубаевтың өнеріне дән риза болғандар қанша. Бұл тұста Елбасы Н.Ә.Назарбаев дәстүрлі Жолдауларында мәдениет саласының дамуын айрықша атап өтеді. «Мәдениет – ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші – зиялы қауым. Себебі, әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. Сонымен қатар, мәдениет – адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениеттің өзекті бөлігі – өнер. Шынында да өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі саласы. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды», – деген болатын Елбасы. Ал рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуы ісіне үлес қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор. Бүгінде өнеріміздің көкжиегін кеңейтіп жүрген өнер адамдары көп. Ұлт пен ұлысты ұйыстырып, халықтың бар жақсысын паш етуде мәдени шаралардың басы-қасында жүретін де – өнер иелері. Расында, ел өркениетінің жандануы жолында тер төгер сала саңлақтарының еңбегі кейде сахна сыртында қалып қоятыны жасырын емес. Міне, осыны саралаған Елбасы мамыр айының үшінші жексенбісін «Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні» деп жариялау туралы арнайы Жарлыққа қол қойды. Халықтың мәдени дамып, рухани жаңғыруы бағытында күш салып келе жатқан өнер иелеріне құрмет қашанда жоғары. Ал қала мәдениетінің өркендеуіне септігін тигізуде аянбай еңбек етіп келе жатқан мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі осы міндеттің үдесінен шығып келеді. Бүгінде аталмыш бөлімге қарасты 9 мәдени ошақ жұмыс істейді. Және ондағы қызметкерлердің легі – 159 адамды құрайды. Қала тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру және рухани сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында өткен жылы 425 көпшілік мәдени іс-шара өткізілсе, биылғы жылдың 4 айында 132 іс-шара көрініс тапқан. Ал мәдениет үйінде 19 «Халықтық» атағы бар көркемөнер ұжымы және 7 үйірме жұмыс атқарады.

 


– Мәдениет саласы өте кең ұғым. Мәдениеттің қалыптасуына ақын-жазушыларымыздың да, әнші-бишілеріміздің де, күйшілеріміздің де, өнертанушылар мен суретшілеріміздің де, мәдениет үйі қызметкерлерінің, ансамбльдер мен халық театрларының да үлес қосатындығы баршамызға мәлім. Қарап отырсаңыз осынау салада қаншама мамандар мен қызметкерлер еңбек етіп, рухани дүние тәрбиешісіне айналып отыр. Олардың шәкірттері халықаралық дүбірлі додалар мен республикалық байқауларда топ жарып, шаһар намысын қорғап жүр. Мәселен, 2017 жылы «Бозторғай» үлгілі ән-би ансамблі Алматы қаласында өткен республикалық «Ұлы дала дарыны» атты балалар мен жасөспірімдер телевизиялық байқауында, «Шаттық» халықаралық жас таланттар фестиваль-конкурсында, «Шашу» І республикалық байқау-фестивалінде, Шымкент қаласындағы халықаралық «Қысқы әуен» ән-би және өнер байқауында бас бәйгені қанжығалап, шаһар намысын аспандатып қайтты. Сондай-ақ олар Түркия мемлекетінде өткен V халықаралық «IAF» өнер фестивалінде жүлделі 1-орынға ие болған еді. Ал өнерімен талай топты жарған тараздық таланттарды қолдау шаралары да бөлім назарынан тыс қалған емес. Айталық, жуырда көптеген эстрада жұлдыздарын мәдениет майданына қосқан республикалық «Жас қанат» байқауында жас әнші Нұрай Ғаниқызы мен Сәуле Тыныштықова қала намысын қорғайтын болады. Сондай-ақ Астана қаласының 20 жылдығына және Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған К.Дүйсекеев атындағы VІ дәстүрлі республикалық «Туған жер» атты әншілер байқауына Мейірім Хамзина жолдама алды. Жалпы мәдени көпшілік шаралар мен тұрғындардың күнделікті бос уақытын ұйымдастыру, қоғамдық пікірлерді қалыптастыра отырып ұлттық және мәдени дәстүрлер мен халық ауыз әдебиетінің дамуына атсалысуда сала қызметкерлері тынымсыз еңбек етіп келеді, – дейді қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Рабиға Асылбекова.

 


Сонымен қатар адам баласына рухани азық сыйлар кітап деп білсек, ал сол кітапханада қызмет ететіндер көзге көп көрінбей, алайда мол алғысқа бөленіп жүреді. Жайдары мінезімен оқырманның сұранысын қанағаттандыруда қалтқысыз қызмет қылатын кітапханашылар да құрметті. Бүгінде бөлімге қарасты Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің кітап қоры 363552 дана болса, оның ішінде мемлекеттік тілде 132539 дана кітап бар екен.

