Актуальный выпуск газеты: № 62 (1454) 1 августа 2018 года Архив номеров

рухани жангыру и пром революция рус

Күләш АХМЕТОВА, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты: «ҚАЙЫРЛЫ ҚОНЫС, ҚҰТТЫ ОРДА»

 

 

55 Қайырлы қоныс құтты орда

 

– Күләш апа, сіз Алматыда оқыдыңыз. Алматыда тұрдыңыз. Бірақ елордамыз Арқаға көшкеннен қуанып, Астанаға ақ тілекпен өлең арнап, батаңызды бердіңіз. Астананың сіздің өміріңіздегі орны қандай?

– Иә, біздің жастық шағымыз Алматыда өтті. Ата-бабамыз «Жер жәннаты – Жетісу» деп атап кеткен мекенге оқу іздеп келгенде, асқақ та айбарлы Алатауды көріп, қайта-қайта қарай бергенбіз. Алматы жасыл желекке малынып тұр екен. Ағаштардан үзіліп түскен қып-қызыл апорт алмалары арықтарда ағып бара жатады. Лезде жауып өткен жаңбырдан кейін ашылған аспан шексіз мейірімін төгіп, дүние жаңа ғана жаратылғандай жарқырап, ғаламат көркем суретке айналады.
Халқымыз ғасырлар бойы көксеген тәуелсіздігін алып, ел мерейі тасып тұрған жылдарда астана ауыстырылады деген әңгімені естігенде, екіұдай сезімде болғанымыз рас. Таулы, нулы, алмалы жерұйықтан, небір тарихи тұлғалардың ізі қалған, ұмытылмас дәуірлердің куәсі болған әсем Алматыдан Ақмолаға көшу қалай болар екен деген сұрақтарға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бекем байламы бұлтартпас жауап болған еді. Сөйтіп, көштің алды сайын Сарыарқаға жылжыды. Астананың орны бүкіл қазақ үшін аса маңызды.

– Бір өлеңіңізде: «Астана бол, аман бол,
Ақылман бол, амал бол.
Тайсалатын тәмам қол,
Тәуелсіздігіме қамал бол!»
деп жазыпсыз.Астана, қалай ойлайсыз, тәуелсіздігімізге қамал бола алды ма?

– 1998 жылдың маусымында «Егемен Қазақстанның» қызметкері, белгілі журналист Жұмагүл Солтиева телефонмен байланысып, Астана тақырыбына жариялаған мүшәйраға қатысуыма өтініш білдірді. Көңілдегі қимастықты жеңіп, маңызы зор тарихи оқиғаның қажеттілігін түсінген тұс еді. Ақын болғанда, ақтілеулі ана емеспін бе, «Тұсаукесер» деген өлеңімді жүрегіммен жаздым. «Егемен Қазақстанның» бір бетіне түгел қазақ ақындарының өлеңдері 5 маусымда жарық көрді. Газет редакторы Уалихан Қалижан да хабарласып, Астананың ауысуына байланысты жақсы пікірлерімен бөлісті. Ол кезең бәріміз үшін де үміт пен тәуекел кезеңі еді.
Астананың ел тәуелсіздігіне қамал болуына, Қазақстанның мемлекет ретінде төрткүл дүниеге танылуына, әлем қалалары жауһарларының қатарында тұруына Елбасы Н.Назарбаев еңбегін де, ақылын да, ғұмырын да аямай жұмсап келеді.
Әділін айту керек, жаңа Астананың салынуы қалың қауымнан, ел ағаларынан, ұлт зиялыларынан қызу қолдау тапты. Қаламгерлер жаңа шығармалар жазып, сазгерлер тамаша әндерін арнады. Елорда шежіресі ән-жырмен баяндалды. Бұл саладағы журналистердің телегей-теңіз үлестерін атап айту абзал.

– «Қара өлеңім жететін,
Қайда барсын ол да ұзап?
Жалғыз – менің мемлекетім,
Жан далам да жалғыз-ақ.
Өс, Астана, өркенде,
Көзіңде – байтақ жерұйық.
Бүгін де және ертең де,
Ел мүддесінен не биік?!».
Сіз ақынсыз ғой. Кейде жұрт көрмегенді көріп, жұрт сезбегенді сезесіз. Астананы Арқаға ауыстырғаннан қазақ қандай бақыт тапты? Не ұтты деп ойлайсыз?

