рухани жангыру и пром революция каз

Қонаевтың қолтаңбасы

 

4 конаев1

 

Әрине, халқының орасан құрметіне ие болған тұлға еске алудан кенде емес. Ұлттық ойындар, ат бәйгелері мен шағын спорт түрлерінен өткізілетін көптеген турнирлер, халықаралық деңгейде өткізіліп жүрген еркін күрестен, волейболдан жарыс, тағысын тағылар көп-ақ. Өкініштісі, бұл шаралар болашақ ұрпаққа ұлы адам туралы деректер мен дәйектемелер қалдыра алмайтыны белгілі. Алғаш оның жүз жылдық мерейтойында қайраткерлігі мен мемлекетшілдігі туралы халықаралық ғылыми конференция өткізу туралы бастама көтерген ғалым, филология ғылымының докторы, академик Жанғара Дәдебаев ағамыздың ұсынысы белгісіз себептермен билік иелері мен сол кездегі Қонаев қоры басшылығынан қолдау таппағандықтан өткізілмей, есесіне ұлан-асыр той жасалып, ат шаптырылғаны белгілі. Жоғарыда аталған шара кеш те болса осы олқылықтың орнын толтырғандай болды. Әрине, заманымыздың заңғар тұлғасы Д.А.Қонаевтың қайраткерлігін болашақ ұрпаққа жеткізу – баршаның ісі. Себебі ол кісімен кездесіп, қолын алған әрбір адам оның ғаламат кең білім мен кісілік дариясынан бір тамшы зәмзәм суының дәмін тататыны анық. Атышулы Желтоқсан оқиғасынан соң нақақ жалаға ұшырап, біраз уақыт жүріс-тұрысына шектеу қойылған ардақты атамызбен алғашқылардың бірі болып жүздескен әйгілі ақын ағамыз, сәнді сөз бен мәнді ойдың шебері Нарша Қашағанұлы сол дәмді алғаш татқандардың бірі де бірегейі. «Үлкен кісінің үйіндегі сұхбат» деп аталатын мақаласында Нарша Димаш атамыздың бес қасиетін атап көрсеткен еді. «Ең ерекше есімде қалғаны – қазақтығы. Тегін, тамырын, тілін жақсы білетіндігі. Жеті атасын жетік білетіні өз алдына, олардың тарихы мен тағдырынан мағлұматы мол екені бірер сөзден-ақ байқалып қалады. Мақалдатып, мақамдап, таза сөйлейді екен. Не орысша, не қазақша білмейтін шалағай-шатпақ, дүбәра әкімдер алатын бір үлгі осы екен-ау деп ойладым.

 


Екінші әсер еткені – қарапайымдылығы, кішіпейілділігі. Алды тар емес. Еркелеп, еркін отыруым да сол кеңдігінен шығар. Қарапайымдылығына бір мысал. Қонаевты пайғамбар деп пір тұтатын шет жердегі қазақтар ол кісінің ауласына кіре еңкейіп, иіліп тәжім етеді екен. Димекең соған кәдімгідей қысылып, ренжитін көрінеді. Немесе кішіпейілділігі де кіршіксіз. Сан адамның есімін санасында сақтаған. Бәріне мән береді. Әнуарбек Тәжімбетов туралы айта келіп: «Жақсы адам еді, оның балаларына бас-көз болып жүріңдер» – деді.

 


Үшінші байқағаным – қайраткерлігі. Енді маған неге керек демей, ел қамын ойлап отырады екен. Біздің елдің жағдайын тәптіштеп сұрады. Сөз арасында шетелде тұратын қандастарымызды үлгі етті, салтымызды сақтағандарын, бірнеше тіл білетіндіктерін, баюға, әрекетке бейімділігін қазір ойлап отырсам, әдейі әңгіме еткендей.

 


Төртінші – ірілігі. Ол кісіге қарап отырып «Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық» деген Бауыржан Момышұлының сөзі есіме түсті. Ешкімге өкпем жоқ дейді. Табаламайды, кекшілдік көрсетпейді. Кеңдік танытады. Әр нәрсеге бір зауал бар екеніне о баста-ақ сенген секілді.

