рухани жангыру и пром революция каз

«ЖЕТІСТІК – ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ»

 

3 ЖЕТІСТІК   ТЫНЫМСЫЗ

 

– Тұлымшағы желбіреген Жаннаның, бала Жаннаның арманы қандай еді?


– Бала күнімде зерек, алғыр болып өстім. Ауылда жүрген ойын баласы үшін үйдегі көгілдір экраннан берілген концерттің өзі қандай десеңізші... Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова мен ресейлік София Ротару, Алла Пугачева секілді жұлдыздардың әндерін тыңдап, жаттап алатынмын. Жалпы өнер жолының кәсібіме айналуына сеп болған жан – анам Гүлсім. Есімде, бала күнімде кешқұрым анам қолшамның жарығымен қамыр жайып отырып «Қыз сыны» әнін үйрете бастады. Қасында отырған мен осы әнді қайталап, лезде жаттап алдым. Анам осылайша көп әндерді жаттатты. Жуалының Қарасазы – құшағын көп ұлтқа айқара ашқан ауыл. Дархан қазағымның даласындай мендегі бала көңіл де өте кең болса керек. Ауладағы түрлі ұлт өкілдерінің балаларының басын қосып, өзіміз концерт ұйымдастырып, жүргізуші де, әнші де өзім болып, оларға да ән айтқызып, мәре-сәре болысатын едік (күлді). Пушкин атындағы орта мектептің 1-ші сыныбында оқып жүргенімде, сынып жетекшім Сағида Сапарғалиева сергіту сәтінде ән салғызатын. Мектеп қабырғасында әнге деген әуестігімді аңғарған ұстаздарым аудандық, облыстық ән додаларына қатыстырып, демеу беріп жүретін. Қайда жүрсем де, әлбетте анам көйлегім мен ас-ауқатымды арқалап жанымнан табылатын. Жоғары сыныпта оқып жүргенімде сынып жетекшім Нағима Айтымбетова жүргізушілік қабілетімді дамытып, мектепішілік кештерде жүргізуші етіп қоятын. Сабақ үлгерімім өте жақсы болды. 11-ші сыныпты бітіргенше облыстық, республикалық сайыстарда талай жүлделерге қол жеткіздім.

 



– Отбасыңызда өнерге жақын жандар бар ма?


– Ата-анам жағынан өнерден құр алақан емес. Әкемнің анасы Әнтай әжем әнді өте жақсы орындайтын болған екен. Сол себепті халық арасында «Әнтай» атанған екен. Қырғыздың «Сағынам» дейтін әнін бала кезімде көп айтатын едім. Ол кісінің көзін көргендер болса, «сенің де әжең осы әнді көп айтушы еді» деп жатады. Сондай-ақ Балбике деген нағашы әжем қобыз аспабында керемет ойнайтын болыпты. Демек, қаннан дарыған өнер менің тұла бойымды да жарып шыққаны болар. Әкем де, анам да әрдайым өнерімді қолдап, ешқандай шектеу қойған жоқ.

 



– Ал өзіңізден өзге бауырларыңыздың өнерге деген көзқарасы қалай?


– Жанұямда өзімнен бес жас үлкен Эльмира есімді әпкем мен Сұлтан есімді інім бар. Әпкем мектеп қабырғасында ән салып, талай ән байқауларына қатысты. Мінезі салмақты әпкем өтпелі кезеңде әннен гөрі білімге басымдық беріп, өнерден жырақтады. Дегенмен әлі күнге дейін дауысы тың. Қазіргі таңда тұрмыс құрып, Алматы қаласында банк саласында қызмет етеді. Інім Сұлтанның мамандығының да өнерге қатысы жоқ. Бірақ ата-анадан дарыған таланттың інімнің бойынан табылғанына мен де қуанамын. Ол заманауи «рэп» стиліне сай әндерді орындап жүреді. Менімен бірге 2-3 әнді қосыла шырқайды.

 



– Бір сұхбатыңызда болашақта мемлекеттік қызметке баратыныңыз жайлы да айтып қалдыңыз... Өзіңізді өнерден басқа қандай салада көргіңіз келеді?


