ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 каз

Туризм дамуының тетігі

 

 

41 Туризм



«Ұлттық зергерлік бұйымдар» жобасы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Тарихи-мәдени-этнографиялық орталық «Киелі өлке жауhарлары» атты көшпелі көрменің салтанатты ашылуы өтті. Жиында сөз алған «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейі директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Қуаныш Дәурембеков қонақтарға алғыс айтып, көпшілікті мерекемен құттықтады.

 


Көрмеге орталық қорындағы 100-ге жуық құнды жәдігерлер топтамасы халық назарына ұсынылды. Көрме бойынша жасақталған жәдігерлер «Халық өнері – асыл қазына» атты шекелік, шолпы, өңіржиек, алқа, сырға, бойтұмар, жүзік, хан мен ханшаның отау жүзігі, білезік, қапсырма, кісе белдік пен күміс түймелер секілді зергерлік әшекей бұйымдардан құралған. Сондай-ақ көрме төрінен Мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың «Көзден кетсе де, көңілден кетпес тұлға» атты көшпелі көрмесі де көпшілікке таныстырылды. Көрмеге музей қорынан 70-ке жуық құнды жәдігерлер және қолжазбалары қойылды. Көрме бойынша жасақталған жәдігерлер Н.Оңдасыновтың пайдаланған заттары, кітаптары, киімдері, фотолары мен қолжазбалары және құжаттарынан құралған.

 


– Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Оңдасыновтан қалған құнды жәдігерлерін, мұраларын болашақ ұрпаққа насихаттай отырып, болашақ жастарды ел ағаларына қарап бой түзеуге, елін-жерін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында алынып келген заттар мен жәдігерлер жастарға үлгі болады деп ойлаймыз. Бүгінгі көрме тарихи, мәдени, рухани байланыстың алтын көпірі. Барлық әріптестерімді мерекемен құттықтай отырып, құндылықтарымызды сақтауда, жәдігерлерді ұлықтап, болашақ ұрпаққа жеткізуде ерінбей еңбек етуге шақырамын, – деді ОҚО Тарихи-мәдени-этнографиялық орталығының бөлім меңгерушісі Омар Жексенбаев.
Бұдан кейін жиылған көпшілік Қарахан баба кесенесіне жол тартып, онда да көрменің ашылуына қатысты. «Қарахан мемлекеті тарихынан сыр шертеді» тақырыбы аясында ұйымдастырылған көрмеде сол заманның құнды жәдігерлері таныстырылды. Алдымен кіреберістегі арнайы дайындалған баннердің таныстырылымы өтіп, одан кейін Қарахан баба кесенесінің жанынан ашылған бөлмелердегі заттар таныстырылды. Ол жәдігерлердің басым көпшілігі 2014-2016 жылдар аралығында өткен қазба жұмыстарында табылған. Сонымен қатар көрмеде музей қорындағы 122-ге жуық құнды жәдігерлер топтамасы халық назарына ұсынылды.
Көрме Қарахан мемлекетінің өкіліне арналып тұрғызылған кесененің худжра бөлмелерінде жасақталған. Онда Қарахан мемлекеті тұсында жасалған құнды жәдігерлер қойылған, атап айтсақ асханалық ыдыстар – құмыра, хұм, хұмшалар, тағара, қазан т.б., сынапкөзелер, су құбырлары, шырағдандар және Қарахан мемлекеті тұсында жасалаған XI-XII ғғ. жататын мыс тиындар қойылған. Қарахан мемлекеті XII ғасырдың аяғына дейін өмір сүрді. Осы кезеңде Тараз қаласының экономикалық, әлеуметтік және мәдени гүлденуіне тұспа-тұс келді. Қарахан билеушілері өздерінің атымен тиын шығарып отырған. Басқа мемлекеттің өкілдерін қабылдап, соғыс пен бейбітшілік жайлы бітімгерлік жасасқан деген тарих беттерінде деректер бар. Ең аса маңызды оқиғалардың бірі қарахандықтардың тұсында Ислам діні мемлекеттік дін болып қабылданды. Осының барлығы қалада діни сәулет өнерінің дамуына ықпал еткен.

 


Қарахан баба кесенесіне барғанымызда туристердің көптеп келетінін де байқадық. Ұлыбританиядан арнайы келген он шақты турист алдымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи орындардан бастап, Тараз жеріне табан тірепті. Қарахан баба кесенесімен қатар, бұрынғы Рабат қалашығының орнын, ондағы мешітте қойылған жәдігерлерді тамашалаған туристер таңқалыстарын жасыра алмады. Тағы бір айта кететін жайт бұрын тұрғындар үшін қақпасында құлып тұратын монша мен мешіт бүгінде келушілерге есігін айқара ашқан. Және бір ескеретін дүние музейлер мен тарихи орындарға кіру бұрын тегін болса, бүгінде ақылы. Мұның барлығы туризм саласын көтеруге бағытталған шаралар.

 

Арайлым Шабденова

 

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні. Айтулы күн қарсаңында аймақта жемқорлықпен күрес жүргізіп келе жатқан Мемлекеттік қызмет істері... – Мақсұт Ыбрайханұлы, ертеңгі мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймыз! Алғашқы сұрағымызды департамент жұмысының негізгі бағыттарынан бастасақ. Аймақтағы мемлекеттік қызметті...
Государственные служащие блистали талантами, состязаясь в креативе и интеллекте. В преддверии профессионального праздника на базе КГУ «Қоғамдық келісім» состоялся конкурс «Кәсіби кызметкер – кәсіби мемлекет», посвященный 20-летию...
«Тараз-Арена» спорт сарайында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында дәстүрлі облыстық спартакиада өтті. Биылғы шараны облыс әкімдігінің баспасөз қызметі, облыстық дене шынықтыру және спорт және облыстық ішкі саясат басқармалары бірлесіп ұйымдастырыпты.
Участники не пожалели средств на помощь детям. В Казахстане среди госслужащих состоялся общереспубликанский благотворительный забег «Алға басу - движение вперед». Основная цель мероприятия - оказание...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
АО «КазТрансГаз» провело первый этап конкурса «Yздiк маман-2018». В группе компаний АО «КазТранс Газ» дан старт традиционному конкурсу профессионального мастерства рабочих «Лучший по профессии». В этом...
Июнь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00