 


Бесінші байқағаным – мықтылығы. Қиянат, ғадауат көбейіп, дос азайған қиын күндерде мойымай, өзін, қасиетін сақтауы, биігінен төмендемеуі ердің ерінің ғана қолынан келетін мықтылық. Қаумалаған қалың қошеметші шілдің боғындай шашырап, бас сауғалап кеткенде, жанына сая болған жары Зухраны да тағдыр көп көрді. Перзенті жоқ адамға бұл оңай соққы емес. Соған қарамастан, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнар» дегендей, жапқан жала мен жаққан күйе де жанға батпай ма?! Бірақ мықтының аты – мықты. Сыр бермеді. Димекеңнің әзілдеп айтқан бір астарлы сөзі есімде. Күлімсіреп қойып: «Биік ағашты жел қатты шайқайды. Мен дәу адаммын ғой» – деген еді». (Нарша Қашағанұлы, «Шапағат» газеті, 1992 жыл, қаңтар.)

 


Ұлы адамға ғана тән қасиеттерді дер кезінде байқап, қорытынды жасау философиялық ой-сана өрісінде еркін жүзіп, кісі танудың сыр-қырларын меңгерген ұлы ақынға тән байқампаздық болар. Дәл осы жылдың қазан айында бүкіл дүние жүзі қазақтарының құрылтайы болатын болды. Таяуда ғана егемендігін жариялаған елдің еңсесі көтеріліп, алыс жақын шетелдегі қандастардың басын қосып, барша қазақтың болашағын бағдарлайтын шаралардың бірі еді. Осы қарсаңда алматылық досым, 1986 жылға дейін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жақын көмекшілерінің бірі болған Бауыржан Сабырбаев хабарласып: «Әбиірбек, уақыт тауып жет, Ақсақалмен үлкен мәслихат құрамыз, ішінде боласың» – деп арнайы шақырды. Орталық комитетте атамызды «Ақсақал» деп атайды екен. Бауыржан өзі бастамашы болып бірінші рет Түрген ауылындағы орта мектепке Д.А.Қонаевтың есімін беруге мұрындық болған жігіт және Д.А.Қонаевтың әкесі Ахмет қария біраз жылдар Түргенде тұрғанын, Димаш атамыз да балалық шағының біраз жылдарын Түргенде өткізгенін Бауыржан Ақсақалдың өз аузынан естідім деп айтатын.

 


Еңбек демалысымды алып, Алматыға жеттім. 18 қазан күні Ленин атындағы сарайда үлкен мәжіліс өтті. Мәжіліс залында отырған барша жұрттың назары шымқай қара костюм-шалбар киіп, омырауына үш бірдей Социалистік Еңбек Ері белгісін таққан Димаш атамызда болды. Шынымды айтсам, бірінен соң бірі шығып сөйлеп жатқан қандастарымыздың не айтып жатқаны есімде жоқ, маған осы мәжіліс дүние жүзі қазақтарының көп жылдай көрісе алмаған арысымен кездесуі сияқты әсер қалдырды. Себебі Бауыржанның айтуынша, Түркия мемлекетінен келген бір топ іскер қазақтар Д.А.Қонаевпен кездесіп, Түркияға шақыру туралы ұсыныс жасапты. Және олар ғана емес, Ресей, Моңғолия, Қытай мен Германияда тұратын қандастарымыз да үн қосып, бәрі ұлы тұлғаны елдеріне шақырғысы келетінін білдірген. Олардың ішінде Түркиядағы қазақ радиосының бас редакторы Бонн, Стамбул, Пекин университеттерінің құрметті профессоры Зейнеш Исмаил, Моңғолияның Египеттегі елшісі, қоғам қайраткері Сайран Қадыр, германиялық Али Мұса, Омбы қазақтары қауымдастығының төрайымы Алтынай Омарова, тағы басқалар болды. Осындай тілектерден соң, Бауыржан өзі басқаратын «Хайр Ихсан» деп аталатын қайырымдылық қорында жүрген жігіттермен Түргендегі композиторлар үйінде үлкен кездесу ұйымдастырды. Осы жерде ұлы адаммен бетпе-бет жүздесіп, Нарша байқаған қасиеттердің бәрін көрдім. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, қазақтығы, қарапайымдылығы, кішіпейілділігі, ірілігі, мықтылығы мен қайраткерлігі әр сөзінен, қимыл-әрекетінен, жымиғаны мен өзі тауып айтқан кейбір әзілдеріне балаша қарқылдап күлгенінен, кейде үнсіз қалып жан-жағында қаумалап отырған біздерге мейірлене қарағанынан байқалып, ұлы адамның бойынан ерекше мистикалық нұр тарап тұрғандай әсер қалдырды. Бауыржан бәрімізге сөйлеуге, сұрақтар қоюға мүмкіндік жасады. Көп сауалдар сол кезде әбден титықтаған экономика мәселесі мен Қазақстанның болашағына тіреле берген соң, ұлы адам жанындағы үзеңгілес досы, бұрынғы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаевқа қарап: «Сұлтан, есіңде болар, біз жоспарлаған Батыс мұнайы мен газы біздің халықты осы қиыншылықтан алып шыға алады ғой» – деп мақұлдатып қойды. Және бізге беймағлұм сандармен сөйлеп кеткенде аузымызды ашып қалдық, экономикалық сауатымыз болмағандықтан, көбін түсіне де алмағанымыз рас. Бірақ сөзінің соңында: «Үкімет басындағы азаматтарға қолдау жасаңдар, әлі бір он жылда көршілес Түркия мемлекетінің дәрежесіне жетіп қалатын экономикалық қуатымыз бар. Әттең, кезінде осыны пайдалануға мұрша болмады ғой» – деп бір сәт ойға берілген атамыз: «Ең бастысы, армандаған егемендігімізді алдық, осыны сақтауымыз керек» – деп жымиып қойды.