– Үлкен әпкем оқуын бітіріп, Алматыда қызмет етіп, өз бағын сол жерден тапты. Ал мен мектеп бітірер жылы Таразға қоныс аудардық. Сөйтіп, ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинау арқылы Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінің «Құқықтану және экономика негіздері» мамандығына грантқа түстім. Өзім таңдаған мамандықта оқи жүріп, өнер өлкесінен алыстаған жоқпын. Университетте жаңадан келген студенттер арасында «Алло, мы ищем таланты» деген байқау өтіп, мен Шәкәрім атамыздың «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты әнін айтып, қазылар құрамында болған Жандос Омаровтың көзіне түстім. Ол кезде Жандос ағай университеттің жастар ісі жөніндегі жетекшісі болатын. Сөйтіп, бұл әнді 2004 жылы Семей қаласында өткен Абай-Шәкәрім оқуларында орындап, бас жүлдені еншіледім. Міне, бағымды ашқан ән арқылы мені Жандос ағайым көптеген ән аламандарына баптады. Студент болып жүріп облыстық филармонияның жас таланттарды жұмысқа қабылдап жатқанын айтып, сонда апарды. Сол кезде өнер ұжымының басшысы Сейітқасым Түктібаев мырза мен көркемдік жетекшісі Әріпбай Мұсапанов ағаларымыз менің өнеріммен таныс екендігін айтып, бірден 0,5 бірлік штатпен әнші етіп жұмысқа қабылдады. Оқу бітірген соң, әншілікпен қосып жүргізушілік қызметті қатар ұсынды. Сонымен 2008 жылдан бері мен облыстық филармонияда қызмет еттім. 2013-2015 жылдары Бақтияр Тайлақбаев ағамыздың аттай қалауымен мемлекеттік «Гүлдер» ансамбліне шақыртылып, алып шаһар Алматыда да қызмет етіп қайттым. Артық білімнің адамға аздық етері жоқ. Университетті үздікке аяқтаған соң, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне жоғарыда аталған мамандық бойынша магистратураға түсіп, оны да жақсы тәмамдадым. Ал бұл мамандықта грант аз болатын. Сол кезде маған аталмыш оқу орнының ректоры Ерболат Саурықов мырзаның қолдауымен ректордың гранты берілді. Ол кісі өнерді құрметтейтін азамат. Одан соң Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Музыкалық білім» мамандығы бойынша білімімді жетілдірдім.

 



– Енді арманның ақиқатқа айналарына сенген боларсыз?


– Әр кездің өзінің ұстазы, жол сілтеушісі болады екен. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, осы күнге жеткенім әуелі Тәңірдің жарылқауы мен кішкентайымнан арманыма жетелеген анам мен мектеп, университет, өнер өлкесіндегі аға-әпкелерімнің қолдауы және тынымсыз еңбектің арқасы деп білемін. Кез келген нәрсеге өз еңбегіңмен жетсең, ертең соның игілігін өзің көресің. Ал оңай нәрсенің келуі де, кетуі де қиын. Сол себепті мен әр бітірген ісім үшін өзімнен есеп аламын. Әлбетте, армандар орындалады.

 



– Өнер өлкесіндегі 10 жыл ішінде өзіңіз де шәкірт тәрбиелеуге жарап қалдыңыз ғой. Шәкірт тәрбиелеу алдағы жоспарыңызда бар ма?


– Нақты қазір шәкірт тәрбиелеп жатқан жоқпын. Бірақ ол менің жуық арадағы жоспарымда бар дүние. Дегенмен өнердегі іні-сіңлілерім келіп кеңес сұрап жатса, ақылымды айтып, бағыт-бағдар беруге қашанда даярмын. Білгеніңді біреумен бөлісудің өзі жақсылық қой.

 



– Шығармашылыққа ойысайық. Нендей жаңалықтар бар?

 

– Репертуарымды қазақтың халық және қазақ композиторларының әндерімен толықтырдым. Әзірге бейнебаян түсіріп үлгермедім. Ол үшін көп уақыт пен үлкен еңбек қажет. Себебі кез келген дүниенің шынайы шығуы үшін осы аталған нәрселерді мықтап түю қажет. Қателеспесем, ән қоржынымдағы 30-ға жуық әннің сазын Жандос Омаров ағам жазды. Сондай-ақ оңтүстіктің тумасы Бекжан Төреқұловтың 3-4 әнін орындап жүрмін. Ал ақындардан сарысулық жас ақын Самат Тоқбанов пен Сыр елінің ақыны Ботакөз Бексарымен жақсы байланыстамын. Қазір де сахнаға шыққанда, жанымызға Бекжан, Руслан есімді кәсіби бишілерді алып шығып, әнімізді бимен көркемдейміз.

 



– Жалпы сіздің эстрада жанрына жақындығыңызды білеміз. Ал дәстүрлі әнді орындау ойда бар ма?


