Актуальный выпуск газеты: № 62 (1454) 1 августа 2018 года Архив номеров

рухани жангыру и пром революция рус

Орамын тапқан ордалы іс

 

 

40 Орамын тапқан ордалы іс

 

Өйткені бұл Жеңіс миллиондаған солдаттар мен офицерлердің, жаужүрек партизандар мен моряктардың және «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деп көз ілмей, белін жазбай жұмыс жасаған тыл еңбеккерлерінің ерен батырлығы мен қажымас тірлігінің арқасында келген еді. Бірақ соғыстың оты шарпымаған, ауыры айналып өтпеген, азасын көтермеген бір де бір отбасы жоқ шығар. Сұм соғыс салған зобалаң мен ызғарлы ылаңнан бесіктен белі шықпаған бала жетім, жаңа түскен келін жесір, ұлын аялап өсірген ана жалғыз перзентінен айырылып, жүрегінде қайғының мәңгілік сызаты қалды. Осылайша соғыстың тауқыметін ел, зардабын халық көрді.

 

40 Орамын тапқан ордалы іс2

 

Артта қалған осыншама жылдар белесінде зеңбірек үні, мылтық даусы алыстағанмен, ұрыс даласында шейіт болған жауынгерлерге тағзым жасау дәстүрі бір сәтте бәсеңдеген емес. «Мәңгілік оттың» да алауы өшкен емес. Батыр жауынгерлердің ардақты есімдері көшелер мен ауылдарға, мектептер мен саябақтарға берілді. Ал солдаты басты кейіпкерге айналған жүздеген көркем фильмдер түсіріліп, мыңдаған повестер мен очерктер, романдар жазылды. Қаншама әндер шықты. Сондықтан да Ұлы Отан соғысының қаһарман батырлары Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров, Ізғұтты Айтықов, Ақәділ Суханбаев, Ыбырайым Сүлейменов пен шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен Мәншүк сынды дауылпаз батырлардың есімі ешқашан ұмыт болмады.

 

40 Орамын тапқан ордалы іс3

 

Жыл сайын төрт құбыласы түгел соғыс сойқанын көрген дүние 9 мамыр – Жеңіс күнін айрықша көңілмен, таза ниетпен, ақ сұңқар көңілмен қарсы алу дәстүрін берік орнықтырды.


Ал биылғы Жеңіс күні мерекесін барша облыс жұртшылығы үлкен рухани өрлеу үстінде қарсы алды десем артық айтқандық болмас. Өйткені көп жылдан бері аты даңқты командир, халқымыздың маңдайына біткен біртуар ұлы батыр Бауыржан Момышұлының атында болғанымен, заты атына сай болмай тұрған «Жеңіс» саябағы облыс басшысы Асқар Мырзахметовтің тікелей бастамасымен қайта жаңғырып отыр. Өлім мен өмір, қасірет пен қайғысы қатар жүрген Ұлы Отан соғысына қасиетті Әулиеата жерінен 120 мыңға жуық өрімдей жастар мен ат тізгінін ұстап мінер шақтағы ел азаматтары аттанған екен. Ең өкініштісі солардың әрбір төртіншісі ұрыс даласынан оралмай, туған жерінен топырақ бұйырмай боз денелері жырақтың жат жерінде қалып қойды.


Енді міне, арасы аса қысқа мерзім ішінде өңір басшысы ел басына қауіп төнген шақта Қызыл Армия қатарына қосылып, қолына мылтық алып, неміс-фашистеріне қарсы күреске шыққан солдаттардың басы араға жетпіс жылдан астам уақыт салып қайтадан туған топырағында «бас қосып» отыр. Облыс орталығындағы «Ерлік» мемориалдық кешенінің табалдырығын аттаған сәттен бастап жаужүрек жауынгерлерімізге деген тағзым сезімін билеген жұдырықтай жүректің қуанышында шек жоқ. Оның себебі алдыңызда бұрын қаламыздың әр түкпірінде орналасқан «Мәңгілік от» пен хас батыр Бауыржан Момышұлының тұғырлы ескерткіші қайта бой түзеп тұр. Одан әрі «Батырлар аллеясы» Жамбыл жерінен соғысқа аттанып, көзсіз батырлығымен көзге түскен, ерлігі үлгі, есімдері бүгінгі ұрпаққа өнеге болған Кеңес Одағының Батырлары мен «Даңқ» орденінің толық иегері кешен сәулетіне айрықша рең берген. Ең басты киелі Әулиеата топырағынан соғысқа аттанып, елге оралмаған және Жеңіс туын көкке көтеріп, ортамызға аман-есен келіп, ұрпақ сүю бақытына кенелген, еліне еңбегімен сыйлы болған ардагер-жауынгер жерлестеріміздің аттары мәрмәр тасқа қашалып жазылған. Алдағы уақытта тағзым кешенін әрі қарай өркендету жобасы да көңілге қонып отыр. Осындай игі бастама мен аяқталған жемісті істі қызметте ысылған, өмірде шыңдалған, тұтас ұлттың қамы үшін жүрген жерінде айшықты ізі қалатын облыс әкімі Асқар Мырзахметов Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласына сөзбен емес, ел айтып жүретін тиянақты іспен жауап қайтарып отыр. Ал қаламыздың қақ ортасындағы «Ерлік» мемориалдық кешені соғыс солдаттарына көрсетілген аса жоғары құрмет деген бағаға ие болып отырғаны шынайы шындық. Осылайша ежелгі Тараз қаласындағы тарихи-мәдени ескерткіштер қатары тағы бір елеулі нысанға артып отыр.