 


Он бес жылдан соң, егемендік ең бірінші Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың арманы болғанына көз жеткіздік. Н.Ә.Назарбаев бұл туралы: «1986 жылдың басындағы бір оқиға ойыма келеді. Біз бірде оның ұшағымен республиканың күңгейінен теріскейіне бардық. Кенет мені қасына шақырып алып: «Біздің республикамыз қандай үлкен! Шіркін, өз алдымызға дербес мемлекет болсақ қой» – деп сыбырлап саусағымен аузын басты» – деп жазды. (Н.Назарбаев, Ғасырлар тоғысы, 46-бет.) Көрегендік емес деп қалай айтасың осыны.

 


«Мен үйде бекер жатқан жоқпын, болашақ ұрпаққа шынайы тарих қалсын деп өткен оқиғалардың бүге-шүгесін түгел қағаз бетіне түсірдім. Соның бірінші оқырманы өздерің боласыңдар. Елдар, ана кітаптарды жігіттерге тарат!» – деп жанында ілесіп жүрген Елдар Қонаевты шақырды. Бәрімізге «Өтті дәурен осылай» кітабын қолтаңбасымен ұсынған Димаш атамыз оған қоса деректеме карточкасын сыйға тартты. Деректеме карточкасындағы «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, тау-кен инженері» деген сөзді оқып, тағы да ойланып қалдық. Бірінші хатшылығын алса да ғылыми атақтары бір басынан артылып жатқан атамыз тау-кен инженері болып қалғанды қалағандай. Ұлы адаммен қауышқан бір сәтім осы кезде Алланың сыйы сияқты көрінеді. Бір деммен оқылып шыққан кітабының соңында «Бәрін айту, түгел айту мүмкін емес. Тегінде билік оңай да, біліп айту қиын. Көп тірлігінде жүйесін тауып басқара алдым ба, жоқ па, ол өз алдына бір әңгіме» деген екен абызымыз. «Ердің қайратынан елдің қайраты асқан заман» деп өзі айтқандай, бұл әңгімені енді елі жалғастыратыны ақиқат. Жоғарыдағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция – соның айқын дәлелі.

 



Әбиірбек Қонысбаев,
прокуратура ардагері

 

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Қала әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысында шаһардағы мектептер, балабақшалар мен кітапханалардың мемлекеттік рәміздерді пайдалану мен қолдану барысына... Қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Кенжебек Олжабай жиынды ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіне шығарылған мәселе бойынша қалалық ішкі...
Общественные фонды Тараза совместно с волонтерами провели благотворительную акцию, в ходе которой помогли накрыть стол для огромного количества человек. Жарким летом жизнь в городе успокаивается. Люди все реже бегут по делам, все чаще оказываясь на теплых пляжах...
Заместитель руководителя управления физической культуры и спорта акимата Жамбылской области Нуржан Жолдасбеков на встрече с представителями СМИ рассказал о... В региональной службе коммуникаций Жамбылской области состоялась встреча заместителя руководителя управления физической культуры и спорта акимата Жамбылской области Нуржана Жолдасбекова...
«Неудача Англии», «Волшебство Гризманна» и «Триумф Дешама» в обзоре матча за третье место и финала чемпионата мира по футболу... Все волнующее рано или поздно заканчивается, и большой спортивный праздник под названием «чемпионат мира по футболу» тоже подошел...
Департамент агентства по регулированию естественных монополий и защите конкуренции провел публичные слушания по новым ценам на природный газ. В областном центре на днях обсуждались планируемые цены на природный газ, на вопросы жителей и бизнесменов отвечали представители Жамбылского производственного...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
Июль 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00