Актуальный выпуск газеты:  № 49 (1441) 15 июня 2018 года  Архив номеров
ПОДПИСКА НА САЙТ 2018 рус

Жаза басқандарға да жұмыс бар

 

 

Бүгінде түзеу мекемелерінде жазасын өтеп шыққандардың қоғамға бейімделіп кетуі оңай емес екендігі белгілі. Ал олардың қоғамға бейімдеудің бірден-бір жолы тұрақты жұмысқа орналастыру. Сондықтан сотталғандардың жазадан кейінгі өмірі жұмыспен қамту орталықтарының басты назарында. Осы мақсатта ЖД-157/1 түзеу мекемесінен жазасын өтеп шыққан Азамат Шуақбаевқа пробация қызметі және қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары кеңес берді. Ол өткен жылдың қаңтар айында есірткі саудасына қатысты Шу аудандық сотының үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылған екен. Аталған мекемеде бір жылдан аса жазасын өтеген ол №2 қалалық сотына жазасын жеңілдету бойынша арыз жазып қалдырған. Оның арызы толықтай қанағаттандырылып, жазасының жартысын пробациялық қызметте жалғастырмақ. Яғни, сотталушының 2 жыл 7 айы оның тұрғылықты жері Екібастұз қалалық пробациялық қызметінің бақылауында болады. Азамат Шуақбаевқа сала мамандары тұрғылықты жеріне барғаннан кейін міндетті түрде пробациялық қызметке тіркеуге міндетті түрде тұру қажеттігін жеткізді. Осы арқылы жазасы жеңілдетілген сотталушы әлеуметтік-құқықтық, медициналық, психологиялық көмектер ала алады екен. Ал қалалық жұмыспен қамту бөлімінің маманы ҚР Президентінің Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 33 қадамында «Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау» деп атап көрсетілгендігін алға тартып, жұмыспен қамту орталығына қайырылу қажеттігін атап өтті. Сотталушы өзінің тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту орталығына барып өз мамандығы бойынша тұрақты жұмыс табуға мүмкіндігі мол екен. Егер мамандығы жоқ болса, оқып алуына да жағдай жасалған. Яғни, 3 айлық қысқа мерзімдік оқу оқи алады. Ол үшін мемлекет тарапынан стипендия да қарастырылған. Мамандардың кеңесін алған Азамат Шуақбаев ЖД-157/1 түзеу мекемесінің басшылары мен қызметкерлеріне алғысын айтып, мамандардың кеңесі бойынша жұмыс табатындығын жеткізді.


Жалпы аталған түзеу мекемесіне тергеліп жатқандар ғана тоғытылады екен. Тергеу ісі аяқталып, соттың шешімі шыққаннан кейін өзге мекемелерге жөнелтіледі. Дегенмен сотталғандардың арасында өздері сұранып, сондағы шаруашылық қызметті атқару үшін қалуға мүмкіндігі де бар. Оған бірінші рет сотталғандар мен жеңіл және орта дәрежеде жазаланғандар ие бола алады. Бүгінде осындай 26 сотталушы жазасында өтеуде.

 

Шынболат  СЕЙДУАЛИЕВ

 

 

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Последние новости

В Таразе прошло заседание регионального совета предпринимателей с участием акима города. Предприниматели областного центра собрались в зале заседаний Дома дружбы. Открыл встречу генеральный директор ТОО «Казфосфат» Мукаш Искандиров. Целью...
В очередной раз жамбылская школьная команда, неоднократно побеждавшая на республиканских предметных олимпиадах и конкурсах научных проектов, признана сильнейшей в... Лучших по итогам минувшего года школьников, проявивших себя в учебе и в различных искусствах, пригласил на встречу аким...
В Таразе состоялся четвертый этап чемпионата Казахстана по трофи-рейдам. Автомобили, допущенные к соревнованиям, были разделены по классам: свободный, TR1, TR2 и TR3. Не углубляясь в подробности, их...
Будет сыграно 64 матча, из них 48 – в групповом этапе, 16 – в плей-офф. С красочной, но короткой церемонии официального открытия стартовал XXI чемпионат мира по футболу FIFA. Запоминающееся, увлекательное и лаконичное...
В Таразе из более 2500 пожарных гидрантов, установленных на водопроводных сетях, 381 остается неисправным. В последнее время Казахстан захлестнула волна проверок противопожарного состояния крупных торговых объектов. Причиной такой активности ЧС-служб стала трагедия...
АО «КазТрансГаз» провело первый этап конкурса «Yздiк маман-2018». В группе компаний АО «КазТранс Газ» дан старт традиционному конкурсу профессионального мастерства рабочих «Лучший по профессии». В этом...
Июнь 2018
Mo Tu We Th Fr Sa Su
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1

Опрос

Каким вы находите cостояние дорог именно в вашем районе, квартале, на вашей улице? Заметили ли вы изменения в решении этой проблемы?

Состояние вполне хорошее. Заметны положительные изменения. - 15%
Состояние дорожного покрытия не удовлетворяет. Ремонтируют лишь центральные улицы. - 30%
Дороги оставляют желать лучшего. Кардинальных изменений не вижу. - 23.8%
Все, что покрыли сегодня, завтра опять потребует ремонта. - 31.3%

Total votes: 80
The voting for this poll has ended on: 30 Авг 2016 - 00:00