 


– Қалалық Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіндегі барлық кітапханалар жаңа технологиялармен қамтамасыз етілген және интернет желісіне қосылған. Арнайы өңделген реляциялық веб-хабарлар кітапханалық ақпараттық жүйе «RWБИС» жаңа бағдарламасы бойынша электронды каталогқа кітаптар енгізілуде. Кітапханалық веб-сайтқа әртүрлі айдарлар енгізіліп, барлық беттердегі материалдар үнемі жаңартылуда. Жалпы кітап қорынан 963 атауымен 9443 дана кітаптар цифрланды, оның ішінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылы «Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» жобасы бойынша өлкетану тақырыбында 55 атауымен 2024 дана кітап цифрланды және келісім-шарт негізінде жергілікті авторлардың 14 атауымен 228 кітабы цифрланды. Жалпы жоба бойынша 209 атауымен 5109 дана кітап цифрланды. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының архивінен алынған фотоқұжаттарды цифрлау бойынша ағымдағы жылы «Фотоархив» дерекқоры 501 суретпен толықтырылды. Сондай-ақ «Рухани қазына» бағдарламасы аясында бөлімге қарасты қалалық кітапханада екі жоба іске асуда. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған республикалық «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша «Туған жер» базалық жобасының, қалалық кітапханалар жүйесінің қала тұрғындарының рухани байлығын дамыту, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында атқарылатын кітапханалық жұмыстардың бірі ашық аспан астындағы «Жазғы оқу залы» және «Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» жобалары таңдалынып алынды. Кітап қорларын жоғары деңгейде насихаттау, кітапханаға оқырмандарды көптеп тарту мақсатында «Жазғы оқу залы» Жобасы маусым-тамыз айларында «Арман», «Фресно», «Жеңіс» саябағы, Т.Рысқұлов атындағы Орталық саябақтарында жоспарланған түрде жүзеге асырылады. Ал 2018-2022 жылдар аралығында жүзеге асырылатын қос жобаны жоғары деңгейде, нәтижелі орындау үшін 2018 жылға 6,5 млн теңге қаражат бөлінді, – дейді қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Камила Абашова. Ал осыдан он екі жыл бұрын құрылған халықтық атағы бар «Асыл аналар» ансамблінің өнеріне ынтық көрермендер қатары жылдан-жылға артып келеді. Облыстық, республикалық, деңгейдегі бәйгелерде топ жарып жүрген әні де, сәні де жарасымды шығармашылық топ ұмыт болған халық әндерін насихаттап, ұлттық салт-дәстүрдің жоғалмауын берік ұстануда. Ансамбль құрамында 15 әнші бар. Қарттық жасқа таяп қалған әжелер ел ішінде ұйымдастырылатын іссапарлардан да қалыс қалмайды. Жергілікті халықтың көзайымына айналған шығармашылық топтың репертуарында 30-дан астам әндері бар.

 


Иә, мәдениет саласының қызметкерлері айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі. Жан дүниесі бақуатты, нағыз өз ісінің майталманы ретінде өнерге берілген өрелі жандар. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерейлі мерекесі расында мәдениет саласының қызметкерлері үшін ерекше күн болмақ. Ұлт мәдениетін жандандырып, саланың жілігін шағып, майын ішкен азаматтарға қашанда құрмет жоғары. Ал өнерпазын мәпелеген ел мәртебесі қашанда биік болары сөзсіз.

 

Толғанай АТАБАЙ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Қазақстан, Қытай мен Ресейдің ірі энергетикалық компанияларының өкілдері қатысқан табиғи газбен жүретін көліктердің халықаралық автошеруі Тараз қаласына табан тіреді. Қытай Халық Республикасының шығысында орналасқан Жудун қаласынан Қазақстан арқылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласына бағыт алған автошеру ұзындығы 9881...
Қала күні қарсаңында «Jambyl -Taraz» газетінің редакциясы қалалық әкімдіктің қолдауымен үш түрлі байқау жариялайды. Тарихтың айнасына айналған Тараздың қасиет... 1. «Менің киелі Таразым» жас суретшілер байқауына қылқаламды жанына серік еткен бүлдіршіндер қатыса алады. Бұл кезеңде балғындар екі мыңжылдық...
Кім болмасын, ұрпағының салиқалы, білімге құштар, толыққанды азамат болып қалыптасқанын қалайды. Сол себепті кейбір отбасылар перзентінің тілі шыққан... «Бұрын ләңгі теуіп, доп қуып асыр салып ойнаушы едік» деген аға буынның бүгінгі уайымы – компьютерге телмірген балалардың...
ҚР Конституциясы күніне орай, облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Жамбыл облысы әкімінің кубогы... «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен дүбірлі доп додасына республика көлеміндегі телеарналар мен басылымдардан құралған 11 команда қатысып, өзара кім...
Тараз готов к зиме – утверждают коммунальные службы. Прошлая зима деликатно напомнила всем нам, что полагаться на теорию глобального потепления пока рановато. Температуры января-февраля побили все...
Оңтүстік өңірде Тараз, Шымкент қаласынан кейінгі газбен жабдықтау желілері жаңғыртылып, ауыстырылып жатқан екінші қала. Ал көне шаһарда газ тарату... ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен...
Сентябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00