– Дәстүрлі ән өнері – қазақ өнерінің төресі. Алайда қолыма домбыра алып, төл өнерді дәріптеуді алдағы уақыттың еншісіне қалдырайын. Фортепианода аздап ойнай білемін. Негізгі бағытым – эстрадалық ән айту мен жүргізушілік қой.

 



– Жүргізушілік деп жатырмыз. Ал телевидение саласында өзіңізді осы қырыңыздан байқап көрдіңіз бе?


– Бұл кеңістікте адамға берілетін мүмкіндіктер мол. Соны өзі ретін тауып, бағалай білген жан үшін ғаламаты қандай?! Мен өзімді көп салада көргім келеді. Иә, ол телеэкран немесе кино. Адам өзін еш шектемеуі керек. Осы жүргізушілігімнің арқасында облыстық «Jambyl» телеарнасының «Жұбайлар жыры» бағдарламасын тізгіндеу бұйырды. Басқа да ұсыныстар түсіп жатса, өзімді сынап көруден қашпаймын.



– Қазір бір әулеттің ибалы келіні атанып отырсыз...


– Жаңа жылда отбасын құрғанымызға 1 жыл толды. Жұбайым Әскербек облыстық Қазақ ұлт аспаптары оркестрінде альт қобызы аспабында отырады. Бізді табыстырған қара шаңырақ қой. Ол кісі де өнер адамы болғандықтан, менің өнеріме үлкен қолдау білдіріп, түсіністік танытып отырады. Әскердің аспапта ойнауынан бөлек, жеке әншілік қабілеті де бар. Мен де жеке орындауда жүрген соң, біз бірге дуэт әндер де орындап жүрміз. Өнерден сәл қолымыз қалт етсе ата-ана, бауырларымыз бен туысқандарымызға жиі қатынап, жағдайларын сұрап тұрамыз. Бір-бірімізге әрдайым қолдау көрсетіп, жоспарларымызды ортаға салып, бірлесіп шешеміз.

 



– Жаңа жылда тыңдармандарыңызды қандай жаңалықпен қуантасыз?


– Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізді кемел келешекке бастар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы арқылы дамуға бағыттайтын басымдықтарды атап өтті. Соның ішінде мәдениет саласының, яки қазақ мәдениетінің тұралап қалмауы үшін ілкімді істерді қолға алу керектігін қадап айтты. Міне, осы бағдарлама аясында біз Сейдолла Бәйтерековтің «Екі жұлдыз» әнін жаңаша түрлендіріп, әрлеп шырқаудамыз. Сонымен қатар осы әннің өңдеуіне жұбайым альт қобызын қосып шығарды. Байқасаңыз, осы ән де орындалуы сиреп бара жатқан әндер сапында. Сол себепті бағдарлама арқылы біз көнерген, орындалу ауқымы тарылып бара жатқан әндерді заманауи стильге салып, сахнаға қайта алып шығуды негізгі жоспарға алып отырмыз. Сондай-ақ жергілікті жас ақын-сазгерлердің шығармаларын жарыққа шығарып, Әбен Шалқарбаев ағамыздың әндерін орындамақпыз.

 


– Әңгімеңізге рахмет!


Сұхбаттасқан
Толғанай БЕКЕТҚЫЗЫ

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Ақпараттар ағыны

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында іскер әйелдер қауымдастығының кезекті басқосуы өтті. Қауымдастықтың өңір бойынша төрайымы Гүлдара Алданышқызының басшылығымен өткен жиын Президенттің халыққа арнаған биылғы Жолдауын насихаттауға арналды. Алғашқы...
Нынешней осенью Тараз не испытывает дефицита одного из самых нужных фруктов. Одна из приятных новостей нынешней осени – высокий урожай яблок, отчего и на рынке их полно, и цены,...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
Жуырда ғана Кенен Әзірбаев есімін алған Жамбыл облыстық филармониясы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Жарты ғасырды алқымдаған өнер... «Тараз Арена» спорт кешенінің алаңында өткен спорттық бәсекеге «Жамбыл» арнасы мен асабалар құрамасы және мәдениет мекемелерінен барлығы 8 команда...
Горожане, задолжавшие за потребленные коммунальные услуги, встретят Новый год в холодных жилищах. Приближается – и весьма уже ощутимо – новый отопительный сезон. Увы, к встрече зимы не все горожане готовы...
Наш город постоянно растет, строятся новые жилые массивы и целые микрорайоны, а в свете реализации программ «Нурлы жер» и... Вопросом качества нового жилья заинтересовались в областном филиале партии «Нур Отан». Была созвана инициативная группа из числа представителей...
Октябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4

Сауалнама

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Там 2016 - 00:00