Сәні мен салтанаты келіскен осы мемориалдық кешенде қатары жыл санап азайып бара жатқан Жеңіс солдаттары мен өмірден озған жауынгерлердің бүгінгі ұрпақтары көздеріне еріксіз жас алып, әкелері мен аталарының есімдері жазылған тақтаға гүл шоқтарын қойып, бас иіп, тағзым етті. Қаншама жас жауынгерлер осы соғыстың зардабынан ұрпақсыз қалды десеңізші. Бірақ олардың артында елі мен жұрты, тамырлас ағайын-бауырлары қалды. Бұл да қамкөңілге медет.


Осы күні осындай иманы мен мейірімі, қуанышы мен сағынышы бір арнаға тоғысқан Жеңістің шуақты күні қарасы қалың жұрт игілікті іске бас болған облыс әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметовтің атына өлшеусіз алғыстар айтып, көңіл ризашылығын білдіріп жатты. Біткен істің бағасын білген, маңыздылығын терең түсінген халықтың қалпы айтпасы хақ. Айтса айтқандай, «аталы елдің ұрпағы баталы болады» деген екен ертедегі бір абыз қария. Міне, өңір келешегін, ұрпақ болашағын ойлаған баталы ұлға айналған өңір басшысының азаматтық адал қадамы – Жеңіс күніне арналған мерекенің шапағатына ұласып, әр отбасының ыстық әңгімесіне, ақ жарма тілегіне айналғаны ақиқат. Ал Ұлы Отан соғысында ерен ерлік көрсеткен әрбір жауынгердің рухы үшін жасалған бұл мемориалдық кешен ашылған күннен бері оның басынан адам іздері толастар емес. Шалғайдағы ауылдар мен алыс аудандардан арнайы келіп, орайы келген ордалы іске бас июде. Ұрпағымен қасиетті Әулиеата топырағында қайта қауышқан батыр бабалар мен ұрпақтар сабақтастығының жарасымды шарасы осылайша жібек жіптей жалғаса бергей. Өйткені бұл Жеңістің салмағы ауыр, бағасы биік. Ал бейбіт өмірге кепіл болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті жақындатқан жауынгерлерге тағзым ету бүгінгі Ұлы Дала ұрпағының парызы екенін әркез есте сақтай жүрейік.

Қаржаубай Бекболатов,
Тараз қаласының
Құрметті азаматы

 

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

частники международного автопробега для газомоторных автомашин во вторник достигли города Тараза. В этом самом протяженном круизе приняли участие представители таких всемирно известных энергетических компаний, как российский «Газпром», китайский «СNPC»...
В преддверии празднования Дня города редакция газеты «Жамбыл-Тараз» при поддержке акимата города Тараза объявляет конкурсы. Прими участие и прославь... 1. В состязании юных художников «Мой сакральный Тараз» смогут принять участие дети, владеющие красками и кисточками. Им предстоит изобразить...
Все родители желают своим детям только лучшего, физическая подготовка и хорошее здоровье являются неотъемлемой частью такого счастья. Но занятия... Все на самом деле довольно-таки просто. На сегодняшний день по всей республике действует множество программ, поддерживающих спорт и...
Небывалым провалом завершились летние Азиатские игры для казахстанских спортсменов. Выступление 2018 года стало худшим за всю историю участия наших... Провалы начались еще до начала непосредственно соревнований. Одно из важнейших спортивных событий не транслировалось на казахстанских телеканалах. Ни...
Тараз готов к зиме – утверждают коммунальные службы. Прошлая зима деликатно напомнила всем нам, что полагаться на теорию глобального потепления пока рановато. Температуры января-февраля побили все...
Департамент Комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан по Жамбылской области... Как сообщил на встрече с работниками СМИ директор филиала Сакен Исмайлов, ситуация с обеспечением региона голубым топливом следующая.
Сентябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00