– Астананың Арқаға ауысуы, дамудың қай қырынан алып қарасақ та, өзін-өзі ақтаған тарихи ірі оқиға. Еуразия жүрегінде, елдің ортасында, Есілдің жағасында тұрған шаһар, шапса тұлпардың тұяғы, ұшса қыранның қанаты талатын Ұлы Даланы жайлаған халқымыз үшін де, елордамыз үшін де қайырлы қоныс болды.
Айтылып жүрген көп қисындарға, геосаяси, экономикалық, экологиялық, демографиялық жағдайларға, бір сөзбен айтқанда, ұлттық мүддемізге толық сай келді деп айта аламыз.
Біз қазір Тараз қаласының тұрғынымыз. Ара-тұра Алматыға жаңарған жақсы жолмен барып тұрамыз. Сонда Қаскелеңнің тұсынан өте бере көліктердің кептелісі басталады. «Алтын Ордадан» әрі қарай көк түтін ауаны жұтып отырамыз. Алматы аспаны бұлыңғыр болып көрінеді. Қала ішіне кіргенде баратын жеріңе жету қиын. Сонда ойлаймын, «осы қазір Астанада тұрып жатқан халық пен нөпір көлікті әкеліп, осы мегаполиске қосса, не болар еді?» деп. Бұл қалаға жан-жақтан құйылған халық ол жақтағы қазақтың санын көбейтіп, тіліміз бен дінімізді сақтап, салт-дәстүрімізді жаңғыртып жатыр. Бұл да бір ұтқан жеріміз шығар.

– Сіз Астанаға Жамбыл облысының делегациясы құрамында келіп, екеуміз алғаш рет сұхбат құрғанда «Астананың аспаны кең екен» деген едіңіз. Еліміздің біраз жерін аралап, біраз жерін жырға қосқан ақынсыз ғой. Астана табиғатының тағы қандай ерекшелігін байқадыңыз?

– Иә, сол жолы Астананың бейнесін жақсылап көруіміздің сәті түскен. Түскі асқа қызылордалық достарымыз Болат пен Зейнеш шақырған еді. Елордамыз туралы екеуінің айтқан әңгімелері әсерлі болғаны соншалық, аз ғана уақытымызда қаланы араламай, дастарқан басында отырғанымызға ұялдық. Зейнештің шайына қанып алған соң, қалаға шықтық. Есілді көрдік, ескерткіштерді түгендедік, әсем субұрқақтарды қызықтадық, мешітке де соқтық. Әрқайсысының өз аты бар ғимараттарды тамашаладық. Бір биіктеу жерде, аспанға қарағанымда, жүрегімді керемет қуаныш кернеді. Заңғар биік көгілдір әлем шексіз құдіретімен, таусылмас таза нұрымен көз жетпес көкжиекке дейін көмкеріліп тұр екен. Алматыда аспан бұлай көрінбейтін. «Астананың аспаны кең екен» деп сол жолы айтқан едім. Болат досымыз «енді сендерді қаланың сыртына алып шығайын, Елбасымыз айналаға орман еккізіп жатыр» деп, әуежайдың жолымен тартып отырып, талай әңгімені айтқан. Олар Астанаға ғашық екен. Ақшам түсіп, самаладай оттар жанғанда, мен: «Болат, Зейнеш, суғаруларыңа көндік, «Субаруларыңа» міндік, сұлу қаланы көрдік, енді мейманханамызға жеткізіп тастаңдар», - дедім қуанышым басылмай.
Кеше елімізде алғаш рет өткен Ұлттық домбыра күнінің Астанада қалай атап өтілгенін ақпарат құралдарынан көрдім. Екі мың адамды бір алаңға жинап күй тартқызу, оны сонша халықтың тамашалауы қандай ғажап! Басқа жерде болса, осындай үлкен шара ұйымдастыра алар ма едік? Бұған да Сарыарқаның кеңдігі мүмкіндік беріп отырған жоқ па? Қазақтың пейіліндей Арқаның жазық даласында бой түзеген Астананың кеңдігін де атап айтқым келеді.

– Астанаға жиі келіп тұрасыз ба?

– Иә, барып тұратынбыз. Ең әуелі Елбасының шақыруымен 8 наурыз мерекесіне орай барғанмын. Алматыдан Бибігүл Төлегенова апамыз бастаған өнерлі ханымдар қатысқан кешкі банкетте Елбасының қолына домбыра алып, халық әнін әуелете салғанын көрдім. Одан кейін екі рет Елбасын ұлықтау рәсіміне қатыстым. 2006 жылы Мемлекеттік сыйлықты алып қайттым. Астананың 10 жылдығында жабық жыр мүшәйрасына қатысып, бас бәйгені иелендім. Біраз үлкен жиындарда да болуымыздың сәті түскен. Бірақ қазір Астанада тұратын үй болмағандықтан ат ізін сиреттік.

– Осыдан екі жыл бұрын «Орман» атты кітап шығардыңыз. Сіздің стихияңыз ағаш екенін жақсы білемін ғой. Бертінде Астананың айналасына қалың орман өсіріліп жатқанын естігенде де қатты қуанғаныңыз есімде. Өзіңіз сол орманды барып көрдіңіз бе?

– Нәзира, өзің мен туралы кітап жазған жазушысың. Менің бүкіл өмірбаяным, таным-талғамым саған таныс. Жас кезімде өлеңді түнде айдың жарығында, күндіз ағаштың саясында, Таластың жағасында жазатын едім. Мен кең даламның табиғатын жақсы көрдім. Жиі кездесетін ағашы жыңғыл мен шеңгел болып келетін құмды ауылда өстім. Сол Үшаралдан қазіргі Таразға келгенімде, шынары мен талына, қайыңы мен қара ағашына тоймай қарап тұратынмын. Жастау кезімдегі бір өлеңімде:
Жасыл бұта жая алмай жапырағын,
Сусыз дала жасырып жатыр әрін.
Суретші емес, бәріңді
Орманшы боп
Сұлулықты сақтауға шақырамын, – деп жазғаным сондықтан болар. Қазақстанның қай жеріне барсам да, қайталанбас сұлу табиғатын жырлап қайттым. Орман деген – жер бетіндегі тіршіліктің ең ғажайыбы ғой. Елбасымыздың айтуымен Астананың төңірегінде орасан зор ауқымда орман, тоғай егілгені елордамыздың көркеюіне һәм Ұлы жаратылыстың әлемдік салтанатына қосылған үлес деп ойлаймын. «Орман» атты кітабымды Астана күніне арнадым. Өйткені Сарыарқаның сағымды сары даласын абаттандыру идеясы мені әуелден қатты тебіренткен. Нәзира, осы орайда өзімнің орындай алмаған бір арманымды айтқым келеді. Қолыма фотоаппарат алып, Қайырбекке еріп, Қазақстанның тауларының етегіндегі, өзен-көлдерінің бойындағы, жазира даласының бетіндегі сыңсыған сұлу ағаштар мен құлпырған гүлдердің ең әсем, ең сирек кездесетін түрлерін өзім түсіріп, альбом-кітап шығарсам ба деп едім.

– Елордамыздың 20 жылдығына қандай тілек айтасыз?

– Бұл жерді жарылқаған Хақтың да өзі.
Есімде табиғаттың пәк бір кезі.
Ақорда, көк күмбезді байтағыма
Жалғанда түспесе екен жаттың көзі.
Астананың 20 жылдығымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Даламыз тыныш, қалаларымыз бейбіт болып, армандар жүзеге аса берсін!
Қазаққа Алла пана болсын!

Әңгімелескен Нәзира БАЙЫРБЕК

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

На днях Премьер-Министр РК Бакытжан Сагинтаев совершил рабочую поездку в Жамбылскую область в целях ознакомления с ходом реализации в... Высокого гостя встретили аким области Аскар Мырзахметов, заместители акима области, руководители управлений. В ходе общения главное внимание привлекли...
Белые хлопья раннего ноябрьского снега тихо опускаются на темные одежды, волосы и головные уборы людей, собравшихся у памятника Газизу... На митинг, посвященный памяти Халық қаһармаңы Газизу Байтасову, пришли его родные и близкие, вдова Гульжамал Тажиева, сослуживцы, коллеги героически...
В спорткомплексе «Тараз - Арена» в минувшие выходные проходил открытый чемпионат Тараза по художественной гимнастике. На соревнования, посвященные Дню... Открытый формат состязаний позволил собрать 24 команды, состоящие из 489 юных граций в возрасте от 5 до 15...
Шағын футболдан Қызылорда қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы бәсекеде «Taraz press» жерлестер құрамасы жүлделі екінші орынды қанжығалады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткен турнирде еліміздің бірқатар өңірінен келген журналистер облыс әкімі тағайындаған жүлдені сарапқа салды.
В Таразе жители многоэтажек устанавливают в квартирах самодельные газовые водонагреватели. Каждое лето городские власти просят и умоляют жителей многоквартирных домов уделить хоть какое-то внимание подготовке к отопительному сезону,...
В Таразе прошли публичные слушания по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ коммунальных служб. Провел данную встречу Ерболат Дуйсенбиев, руководитель департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики...
Ноябрь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00